Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12065 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» _________
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы 15 тамыз
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 4-2/616 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тұқымдардың, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жүргізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына бекiту туралы қағидаларға сәйкес аттестатталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, бірегей және элиталық тұқым бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымның өндірушілер үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Тұқым сапасына сараптама «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
5. Тұқым сапасына өнгіштігі немесе тіршілікке бейімділігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің массасы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша сараптама жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасына мынадай көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің массасы, ластануы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.
Toggle Dropdown
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің, мемлекеттiк сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу санын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрылған комиссия айқындайды. Комиссия құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері кіреді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Тұқым сапасының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құюға, сақтауға және егуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары іріктеп алынады.
Toggle Dropdown
Тек қана егуге арналған тұқым партияларынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi аккредиттелген зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Өткізілуге тиiс тұқым партияларынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Тұқым партиясымен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін байқаудан өткізу актісі бірге жүреді.
Toggle Dropdown
Сынамаларды іріктеп алу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен екі данада ресімделеді. Сынамаларды іріктеп алу актісінің бір данасы сынама іріктеп алынған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде қалады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертханаға жолданады.
Toggle Dropdown
8. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тұқымның кондициялылығы туралы куәлік немесе № 1 тұқымды талдау нәтижесін береді.
Toggle Dropdown
Тұқымның кондициялылығы туралы куәлік егістік сапасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сәйкес келетін тұқым партияларына беріледі.
Toggle Dropdown
Тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымның өнгіштігінің орнына тіршілікке бейімділігі нормасын ескере отырып, жиналған жылы егуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына беруге жол беріледі.
Toggle Dropdown
Осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тұқымды талдау нәтижесі № 2 осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген сапа көрсеткіштерінің бірі бойынша стандарт талаптарына сәйкес келмейтін тұқымға (толық талдау кезінде), сондай-ақ сапаның барлық көрсеткіштері бойынша тексерілмеген тұқымға (толық емес талдау) беріледі.
Toggle Dropdown
9. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті және (немесе) тұқымды талдау нәтижесін өнгіштігі айқындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде береді.
Toggle Dropdown
Тұқымға жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тұқымның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдардың, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызмет көрсету туралы актіні үш данада жасайды, бір данасы тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертханада қалады, екінші дана ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге, үшінші дана бөлімге беріледі.
Toggle Dropdown
10. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (ауданның статистикалвқ есептілігіне сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертханада сақталады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қайтарылып беріледі.
Toggle Dropdown
11. Тұқымның сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызметтер көрсету туралы актінің негiзiнде бөлім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан бойынша көрсетiлген қызметтерді бағалау актiсiн екi данада жасайды, бір данасы жергілікті атқарушы органның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жолданады.
Toggle Dropdown
Басқарма бөлім ұсынған көрсетілген қызметтерді бағалау актiлерiн тексереді, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды және оны бекiтеді.
