• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2020 г

Отправить по почте

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 маусымда № 11286 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 07.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
"КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
       _______________ Ә. Исекешев 
       "___"__________ 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
       _______________ Е. Досаев 
       6 мамыр 2015 жыл