Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 108 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қазанда № 12157 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармағына, сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 136 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 9977 нөмірмен тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзімді басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.Дауылбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 108 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың осы Әдістемесі (одан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (одан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (одан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
Toggle Dropdown
2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы) тұрады.
Toggle Dropdown
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі рет «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Toggle Dropdown
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік қызметке алғашқы рет қабылданған адамдарға тәлімгер болып бекітілмейді.
Toggle Dropdown
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (одан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Бас прокуратурада - Бас Прокурор Аппаратының басшысы;
Toggle Dropdown
прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінде – прокуратура органдары, ведомстволары немесе мекемелерінің тиісті уәкілетті басшысының орынбасарларының бірі комиссия төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, прокуратура органдары, ведомстволары немесе мекемелерінің кадр жұмысы бөлімшелерінің (одан әрі – кадр жұмысы бөлімшесі) қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия құрамына өзіне қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
11. Кадр жұмысы бөлімшесі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Toggle Dropdown
Кадр жұмысы бөлімшесі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау өткізуге дейін бір ай бұрын бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Toggle Dropdown
3. Тікелей басшының бағалауы
Toggle Dropdown
12. Қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын (одан әрі - бағалау парағы) кадр жұмысы бөлімшесінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырған бағалау парағын кадр жұмысы бөлімшесіне қайтарады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні толтырған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысы бөлімшесінің қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акті жасайды.
Toggle Dropdown
4. Айналмалы бағалау
Toggle Dropdown
1
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Toggle Dropdown
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр жұмысы бөлімшесі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
Toggle Dropdown
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
Toggle Dropdown
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы кадр жұмысы бөлімшесінен оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр жұмысы бөлімшесіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Кадр жұмысы бөлімшесі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
Toggle Dropdown
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Toggle Dropdown
18. Кадр жұмысы бөлімшесі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
a = b + c
Toggle Dropdown
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b – тікелей басшының бағасы,
Toggle Dropdown
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
Toggle Dropdown
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
21-дан 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
33 баллдан жоғары – «тиімді».
Toggle Dropdown
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
20. Кадр жұмысы бөлімшесі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Кадр жұмысы бөлімшесі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Toggle Dropdown
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен мынадай жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер қызметшінің жұмысының тиімділігі бағалау нәтижесінен асып түссе, бұл ретте қызметшінің жұмысының нәтижесін дәлелдейтін құжаттар қоса тіркеледі;
Toggle Dropdown
2) қызметшіні бағалау нәтижесін есептеу кезінде кадр жұмысы бөлімшесімен қателік жіберілген кезде.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
22. Кадр жұмысы бөлімшесі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр жұмысы бөлімшесінiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр жұмысы бөлімшесінде сақталады.
Toggle Dropdown
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының прокуратура органы, ведомствосы мен мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 1-қосымшасы
Toggle Dropdown
Тікелей басшысының бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса):___________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
Toggle Dropdown
| № р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға (балл) |
| 1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
| 3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы): |
|
|
Toggle Dropdown
Таныстым: Қызметші Т.А.Ә. (егер болса)
_________________________
күні ____________________
қолы ___________________ |
Тікелей басшы аты-жөні (егер болса)
_________________________________
күні_____________________________
қолы ___________________________ |
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 2-қосымшасы
Toggle Dropdown
Айналмалы бағалау парағы
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса): ____________________
Toggle Dropdown
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________
Toggle Dropdown
| № р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға (балл) |
| Бағынышты адам |
| 1. |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 3. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| |
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|
| Әріптесі |
| 1. |
Топта жұмыс істей алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 2. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| 3. |
Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
| |
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|
|
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары, ведомстволары мен мекемелерінің
«Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалаудың осы Әдістемесінің 3-қосымшасы
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Қазақстан Республикасы прокуратура органы, ведомствосы мен
Toggle Dropdown
мекемесінің атауы)
Toggle Dropdown
| № р/н |
Қызметшінің Т.А.Ә. (егер болса) |
Тікелей басшысының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
| 1 |
|
|
|
|
| … |
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссияның қорытындысы:
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тексерілді:
Toggle Dropdown
Комиссияның хатшысы:_________________ Күні: ________________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (егер болса), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссияның төрағасы:__________________ Күні:_______________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (егер болса), қолы)
Toggle Dropdown
Комиссияның мүшесі:____________________ Күні: ______________________
Toggle Dropdown
(Т.А.Ә. (егер болса), қолы)