Bestprofi Logo

Бұйрық № 191 от 2015-02-24г./Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 шілдеде № 11678 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізудің қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қасымбек Қ.Н.___________ 2015 жылғы 10 маусым

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Школьник В.С.___________ 2015 жылғы 14 маусым

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында (бұдан әрі – ААҰ) авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жанар-жағармай материалдары қызметі немесе дербес заңды тұлға - авиаотынымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ЖЖМҰ) қамтамасыз етеді.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.12.2025 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) авиаЖЖМ – авиациялық техниканы пайдалану кезінде қолданылатын барлық маркалы отын, май, жағармай және арнаулы сұйықтықтардың жалпы атауы;

2) авиаЖЖМ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (бұдан әрі – авиаЖЖМ НҚ) – авиаЖЖМ саласындағы қызметке нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды немесе оның нәтижелеріне қатысты белгілейтін құжаттар;

3) сапа паспорты – авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы беретін құжат және қоймаға қабылданған өнім белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін және азаматтық авиацияның әуе кемелеріне құюға беруге жарамды екендігін растайды.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргiзу тәртібі

1-параграф. АвиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау

4. ЖЖМҰ-да авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықты сақтау авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтар қоймаға түскен және қабылданған сәттен бастап жүзеге асырылады.

5. Келіп түскен авиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтар ААҰ-ның қабылдау немесе шығыс резервуарларында және ыдыс қоймаларында сақталады.

Кондициялық авиаЖЖМ және арнаулы сұйықтықтарды сақтау мерзімі ӘК-ге құю үшін ағымдағы қажеттіліктермен немесе резервті құру қажеттілігімен айқындалады. Резервтік сақтау мерзімі өндіруші зауыттың авиаЖЖМ НҚ-де айтылған сақтаудың кепілдік мерзімі шегінде белгіленеді.

6. Ашық зауыт ыдысындағы авиаЖЖМ-ге сақтаудың кепілдік мерзімі қолданылмайды. Пластикалық жағармайларды ашық 150-200 литрлік бөшкелерде сақтауға мұқият араластырылғаннан кейін әр үш ай сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 5-бағанына сәйкес көрсеткіштер бойынша сапаны тұрақты бақылай отырып, дайындаған сәттен бастап 2 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі.

7. АвиаЖЖМ-ды кепiлдiк мерзiмi iшiнде сақтау кезiнде жеңiл фракциялардың ұшуы, ластануы немесе авиаЖЖМ-нің басқа түрлерiмен (маркаларымен) араласуы, зауыттық ыдыстың тұмшалануының бұзылуы есебiнен олардың сапасын өзгеру шарттары ескерiлмейді.

АвиаЖЖМ-нің сапасы мен санын сақтау технологиялық жабдықтың уақтылы қызмет көрсетуін сақтаумен, кондициялық емес авиаЖЖМ-ді бөлек сақтауды жүзеге асырумен, резервуарлардан еркін су мен ластауды жоюмен, авиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылаумен, тұмшаланған ыдыстың жай-күйін айына кем дегенде бір рет тұрақты қараумен қамтамасыз етіледі.

8. Резервуарларға қабылданған авиаЖЖМ тұндырылуға жатады. Тұндыруға қажеттi уақыт салмаққа құю деңгейіне және ластану дисперсиялылығына байланысты болады. Авиациялық отынды құюдың әр метрiне ең аз дегенде 4 сағат, ал авиациялық бензинге 2 сағат тұндыру уақыты талап етiледi.

9. Сақтау кезінде авиаЖЖМ сапасының сақталушылығы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиаЖЖМ сапасын тұрақты бақылаумен расталады.

10. Қоймалық бақылау нәтижелерi қанағаттанған кезде авиаЖЖМ одан әрі сақталуға немесе құюға беруге жатады. Сапа паспортында талдау жүргізілген күн туралы белгі қойылады. АвиаЖЖМ НҚ шегінде сапаның тексерілетін көрсеткіштерінің біреуі немесе бірнешеуі өзгерген жағдайда, көрсеткіштердің өзгерген мөлшерлері сапа паспортына енгізіледі.

11. Талдаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесiн алған кезде, өнiмдi қолдану жағдайларын анықтау үшiн сынамалар іріктеп алынады және қосымша талдау жүргізу үшін олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына жiберіледі.

12. Сақтау мерзімі аяқталғанға дейін авиаЖЖМ стандарттарда немесе техникалық талаптарда белгіленген сақтау шарттарын орындау кезінде ыдыста тұмшалануын сақтаған авиаЖЖМ құюға жіберіледі.

13. Сақтаудың кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн ораманың тұмшалануы бұзылған немесе өнiмнiң бүлiнгендiгiне күдiк болған кезде сынамалар іріктеп алынады және олар азаматтық авиацияның базалық зертханасына, ал қажет болған кезде тәуелсіз зертханаға зерттеуге жiберіледі. АвиаЖЖМ өткізу туралы шешiм азаматтық авиацияның базалық зертханасының, не тәуелсіз зертхананың қорытындылары және ұсынымдары негізінде қабылданады. Шешiм қабылдағанға дейiн авиаЖЖМ жеке резервуарда сақталады және оның коммуникацияға түсу немесе құю үшін ыдыста беру мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар қабылданады.

2-параграф. АвиаЖЖМ-н құюға беруге дайындау

14. АвиаЖЖМ-н құюға беруге дайындау жөніндегі операциялар кешені оның сапасын өнім берушіден қабылданған сәттен бастап әуе кемелеріне құюға дейін ұстауға арналған.

15. АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды беруге дайындау ерекшеліктері осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

16. Кондициялық өнім ретiнде ӘК жүйелерiнде авиаЖЖМ-ды құюға беруге жіберу үшiн негiздер құжаттармен расталған олардың авиаЖЖМ-нің осы маркасын дайындау авиаЖЖМ НҚ сәйкестігі құжаттамалық растау, зертхананың оң қорытындысы, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес олардың операциялық дайындауынан өтуі болып табылады.

17. Авиа ЖЖМ сапасы мен кондициялылығын растайтын құжаттар өнімнің сапасын растайтын дайындаушының құжаты, ал құйма көлікпен немесе құбыр арқылы жеткізілетін авиа ЖЖМ үшін – сапа паспорты мен бақылау талоны болып табылады.

17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 22.01.2026 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (18.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №826 шешімімен қабылданған «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель мен кеме отынына, реактивті қозғалтқышқа арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 013/2011) сәйкестігін растайтын құжат сәйкестік туралы декларация болып табылады.

18. Авиа ЖЖМ-ге өнімнің сапасын растайтын дайындаушының құжаты осы авиа ЖЖМ маркасын дайындауға авиа ЖЖМ НҚ кіретін физика-химиялық және пайдалану көрсеткіштерінің толық кешені көлемінде талдау нәтижелерін және өнімнің осы партиясының авиа ЖЖМ НҚ сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды. Өнімнің сапасын және жеткізілетін авиа ЖЖМ сәйкестігі туралы декларацияны растайтын дайындаушыдан құжат ұсынған авиа ЖЖМ жеткізушісі сол жерде келісілген сақтау және тасымалдау шарттары сақталған кезде авиа ЖЖМ НҚ келісілген жарамдылық мерзіміне өнім сапасының сапасы мен сақталуына жауапты болады.

18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 22.01.2026 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (18.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

19. Сапа паспорты ЖЖМҰ-ның ішкі құжаты болып табылады және қоймаға қабылданған авиаЖЖМ белгіленген авиаЖЖМ НҚ-н сәйкестігін және АА ӘК-ге құюға беруге жарамдылығын растайды. Сапа паспортын авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың, өнімге ілеспе құжаттаманы талдаудың оң нәтижелері кезінде ЖЖМ зертханасы береді. Сапа паспорты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құю құралдарына авиаЖЖМ беру жүзеге асырылатын әрбір резервуарға ресімделеді. Беруге жарамдылығы туралы қорытындылары жоқ құю өнімдерін әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) жүйелеріне құюға жол берілмейді.

20. Бақылау талоны әрбір құю құралына және оның ыдысынан немесе ол арқылы ӘК жүйесiне тартылатын авиаЖЖМ-ға берiледi. Бақылау талоны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Бақылау талонын ресімдеу үшін негіз Сапа паспортының қорытындысы және өнім тазалығын бақылау нәтижелері және құю құралының дайындығы болып табылады. Бақылау талоны ӘК-ге авиаЖЖМ құю үшін ресми құжат болып табылады. Бақылау талондарын беру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау талондарын беру журналында тіркеледі.

21. Темiржол, теңiз (өзен), автомобиль көлiгiмен немесе құбыржол бойынша түсетiн авиаЖЖМ-ды құюға беруге дайындау бойынша операция:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание