• Менің таңдаулыларым
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 486 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 қазанда № 12131 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 398 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«398 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы
001 Жергілікті деңгейде коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 002, 003, 010, 011, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123 және 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
010 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
011 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
6 «Қылмыстық-атқару жүйесі» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 039 бюджеттік бағдарламасы бар 395 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«395 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы
039 Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру»;
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
384 «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«384 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
6 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламасы бар 502 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«502 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
018 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру»;
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 030 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 245 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«245 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары
030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен»;
мынадай мазмұндағы 246 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«246 «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында: