Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020 г.
Документ на казахском языке
Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11764 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»;
2) көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру»;
3) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»;
4) көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу»;
5) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
6) көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау»;
7) көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы өлшемдердің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін тіркеу»;
8) көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Шет елдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат»;
9) көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б.Қанешев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 шілде
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
6-қосымша
Осы Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығымен сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 6 (алты) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Портал арқылы алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті сақталады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат) не сарапшы-аудитор ретінде аттестаттаудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) сәйкестікті растау жөніндегі аттестатты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің мынадай саны:
өнімдер мен қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
персонал бойынша-тиісті бағыттар бойынша кемінде үш есеп немесе кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
мәлімделген аттестаттау бағытында бұрын аттестатталған адамдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудың мәлімделген бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады;
2) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестатты алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
Комментарий успешно добавлен