Toggle Dropdown
Басқарма облыс бойынша көрсетiлген қызметтердің жиынтық актiсiнiң негiзiнде тұқымның сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша көрсетiлген қызметтерді қаржыландыруды жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Басқарма тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне (төртінші тоқсанда тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей), ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Сынамаларды iрiктеп алу актісі
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (облыс, аудан, заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің _____________________________________________________________ тиесiлi аты (бар болса)) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi* тұқымының егістік сапасын айқындау үшiн Мен, ___________________________ 20__ жылғы__________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің (күнi, айы) аты (бар болса)) _________________________________________________________ қатысуымен (ұйым, өкiлдердiң лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ (өткізуге арналған тұқым партияларынан сынамаларды iрiктеп алған, сондай-ақ даулы жағдайларда толтырылады) ___________________________ (бөлiмше (бригада), астық қабылдау ____________________________________________________________________ кәсiпорны және басқалары) сақталған тұқымды қарауды және партиялардан ______________________ бойынша орташа сынамалар iрiктеп алуды жүргiздiм. (ұлттық стандарт нөмiрi)
Toggle Dropdown
1. Тұқымдар туралы мәлiметтер
Toggle Dropdown
№
|
Атауы
|
Реттік нөмiрi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
1) Ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң түрi __________________________________ 2) сұрып ______________________________________________________________ 3) сұрып құжатының атауы, № және күнi _________________________________ 4) сұрыптық тазалығы немесе типтілігі, % ______________________________ 5) репродукция ________________________________________________________ 6) егiн жылы __________________________________________________________ 7) партия нөмiрi ______________________________________________________ 8) партия салмағы, центнер ____________________________________________ 9) бақылау бiрлiктерiнiң нөмiрлерi ____________________________________ 10) орын (қап) саны ___________________________________________________ 11) тұқымды сақтау орны, қойма нөмiрi, қамба __________________________ 12) тұқым қайдан және қашан алынды ____________________________________ 13) тұқым қандай өңдеуге ұшырады ______________________________________ 14) партия нешiншi рет талданып отыр, _________________________________ соңғы талдаудың күнi мен нөмiрi ______________________________________ 15) дәрiлеу жүргiзiлдi ме және қандай препаратпен _____________________ 16) қандай талдау үшiн сынама iрiктеп алынды __________________________ 17) тұқымның мақсаты __________________________________________________ 18) ұсынылған сынамалар саны: қапшықта ________________________________________________________ шөлмекте ________________________________________________________ пакетте _________________________________________________________ 2. Сынамалар __________________________________________________________ тұқымның сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханаға жiберiлді ___ Сынамаларды iрiктеп алған адам _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Өкiлдер: ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Toggle Dropdown
Кепiлдік: тұқым партияларының араласудан, ластанудан, өнгiштiгi мен басқа да егістік сапасының төмендеуiнен сақталуына, сондай-ақ iрiктеп алу кезiнде сынамалардың телнұсқаларының сақталуына ___________________ (заңды тұлғаның атауы, _______________________________________________________ кепілдік береді жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Сақтауға жауапты тұлға _______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Бақылау бiрлiктерiн орналастыру схемасы (сынаманы іріктеп алған адам толтырады)
Toggle Dropdown
Ескертпе: * осы нысан мақтаны, қант қызылшасын және гүл дақылдарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарына қолданылады.
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Тұқымның кондициялылығы туралы куәлік
Toggle Dropdown
№ ____ 20__ жылғы __________ дейiн жарамды (күнi, айы)
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________ (облыс, аудан заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) ________________________________________________________ сақтаулы (№ ___ бөлiмше (бригада) 20_ жылғы _____________ № ______________ акт кезінде талдауға ұсынылған (күнi, айы) __________________________________________________ алынған, ___________________________жылғы егiннiң _______________репродукциялы ____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сұрыбы)
Toggle Dropdown
салмағы _______ центнер, №_____ фракция тұқымының №__________________ партиясына берiлдi.
Toggle Dropdown
Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба, үйiндiмен Тұқымның мақсаты________________________________________________ Тұқымның сапасы ________________________________ сыныпқа сәйкес келеді. (жазбаша)
Toggle Dropdown
