«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12060 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Шетелде, сондай-ақ шетелдік кеңесші-сарапшыларды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімді өндіру саласындағы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Франшизаны тартуға шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шет елге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттауға және тауарлық белгіні тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйырыққа 7-қосымшаға сәйкес.
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 309 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 5 тамыз
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |