• Мое избранное
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12052 болып тіркелді

Редакция 25.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 04.04.2020 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.03.2023  жылғы № 201 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесі мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       _______________ Е.А. Досаев 
2015 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрі міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпан
 № 187 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 30 Бұйрығымен (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 886 Бұйрығымен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.04.2019 жылғы № 228 Бұйрығымен (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 561 Бұйрығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 04.04.2020 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 жылғы № 446 Бұйрығымен (04.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.03.2023  жылғы № 201 Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 41-38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.
Қағидалар сертификатталған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылардың сертификаттау талаптарын тиімді орындауын қамтамасыз етеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификатталған әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы реттеу функцияларын іске асыру үшін негіз қалыптастырады. Осы Қағидаларда ұсынылған сертификаттау процесі сертификатталған әуеайлақтарды пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін және олардың сертификаттау талаптарын сақтауын ұдайы қадағалау үшін бастапқы базаны белгілейді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген), Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес әуеайлақтарды (тікұшақ айлағын) сертификаттаудың жай-күйі туралы ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым аэронавигациялық ақпаратты жинақтауда жариялау үшін аэронавигациялық ақпарат қызметіне ұсынады.
2. Заңның 66-бабының 2-тармағында белгіленген ұшу түрлері орындалмайтын әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттауға жол беріледі.
Заңның 66-бабының 2-тармағында белгіленген ұшу түрлері орындалмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттауға жол беріледі.
  • 1
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
4) беткі деңгейдегі тікұшақ айлағы – жер бетінде немесе жер бетіндегі құрылыста орналасқан тікұшақ айлағы;
5) бет үстінен жоғары көтерілген – тікұшақ айлағы көтерілген конструкцияда орналасқан тікұшақ айлағы;
6) тікұшақ палубасы – ашық теңіздегі қозғалмайтын немесе өзгермелі объектіде, мысалы, мұнай немесе газ өндіру үшін пайдаланылатын барлау және/немесе пайдалану қондырғысында орналасқан тікұшақ айлағы;
7) сыни ұшақ – сипаттамалары физикалық инфрақұрылымның тиісті элементтеріне, осы әуеайлақ қамтамасыз етуге арналған құралдар мен қызмет көрсетуге неғұрлым қатаң талаптар қоятын ұшақ түрі;
8) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық зерттеп-қарау рәсімінен өту үшін уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;
9) өтініш беруші – сертификат алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
10) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) – пайдаланушыға әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) ұшуға жарамдылық сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);
11) сертификаттық зерттеп-қарау – уәкілетті ұйым жүзеге асыратын әуеайлақты, оның құрылымдық бөлімшелерін, жабдықтарды, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық процестерді, ұйымдық құрылымның құжаттамасын, сондай-ақ өтініш беруші мамандарының құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
12) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – ҰҚБЖ) – қажетті ұйымдық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерін, басшылық қағидаттары мен рәсімдерін қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі тәсіл;
4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің жерде және ауада ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Сертификатталған әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақты пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Сертификаттық тексеру кезінде пайдаланушы қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайы мен құқық қабілеттілігін мынадай талаптарды сақтау үшін көрсетеді:
1) азаматтық авиация әуеайлақтарының объектілеріне белгіленген физикалық және техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету;
2) пайдалану рәсімдеріне, соның ішінде:
әуеайлақ деректерін ұсыну;
әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялау;
әуеайлақтың жұмыс алаңына техникалық қызмет көрсету;
әуеайлақтағы қар мен мұздан және басқа да қауіпті метеорологиялық жағдайлардан қорғау;
кедергілерді бақылау;
шектеулі көріну жағдайындағы рәсімдер;
ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен жабайы табиғат тудыратын қауіптерді басқару;
әуеайлақта авариялық жағдай болған жағдайда іс-шараларды жоспарлау;
ұшуды авариялық-құтқару қамтамасыз ету;
қозғалу қабілетін жоғалтқан ұшақты алып тастау;