• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қазанда № 12129 болып тіркелді

Редакция 12.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
       _______________ А. Сәрінжіпов 
2015 жылғы 9 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
       _________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 2 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экномика министрі 
       ____________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 28 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
       _____________________ К. Қасымов 
2015 жылғы 16 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
       ___________________ В. Школьник 
2015 жылғы 16 шілде 
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 29 сәуірдегі
 № 523 бұйрығымен
 бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.06.2025 жылғы № 317/ НҚ Бұйрығына сәйкес (01.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автономды сынақтар (бұдан әрі – АС) – ғарыш зымыран кешенінің шектескен бұйымдарымен оның жұмыс істеуін тексермей, жеке бұйымды эксперименттік өңдеу кезінде айқындалған және жүргізілетін сынақтар түрлерінің жиынтығы;
2) авторлық қадағалау – жасаушы ұйымның бұйымдарды жасауына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әзірлеуші ұйымның өкілеттіктері;
3) алғыжоба (техникалық ұсыныс) – ғарыш зымыран кешенін әзірлеу негіздемесін және оның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, ғарыш зымыран кешендерін әзірлеу, өндіру және пайдалану жөніндегі бастапқы талаптар мен ұсыныстарды қамтитын бастапқы техникалық құжаттаманың түрі;
4) алғыжобаны, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ТКЖ) орындауға тактикалық-техникалық тапсырма (бұдан әрі – ТТТ) – ТКЖ-ны тапсырыс беруші бекітетін және құрылатын ғарыш зымыран кешеніне қойылатын тактикалық-техникалық талаптар кешенін, сондай-ақ ТКЖ-ның мазмұнына, көлеміне және орындалу мерзімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін бастапқы техникалық құжат;
5) алдын ала сынақтар – оларды қабылдау сынақтарына ұсыну мүмкіндігін айқындау үшін тәжірибелік үлгілерді бақылау сынақтары;
6) әзірлеу – ғарыш зымыран кешендеріне және олардың бұйымдарына жобалық және жұмыс конструкторлық құжаттама әзірлеу, тәжірибелік үлгілерді, бас үлгіні немесе бұйымдардың тәжірибелік үлгілерінің партиясын жасау және сынау, олардың ұшу сынақтарынан кейін құжаттаманы түзету және бекіту жөніндегі жұмыстар жиынтығының орындалуымен сипатталатын ғарыш зымыран кешендерінің, олардың бұйымдарының және материалдарының өмірлік циклінің сатысы;
7) әзірлеуді зерттеу және негіздеу – оларға қойылатын бастапқы талаптарды қалыптастыру және оларды құру қағидаттарын іздестіру және негіздеу жөніндегі жұмыстар жиынтығының орындалуымен сипатталатын ғарыш зымыран кешендерінің, олардың бұйымдары мен материалдарының өмірлік циклінің сатысы,
8) бақылау құрастыруы – бұйымның (құрамдас бөліктің, құрастыру бірлігінің) жұмысқа қабілетті жай-күйін растау үшін технологиялық құжаттаманың, сондай-ақ конструкторлық құжаттаманың технологиялылыққа қойылатын талаптарын тексеру мақсатында тікелей көрсетілген жұмыстарды жүргізу процесінде тағайындалатын және қабылдау бақылауына ұсынылатын жасаушы ұйымда бұйымды (құрамдас бөлікті, құрастыру бірлігін) құрастыру (монтаждау, реттеу);
9) бас ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – бас ҒЗИ) – бағыттар бойынша басқа ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, жұмыстардың сапасын және ТТТ-да (техникалық тапсырмада) белгіленген талаптардың орындалуын бақылау мақсатында құру және өндіру кезеңдерінде жұмыстардың нәтижелеріне сараптама жүргізетін ұйым;
10) бастапқы деректер – жобалау процесінде қажетті техникалық сипаттамалар мен параметрлерді, сондай-ақ қосымша немесе алдын ала талаптарды қамтитын және жұмыстарды орындаушылардың арасында келісілген құжат;
11) біліктілік сынақтары – ұйымның осы өнімді шығаруға дайындығын бағалау үшін алғашқы серияны (бас үлгіні) бақылау сынақтары;
12) бұйым – ғарыш зымыран кешендерінің құрамдас бөлігі, ғарыш зымыран кешендерінің немесе олардың кез келген құрылымының құрамына кіретін барлық түрдегі жүйе, аппаратура, агрегат, аспаптар, блоктар, тораптар, электррадиобұйымдары, жиынтықтаушы элементтер, бағдарламалық бұйым, басқарудың автоматтандырылған жүйелері;
13) бұйымдарды өндіріске қою – өнімнің алғашқы үлгілерін (алғашқы партиясын) шығарумен расталатын бұйымдар өндірісін дайындау және игеру жөніндегі іс-шараларды жүргізумен сипатталатын жаңадан әзірленген (жаңғыртылған) бұйымдар өндірісін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін іс-қимылдар жиынтығы;
14) бұйымның тәжірибелік үлгісі (тәжірибелік бұйым) – сынақтар үшін, оның ішінде ұшу сынақтары, және оның ТКЖ-ны орындау процесінде ТТТ-ның немесе техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жаңадан әзірленген жұмыс конструкторлық құжаттамасы бойынша жасалған (пысықталған, жаңғыртылатын) өнім үлгісі;
15) ғарыш айлағы – ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылыстар мен жер учаскелері кешені;
16) ғарыш зымыран кешендерін бас әзірлеуші ұйым – әзірлеуші ұйымдармен және жасаушылармен бірлесіп тапсырыс берушінің ТТТ-на немесе техникалық тапсырмасына сәйкес тұтастай ғарыш зымыран кешендерін құру жұмыстарын жүргізетін ұйым;
17) ғарыш зымыран кешендерінің бұйымын әзірлеуші ұйым – ғарыш зымыран кешендерінің (неғұрлым ірі құрылымды бұйымның) бас әзірлеуші ұйымының техникалық тапсырмасына сәйкес бұйымды жасау жұмыстарын жүргізетін ұйым;
18) ғарыш зымыран кешендерінің бұйымын бас әзірлеуші ұйым – бірлесе орындаушы ұйымдармен бірлесіп ғарыш зымыран кешендерін (неғұрлым ірі құрылымды бұйымды) бас әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасына сәйкес ғарыш зымыран кешендерінің бұйымын жасау жұмыстарын жүргізетін ұйым;
19) ғарыш зымыран кешендерін (бұйымды, материалды) құру – бастапқы талаптарды қалыптастырудан бастап оны өндіру аяқталғанға дейінгі ғарыш зымыран кешендерінің (бұйымның, материалдың) өмірлік циклі сатыларының жиынтығы;
20) ғарыш зымыран кешендерінің (олардың бұйымдарының, материалдарының) өмірлік циклі – ғарыш зымыран кешендерін әзірлеу, жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру, жою және кәдеге жарату процестері;
21) ғарыш зымыран кешендерін (ғарыш зымыран кешендерінің бұйымын) пайдалану жүйесі – өзара әрекеттесуі осы бұйымдарды пайдаланудың әрбір кезеңінің міндеттеріне сәйкес жүретін өзара байланысты техника бұйымдарының, оларды пайдалану құралдарының, орындаушылардың және құжаттаманың жиынтығы;
22) ғарыш зымыран кешендерінің (бұйымның) сапасы – ғарыш зымыран кешендерінің (бұйымның) өз мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын анықтайтын қасиеттер жиынтығы, бұл ретте осы қасиет ғарыш зымыран кешендерінің (бұйымның) оларды құру және пайдалану кезінде көрінетін объективті ерекшелігі ретінде көрінеді;
23) ғарыш зымыран кешені (бұдан әрі – ҒЗК) – ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
24) жасаушы ұйым (жеткізуші) – ҒЗК-нің бұйымын жасауды, құрастыруды және жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;
25) жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектісі – бір немесе бірнеше функцияларды орындауға арналған техникалық объекті: ғарыштық мақсаттағы зымыранды (бұдан әрі – ҒМЗ) тасымалдау, сақтау, белгіленген әзірлікке келтіру және ұстау, техникалық қызмет көрсету, дайындау және ұшыру, ҒМЗ-ның ұшуының белсенді учаскесінде телеметриялық және траекториялық өлшемдер жүргізу, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету;
26) жиынтықтаушы бұйым – жасаушы ұйым шығаратын бұйымның құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын жеткізуші ұйымның бұйымы (жүйе, аппаратура, аспап, блок, торап бөлшек, электррадиобұйымдары, жиынтықтаушы элемент);
27) қабылдау сынақтары – олардың мақсаты бойынша пайдалануға жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін жеткізуге дайын нақты тәжірибелік үлгілерді бақылау сынақтары;
28) қабылдау-тапсыру сынақтары – өндіру процесіндегі қабылдау бақылауы кезінде өнімді бақылау сынақтары;