Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/374 бұйрығымен бекітілген
8-қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс агенттігі (әрі қарай-орталық) құқықтық шаруашылық жүргізуге «Халыққа қызмет күрсету орталығына»;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңселері;
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураны (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған Стандарттың 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – өтініш) құжаттар тізімін ұсыну негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) аумақтық инспекция кеңселерінің қызметшісі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі - 30 минуттан артық емес;
2) аумақтық инспекция басшылығының жауапты орындаушыны таңдау - 2 сағаттан артық емес;
3) орындаушымен өтініште ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағына көрсетілген тізіміне сәйкестігін қарау;
4) сұраныстың қаралу мерзімі құжаттар тапсырған сәттен бастап орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импортқа, экспортқа – 10 (он) жұмыс күнінен артық емес, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасуға – 30 (отыз) жұмыс күніне дейін және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін орны ауыстырылатын транзиттік объектілерге - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
ветеринариялық-санитариялық қорытынды нәтижелерінің негізінде аумақтық инспекция басшысы уәкілетті органның ведомствосына белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге өтінім немесе жазбаша түрде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге дәлелді бас тарту шығаруды жолдайды;
өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін енгізеді;
көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарап болғаннан кейін келесідей шешім шығарады:
көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның бар болуы шартымен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсатты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемін және жүру маршрутын, сондай-ақ, орны ауыстырылатын (тасымалданатын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және ведомство берген өндірістік объектінің есептік нөмірін, жеке тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекен-жайын көрсете отырып, телетайпограмма түрінде) береді;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге жазбаша түрде дәлелді бас тарту шешімін беру.
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері – 30 (отыз) минуттан артық емес.
1. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) аумақтық инспекция басшысының резолюция қолдануы;
3) ұсынылған құжаттың толықтығын және нақтылығы;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды, рұқсат беруге ведомстваға сұраныс, сұранысқа талдау және шешім жобасын дайындау;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) аумақтық инспекцияның кеңсе қызметшісі;
2) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін аумақтық инспекцияның жауапты орындаушы;
3) ведомстваға рұқсат беруге сұраныс жіберетін аумақтық инспекция басшысы;
4) қарайтын және шешім жобасын әзірлейтін мекеменің жауапты орындаушы;
3. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіп, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін портал арқылы не қағаз тасығышта және аумақтық инспекция басшысы арқылы берген аумақтық инспекция кеңселерінің қызметшісі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу 15 минуттың ішінде тіркеу;
2) аумақтық инспекция басшысы жауапты орындаушыны 2 сағаттан артық емес анықтайды және орындауға жібереді;
3) өтініш түскен күні жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру;
4) сұраныстың қаралу мерзімі құжаттар тапсырған сәттен бастап орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импортқа, экспортқа –10 (он) жұмыс күнінен артық емес, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасуға – 30 (отыз) жұмыс күніне дейін және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін орны ауыстырылатын транзиттік объектілерге - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
ветеринариялық-санитариялық қорытынды нәтижелерінің негізінде аумақтық инспекция басшысы уәкілетті органның ведомствосына белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге өтінім жолдайды;
жауапты орындаушы өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін енгізеді;
көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарап болғаннан кейін келесідей шешім шығарады:
көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның бар болуы шартымен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсатты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемін және жүру маршрутын, сондай-ақ, орны ауыстырылатын (тасымалданатын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және ведомство берген өндірістік объектінің есептік нөмірін, жеке тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекен-жайын көрсете отырып, телетайпограмма түрінде) береді;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге жазбаша түрде себептері көрсетілген дәлелді бас тарту шешімін беру.
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері - 30(отыз) минуттан артық емес.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» осы «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасында келісілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде орталықпен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін береді.
Орталықтың кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген:
1) 1-үрдіс – Орталықтың ақпараттық жүйесіне Орталық операторының мемлекеттік қызмет көрсету үшін логин мен құпия сөз (авторлану үрдісі) енгізуі;
2) 2-үрдіс – Орталық операторының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және Орталық операторының көрсетілетін қызметті алушы деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша деректерді енгізуі (нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхатты өзгеше куәландырған сенімхат деректері толтырылмайды);
3) 3-үрдіс – ЭҮТШ арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректері туралы сұраным жолдау;
4) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар-жоғын тексеру;
5) 4-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5-үрдіс – Орталық операторының сұранымды қағаз нысанында құжаттардың бар-жоғы туралы белгілеу және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізу, оларды сұраным нысанына бекіту және мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранымның толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру бөлігінде толтыруы;
7) 6-үрдіс - ЭҮТШ арқылы Орталық операторы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранымын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға жіберу;
8) 7-үрдіс – сұранымды МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеу;
9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруі;
10) 8-үрдіс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-үрдіс –МДБ АЖ қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету (электрондық лицензия) нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырады.
6. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдері (іс-қимылдары) кезектілігінің сипаттамасы:
Портал арқылы қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары мен шешімдері осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль порталмен тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
7) шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру.
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірынғай автоматтандырылған жүйесі «e-Agriculture» (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталына түскен өтінішті қайта өңдейді;
11) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті шешімін (рұқсат) алу, электронды құжат қызмет көрсетушінің қалыптасқан порталға уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.
Қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары мен шешімдері осы Регламенттiң 4-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ББАЖ АЖ логині мен паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орындаушысы туралы деректердің дұрыстығын логин мен пароль арқылы ББАЖ АЖ -да тексеру;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты ББАЖ АЖ -да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрату нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Жеке тұлғалар» (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) немесе «Заңды тұлғалар» (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) мемлекеттік деректер қорына «электрондық үкімет» шлюзі арқылы сұратуды жолдау;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ / ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – өтініш нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды өтініш нысанына тіркеуі;
9) 7-үдеріс – сұратуды ББАЖ АЖ -да тіркеу және өңдеу;
10) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – ББАЖ АЖ -да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратқан қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Тиiстi аумақтағы
эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына,
импортына және транзитiне
рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Тиiстi аумақтағы
эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына,
импортына және транзитiне
рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2 қосымша
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті «Тиiстi аумақтағы
эпизоотиялық жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына,
импортына және транзитiне
рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
3 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды
бағалауды ескере отырып, орны
ауыстырылатын
(тасымалданатын)
объектiлердiң экспортына,
импортына және транзитiне
рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне
4 қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы