• Мое избранное
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10058 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 26.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң, күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 114 бұйрығымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығымен (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 267 Бұйрығымен (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 242 Бұйрығымен (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығымен (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргізу және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) орталық уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешені (техникалық және авторлық қадағалаулар);
3) сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жұмыстары;
4) сарапшы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) сарапшының аттестаты – сарапшының мәртебесін және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді орындау құқығын куәландыратын біліктілік аттестаты;
6) өтініш беруші – сарапшы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;
7) жергілікті атқарушы орган – құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайтын, тестілеуге жіберілген сарапшылардың тізімін және тестілеу өткізудің кестесін бекітетін, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешім қабылдайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
8) биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер
2-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
4. Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;
2) техникалық қадағалауды;
3) авторлық қадағалауды;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.
5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструкциялық бөлігі;
5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
7) сметалық бөлім;
8) өрт қауіпсіздігі;
9) экологиялық бөлімі;
10) санитариялық-эпидемиологиялық бейіні.
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде;
6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде.
7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – сәулет бөлігінде;
4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
8. Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша сарапшылар мынадай жауапкершілік деңгейлеріне бөлінеді:
жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша – қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады;
жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша – қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады.
9. Аттестаттауға:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін – құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша жоғарғы медициналық білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың бөліміне сәйкес сараптама бойынша жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес бар адамдар;
15) өрт қауіпсіздігі жөніндегі қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттау үшін – өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау жөніндегі кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе өрт-техникалық бейіндегі жоғары кәсіптік білімі және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтілі бар адамдар.
9-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
1-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Аттестаттау тәртібі
10. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
11. Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі-негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттары бар өтінішті жібереді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
13. Сарапшы аттестатын алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:
13-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығымен (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкестігін қарайды 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ресімделген мынадай шешімдер бекітіледі:
1) тестілеуге жіберілген;
2) тестілеуге жіберілмеген.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тестілеуге жіберу туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама осы тармақта көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тестілеуге жіберу туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді;
3) 7 (жеті) жұмыс күн ішінде тестілеу өткізіледі. Көрсетілетін қызмет беруші тестілеу күні өтініш берушіні тесттің нәтижесімен таныстырады;
4) көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында сәйкес 2 (екі) жұмыс күн ішінде сарапшының аттестатын немесе дәлелді бас тартуды рәсімдейді, қол қояды және «жеке кабинетке» жолдайды.
14. Тестілеу келесі талаптар мен рәсімдерді көздейді:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 жылғы № 389 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеуді өткізу.
Қажет болған жағдайда қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестат алу үшін тестілеуді ағылшын тілінде өткізіледі;
2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімдерімен таныстырады;
4) тестілеу кезінде сарапшылар сөйлесе және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады);
5) қызмет берушінің қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарады;
6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
Тестілеуге жіберілген уақыт 100 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:
1) осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген сарапшылар үшін -90 және одан да көп дұрыс жауаптар;
2) қалған барлық сарапшылар үшін – 70 және одан да көп дұрыс жауап.
Аттестацияны қайта тапсыру саны шектелмеген.
14-1.Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең аз техникалық талаптар:
2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсырушы тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша сәйкестендіруден өтеді;
2) тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде емтихан алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото -, аудио - және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып келуіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады;
3) тестілеуді бастау үшін емтихан тапсырушы биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы тиіс;
4) тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды кондиционерлеу жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталады;
5) әрбір жұмыс станциясында тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталады;
6) тестілеу залы заманауи цифрлық бейне және аудио бақылау жүйесімен жабдықталады. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудитория өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі;
7) тестілеу залы басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылады;
8) тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталады және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
15. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда сарапшы аттестатын қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды, ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
16. Сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге жатады::
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;;
2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру;
3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.
17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
18. Аттестатталған сарапшылар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
19. Сарапшының аттестаты «электрондық үкімет» веб-порталында жарияланады: www.egov.kz осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.
20. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді (авторлық және техникалық сауығу) жүзеге асыру құқығына аттестатты неғұрлым жоғары жауапкершілік деңгейінің бір бөлімі бойынша алған кезде жауапкершілік деңгейінің төмен бөлігіндегі сол аттестаты жарамсыз деп есептеледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
21. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
22-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығымен (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығымен (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын
және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді
жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 жылғы № 389 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі:

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде, қағаз аттестатты электрондық аттестатқа ауыстырған кезде қолданылу мерзімі көрсетілмей аттестатты қайта ресімдеу;

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптама;

Техникалық қадағалау;

Авторлық қадағалау;

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) аттестатты беру – 15 жұмыс күні

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде, қағаз аттестатын электрондық аттестатқа қолдану мерзімі көрсетілмей ауыстырған кезде – 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру немесе қайта рәсімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) қызметті алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін (тестілеуге жіберу кезінде ұсынылады);

техникалық және авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру сарапшы ретінде аттестаттау үшін, жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптама бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін, қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.

Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады:

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;

еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі;

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі. Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және құжаттың, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруіне байланысты қайта ресімдеу кезінде:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

3) қағаз және электрондық аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа қайта ресімдеу кезінде:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

аттестаттың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

6) өтініш беруші тестілеуден өту кезінде шекті деңгейде төмен баға алған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.mііd.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын
және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді
жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2021 жылғы № 389 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
___________________________________________________________________
(жергілікті уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
_______________________________ жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде
(Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету)
________________________________________________________мамандығы
(Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету) бойынша аттестаттауды сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы: _____________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі:____________________________________________________________
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
4. Мекенжайы, телефоны: ____________________________________________
___________________________________________________________________
5. Жұмыс орны: _____________________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
6. Тестілеу тілі:______________________________________________________
7. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
 ________ ____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы]

[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы]

[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері]

[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері]

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
АТТЕСТАТЫ
№ [Нөмірі]
Осы құжатпен
[ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
мамандану бойынша: [Мамандану]
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы
[бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі]
[берілген күні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]
 
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
Сарапшы аттестаттын қайта рәсімдеуге арналған ӨТІНІШ
 _____________________________________________ (жергілікті уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________ 
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 
_______________________________________________________________ 
______________________________ 
жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде (Қағидалардың 4-тармағының тармақшасын көрсету) 
__________________________________________________________
мамандығы (Қағидалардың 5, 6, 7-тармақтарының тармақшасын көрсету)
бойынша мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;;
2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру;
3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру үшін қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
1. Мекенжайы, телефоны: ____________________________________________________________________ 
2. Жұмыс орны: ____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы) 
3. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ 
___________________ ___________________________________________ 
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))