Талдау нәтижелерi ____________________________________________________________________ 1. Тазалығы ____________________ %, оның iшiнде______________________ % 2. Қалдық, барлығы ______ %, оның iшiнде басым топтар_________________ % 3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға (бұдан әрі – кг) дана немесе %)_______ 4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары ______________________% 5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)___________ 6. Арамшөп өсiмдiктерінің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы _____ оның iшiнде: қарасұлы (1 кг-ға дана) __________________________________________% неғұрлым зиянды арамшөп тұқымдары (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға дана) жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана)________________________ % 7. Қаракүйелiк құрылымдар__________________________________________ % 8. Қарамықтар______________________________________________________% 9. Өсу энергиясы ___________________________________________________% 10. Өнгiштiгi_______________________________________________________% оның iшiнде қаттылары ___________________________________________% өсiру жағдайлары________________________________________________ % 11. Тіршілікке бейiмдiлiгi____________________________________________ % анықтау әдiсi ___________________________________________________ 12. Егуге жарамдылығы ______________________________________________% 13. Ылғалдылығы __________________________________________________% 14. 1000 дәннiң салмағы _________________________________________ грамм 15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады: центрифугалау әдiсiмен ____ дана немесе биологиялық әдiспен ______________%) 16. Зиянкестердің жайлануы ______________________________________ 17. Тұқым сынамаларын сырттай қарап-тексеру деректерi: түсi қалыпты иiсi қалыпты қарайған шіріген 18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы: басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары ______________________________ (атауы) сұрыптық өсiмдiктердiң тұқымдары ______________________________ (атауы) 19. Басқа айқындамалар:_______________________________________________ Ұсыныстар:__________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ _______________________________ _________ ______________________ (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) Мөр орны 20__ жылғы ________________ (күнi, айы)
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
№ 1 тұқымды талдау нәтижесi
Toggle Dropdown
Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкке қосымша ретiнде берiлдi. 20__ жылғы ________________ № ______ (күнi, айы)
Toggle Dropdown
Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктiң қолданылу мерзімі 20__жылғы____________ (күнi, айы) дейін ұзартылды. 1. Өнгiштiгi _______________________________________________________ % 2. Өсу энергиясы___________________________________________________ % 3. Зиянкестердің жайлануы___________________________________________ (алдында кенелер жайлаған тұқымдар ____________________________________________________________________ бойынша толтырылады)
Toggle Dropdown
Қорытынды мен ұсыныстар:____________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________________________ _________ ______________________ (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мөр орны 20__ жылғы ________________ (күнi, айы)
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
№ 2 тұқымды талдау нәтижесi
Toggle Dropdown
№ ___ ____________________________________________________________________ (облыс, аудан, заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________ сақтаулы (№ ___ бөлiмше (бригада) 20___ жылғы _______________ № ___________________________ акт кезінде (күнi, айы) талдауға ұсынылған ___________________________ алынған, ___________________ жылғы егiннiң __________________________ репродукциялы ____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сұрыбы) салмағы ____ центнер, № ___ фракция тұқымының № _______________ партиясына берiлдi. Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба, үйiндiмен Тұқымның мақсаты___________________________________________________ Талдау нәтижелерi ____________________________________________________________________ 1. Тазалығы ________________ %, оның iшiнде _________________________ % 2. Қалдық, барлығы ______ %, оның iшiнде басым топтар ________________ % 3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға (бұдан әрі-кг) дана немесе %) ___________ 4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары _____________________ % 5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)___________ 6. Арамшөп өсiмдiктерінің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы __________________________________________________________ оның iшiнде: қарасұлы (1 кг-ға дана) _____________________________________________ неғұрлым зиянды арамшөптердің тұқымдары (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға дана)______________________________________________________ жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) _________________________ карантиндiк арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) ___________________ улы арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) __________________________ 7. Қаракүйелiк құрылымдар __________________________________________% 8. Қарамықтар _____________________________________________________% 9. Бидай нематодасының берiштерi (1 кг-ға дана) _______________________ 10. Өсу энергиясы___________________________________________________% 11. Өнгiштiгi_______________________________________________________% оның iшiнде қаттылары___________________________________________% өсiру жағдайлары _________________________________________________ 12. Тіршілікке бейiмдiлiгi_____________________________________________% анықтау әдiсi______________________________________________________ 13. Ылғалдылығы___________________________________________________% 14. 1000 дәннiң салмағы_________________________________________грамм 15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады: центрифугалау әдiсiмен _____ дана немесе биологиялық әдiспен ___________ %) 16. Зиянкестердің жайлануы____________________________________________ 17. Тұқым сынамаларын сырттай қарап-тексеру деректерi:__________________ түсi қалыпты иiсi қалыпты қарайған шіріген 18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы:________________________________ басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары______________________________ (атауы) сұрыптық өсiмдiктердiң тұқымдары__________________________________ (атауы) 19. Басқа айқындамалар:_______________________________________________ ____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Қорытынды мен ұсыныстар: ___________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде:
Toggle Dropdown
Тұқымдар мынадай
көрсеткiштер бойынша
кондицияланбаған
|
Талдау кезiнде
анықталғаны
|
Ұлттық стандартпен
белгiленгенi
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Тұқымдар _____________________ және қайтадан толық талдаунуы тиіс жатады (өңдеу түрi) Толық емес талдау жүргiзген кезде: тұқымдар ____________________________________________________________ (талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы) бойынша ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. ______________________________ _________ _______________________ (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) Мөр орны 20__ жылғы ________________ (күнi, айы)
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызмет көрсету туралы акт
Toggle Dropdown
20__ ж. «_____»___________№ ____
Toggle Dropdown
_______________ облысы _____________________________ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің атынан бөлім басшысы__________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар ____________________________________________________________________ болса)) бірінші тараптан, және________________ ауданның тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханасы атынан, ___________________________________ (зертхананың уәкілетті адамының ____________________________________________________________________ лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) екінші тараптан __________________________________________________ (отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің атауы)
Toggle Dropdown
тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертхананың мынадай көлемде тұқымның сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсеткені туралы осы актіні жасасты:
Toggle Dropdown
№
|
Дақыл
|
Зерттеу жүргізіл-ген күн
|
Зерттеулер жүргізілді
|
Тексерілген тұқымның көлемі, тонна
|
Жүргізіл-ген зерттеулер саны
|
Бір зерттеу-дің бағасы, теңге
|
Жалпы сомасы, теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
_______________________ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөр)
Toggle Dropdown
Қызмет көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің басшысы ____________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөр) ________________________________ _________ ______________________ (уәкілетті адамның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мөр орны 20__ жылғы ________________ (күнi, айы)
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Toggle Dropdown
«Бекітемін»
Toggle Dropdown
___________ ауданы ауыл
Toggle Dropdown
шаруашылығы
Toggle Dropdown
бөлімінің басшысы
Toggle Dropdown
________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөр)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «____» ______________
Toggle Dropdown
_______________облысы______________________________ауданы бойынша 20___ жылғы_____(айы) үшін көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
Toggle Dropdown
№
|
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң атауы
|
Жүргізілген зерттеулер
|
Тексерілген тұқымның көлемі, тонна
|
Жүргізілген зерттеулер саны
|
Бір зерттеудің құны, теңге
|
Жалпы сомасы, теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Ауданның ауыл шаруашылығы Тұқым сапасына сараптама жүргізу бөлімінің маманы жөніндегі зертхананың өкілі __________________________ ____________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы) (бар болса), қолы, мөр)
Toggle Dropdown
1
Тұқымдардың, оның iшiнде
отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерінің егуіне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Toggle Dropdown
20____жылғы бойынша «Тұқымдық және отырғызу материалының сұрыптық және егістік сапасын анықтау» бюджеттік бағдарламасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі
Toggle Dropdown
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын жергілікті атқарушы органның__________________облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы атынан _______________облысы әкімінің 20___ жылғы «___»______ ________ № _____өкімі негізінде әрекет ететін басшысы ______________ және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, жарғы негізінде әрекет ететін ______________ жергілікті атқарушы органның аудандық ауыл шаруашылығы органдары бекіткен көрсетілген қызметтерді бағалау актілеріне сәйкес төмендегілер туралы осы жиынтық актіні жасасты.
Toggle Dropdown
Тапсырыс беруші арасында жасалған 20___ жылғы « »__________ № ___ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамалармен қызметтер көрсетті:
Toggle Dropdown
№
|
Ауданның атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Жүргізілген зерттеулердің саны
|
Бір зерттеудің бағасы, теңге
|
Сомасы, теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
1.Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы – ия/жоқ (қажеттісінің астын сызу) 2. Көрсетілген қызметтерге наразылықтар жоқ/бар (қажеттісінің астын сызу). 3. Көрсетілген қызметтердің жалпы құны_________________________________ (соманы жазумен көрсету) 4. Аванс сомасы – бар/жоқ 5. Бұдан бұрын актіленген сомалар ______________________________________ (соманы жазумен көрсету) 6. Төленуге тиістісі____________________________________________________ (соманы жазумен көрсету)
Toggle Dropdown
Тапсырыс беруші үшін: Өнім беруші үшін: Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ______________________________ _________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөр) (бар болса), қолы, мөр)