Bestprofi Logo

Бұйрық № 521 от 2015-04-28г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020 г.

Документ на казахском языке

Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11606 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес  

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 жылғы № 80 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 17.05.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

1-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты.

1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Е.Досаев _______________2015 жылы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 6-қосымша

1-тармақ 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

заңды тұлға жарғысының заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (болған кезде) куәландырылған көшірмесі;

қайта өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық моделі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 244-бабына мазмұны бойынша сәйкес келетін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасы.

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

заңды тұлға жарғысының заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (болған кезде) куәландырылған электрондық көшірмесі;

қайта өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық моделінің электрондық көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;

Кодекстің 244-бабына мазмұны бойынша сәйкес келетін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

портал арқылы - өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны тураы мәртебе көрсетіледі.

10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Кодекстің 242, 243 және 244-баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-бөлім. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефондары: 8(7172) 98-34-02, 98-34-66.

Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмері және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» бөлімінде орналасқан.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қыметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға құқылы.

«Пайдалы қатты қазбаларды қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет

1.

Заңды тұлғаның атауы


 

2.

Заңды тұлғаның тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негізі)


 

3.

Орналасқан жері:

заңды мекенжайы нақты орналасқан жері


 

4.

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi


 

5.

Заңды тұлғаның басшысы

_________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты ()

_________________________________

(телефон, факс, электрондық пошта)

6.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларды бақылайтын тұлғалар мен ұйымдар туралы мәліметтер


 

2. Пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі-ПҚҚ) қайта өңдеу жобасы туралы мәлімет

7.

ПҚҚ қайта өңдеу жобасын сипаттау (пайдалы қазбаның болжалды шикізат көзі), шикізат түрі (пайдалы қазбаның), кен орнының атауы, орналасқан орны, үлес салмағы )


 

8.

ПҚҚ қайта өңдеу жобасын іске асыру орны


 

9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптың деңгейінде)


 

10.

Қосылған құнға салықтың есебінсіз заңды тұлғаның белгіленген активіндегі инвестициялар көлемі (алдағы кезеңде пайдалануға белгіленген активтің енгізілетін күніне дейінгі, бірақ ПҚҚ қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі өтінімді беруден 24 ай бұрын және (немесе) қолдануға берілгенге дейінгі алдағы кезеңдердің шығындары ескеріледі)

_________________________(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, бар:

1) меншік қаражаттары

2) қарыз қаражаттары

3) бюджеттік қаражаттар

1) ______________________________

(аудиторлық қорытындымен бірге соңғы есептік кезеңнің қаржылық есептілігі немесе соңғы алты ай ішіндегі ақшаның айналымы және қалғаны туралы үзінді немесе меншікті қаражаттың болуын растайтын құжаттың басқа да түрлері)

2) _______________________________

(қарыз шартының не банк қарызының көшірмесі немесе жобаны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттардың басқа да түрлері)

3) _______________________________

(бюджеттен қаржыландыруды растайтын шарт көшірмесі немесе бюджет қаражатынан қаржыландыруды растайтын құжаттардың басқа да түрлері)

3. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы мәлімет

12.

1) лицензияны берген нөмірі мен күні (келісімшарт)

2) лицензияның қолданылу мерзімі (келісімшарт)

3) жер қойнауын пайдалану құқығының түрі


 

4. Инвестициялық преференциялар жобасын іске асыру үшін талап етілетіндер

13.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялардың түрлері


 

14.

Талап етілетін инвестициялық преференциялардың мерзімі мен көлемі


 

Өтініш беруші: ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты ())

«Пайдалы қатты қазбаларды қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын құру бойынша талаптар

1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері;

Заңды тұлғаның басшысын (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты ());

Заңды және нақты мекенжайын, телефонын, факсын, электрондық почтасын;

қайта өндеу жобасын іске асыру орнын (облыс, аудан);

болжалды қайта өңдеу жобасының сипаттамасын (қолданыстағы жаңа өндірістерді құру, кеңейту және жаңарту);

құрылатын жұмыс орындарының санын (уақытша және тұрақты);

1) сатып алынатын пайдаланылатын және белгіленген активтерді көрсете отырып, қайта өңдеу жобасының технологиясын, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізаттарды және материалдарды сипаттауды;

2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды;

3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауын;

4) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесін қамтиды.

1) шикізат, материалдар және жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтерді:

Пайдаланатын шикізат пен материалдардың түрлерінің тізбесін;

Қазақстан Республикасы аумақтарында және Еуразиялық елдердің экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдардың (отандық және импорттық) нарығын талдауды (аталған шикізат пен материалдарды импорттау кезінде толтырылады);

пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдыққа арнап шығарылатын, дайын өнімнің бірліктерін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдардың шығыстардың орташаландырылған нормаларын;

қажетті технологиялық жабдықтардың тізімін;

пайдалынылатын технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және жаңалығы (жабдықтың шыққан күні мен моделі);

инвестициялық артықшылықты ұсынуға өтініш берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып технологиялық жабдықтарды және шикізатты жеткізушілер;

көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу жұмыстарын есепке ала отырып технологиялық жабдықтардың құнын;

2) маркетингті: өнімді өткізу – қандай өңірлерде, қандай тұтынушыларға, қандай шетел елдерге жеткізу болжанады, нарықта ұқсас, бірін бірі алмастыратын немесе бірін бірі толықтыратын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, болашақта олардың өндірісінің өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдарда импорттың динамикасы және/ немесе тауарлардың экспортын, көлем мен бағасы, негізгі бәсекелестерін көрсетуді қамтиды.

5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері мыналарды:

1) қайта өндеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтерді: жобаны жасаушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі салаларындағы көрсететін қызметті орындаушы (іздеу және жобалық қызметті, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) жабдықтарды жеткізушіні, шикізат пен материалдарды жеткізушілерді, делдалдарды;

2) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек ресурстардағы (саны) жобаның қажеттілігін;

3) осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың саны шетелдік жұмыс күштерін тарту туралы мәліметтерді;

4) шетелдік жұмыс күштерін тартатын функционалдық міндеттемелерді таратуды;

5) осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмыскерлердің қажеттілігін;

6) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік нәтижені;

7) шетелдік жұмыс күштерін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын;

8) зиянды әсерді азайту бойынша жобаны қоршаған ортаның жағдайына және іс шаралар жоспарына әсерін тигізуді;

9) жобаның технологиясының халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсерін тигізу бойынша нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

1) инвестицияларды бағалауды: толық инвестициялық шығындарды (инвестицияда негізгі және айналым капиталы);

2) инвестициялық жобаны іске асыру құнын, қаржыландыру көздерін:

қарыздық қаражаттарды (несиелер немесе шаруашылық субъектілерге тартылған қаражаттар) және\ немесе грантты;

тиісті инвестициялық артықшылықты есебінен және инвестициялық артықшылықтың есебінсіз үлгінің есебін кіргізетін жобаның қаржылық үлгісін;

жобаның тіршілік кезеңі үшін таза дисконтталған кірісті;

жобаның тіршілік кезеңі үшін ішкі кіріс нормасын;

жобаның өтелімділік мерзімін (жеңіл және дисконтталған);

осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты жою және кіріс есебін қамтиды.

Ескертпе: Қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын тігу және нөмірлеу, бірінші басшысының қолымен растау және заңды тұлғаның мөрімен () растау қажет.

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 1-қосымша

Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдердің салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні


 

ұсынылатын үлгі

ұқсастықтар

1.


 


 

2.


 


 

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 2-қосымша

Жұмыстың атауы

Күнтізбелік жыл

Қорытынды


 

1 жартыжылдық

2 жартыжылдық


 

Тіркелген активтерге инвестициялар (мың теңге)

1.


 


 


 

2.


 


 


 

3.


 


 


 

Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың теңге)

1.


 


 


 

2.


 


 


 

3.


 


 


 

Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны


 


 


 

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 3-қосымша

Жобаның еңбек ресурсындағы қажеттілігі (саны)

Құрылыс кезеңіне

Пайдалануға берілгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші


 


 


 


 

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 4-қосымша

Шетелдік жұмыс күштерін тарту, олардың саны туралы мәліметтер

Мамандықтың атауы (тарифтік разряд, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде оның ішінде латын әріптерімен)

Туған күні

Азаматтығы/Тұрақты өмір сүретін елі

Тарту кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:


 


 


 


 


 

2. Жоғары білімі бар мамандар:


 


 


 


 


 

3. Білікті жұмыскерлер:


 


 


 


 


 

Қорытынды (адам):


 


 

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 5-қосымша

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлердің қажеттілігі

т/б №

Мамандықтардың атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санаты)

Саны


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарына 6-қосымша

Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар және кірістер есебі

Салық және өзге де бюджетке міндетті төлем түрлері

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Корпоративтік табыс салығы


 


 


 


 


 

Мүлікке салық


 


 


 


 


 

Жер салығы


 


 


 


 


 

Кедендік баж


 


 


 


 


 

Әлеуметтік салық


 


 


 


 


 

Зейнетақы аудары


 


 


 


 


 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 7- қосымша

1-тармақ 7-қосымшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. «Жер қойнауы цчаскесін түрлендіруге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты–15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияны беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кепілге салынған тұлғаның бөлу немесе қосылу туралы алдын ала келісімі, егер жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауы учаскісіне лицензияланған болса, оған сәйкес бөліну жер қойнауын пайдалану немесе өндіруге арналған лицензия бойынша жүзеге асырылады;

Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қосымша құжат көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілде жасалған, құжаттардың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармамен қоса беріледі (егер құжат толық шет тілде болса).

осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің электрондық көшірмесі;

кепілге салынған тұлғаның бөлу немесе қосылу туралы алдын ала келісімнәің электрондық көшірмесі, егер жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауы учаскісіне лицензияланған болса, оған сәйкес бөліну жер қойнауын пайдалану немесе өндіруге арналған лицензия бойынша жүзеге асырылады;

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызмет алушы барлық құжаттардыкөрсетілетін қызмет берушіге (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) тапсырған кезде – өтінішті қағаз жүзінде тасығышта құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін, қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы белгі растама болып табылады;

портал арқылы отініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны тураы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық усынбағанда және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің мәліметтердің анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қазақстан Республикасы Кодексінің 31-тарауында белгіленген талаптарға нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

3-бөлім. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефондары: 8(7172) 98-34-02, 98-34-66.

Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмері және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-бөлім. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» бөлімінде орналасқан.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Портал арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қыметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға құқылы.

«Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

____________________________ ____________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________ ____________________________ ____________________________ жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар ), жеке сәйкестендiру нөмiрі (бар ), байланыс деректері; заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар ), байланыс деректері.

Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш

Өндіру учаскесін қосу жолымен жер қойнауы учаскесінің аумақтық шекараларын өзгертуді сұраймын. _________________________________________________________ (түрлендіру тәсілін көрсету)

Өтініш беруші туралы мәлімет

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, өтініш берушіні салық төлеуші ретінде тіркеу туралы мәліметтер


 

заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер және салық органдарында тіркеу, басшылары туралы мәліметтер


 

Өндіру учаскесін қосуға

лицензиардың толық атауы, негізгі жер қойнау учаскесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру күні мен нөмірі


 

негізгі өндіру учаскесінің алаңы және географиялық координат нүктелері


 

лицензиардың толық атауы, негізгі жер қойнау учаскесін қосатын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру күні мен нөмірі


 

қосатын өндіру учаскесінің алаңы және географиялық координат нүктелері


 

Жер қойнауы учаскесін бөліп шығаруға

лицензиардың толық атауы, лицензияны беру күні мен нөмірі


 

бөлуге тиісті жер қойнауы учаскелерінің алаңы және географиялық координат нүктелері немесе бөлуге жататын код пен блок (блоктар) атауы көрсетсін


 

1)___________________________________________________________________

2)___________________________________________________________________

3)___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________ (құжаттардың атауы және парақ саны)*

* Нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері қоса беріледі

Толтыру күні:

20__жылғы «__» ___________

___________________________ (Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы, өтінішті өкіл берген жағдайда өкілеттілігін куәландыратын, тиісті ресімделген құжат қоса беріледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание