1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 29.02.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 24.12.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға өткізген күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын өткізу және алу кезіндегі кезекті ең көп рұқсат етілетін уақыты– 15 (он бес) минут;
3) ең көп рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут;
Құжаттарға қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – арнайы мөртабан-апостиль қойылған құжат, осы құжатты бекіткен тұлғаның қолтаңбасының түпнұсқасын және оның өкілеттігін, сонымен қатар мөрдің немесе мөртабаның түпнұсқасын куәландырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес, әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.
Төлем «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды апостильдегенде төлем жасау деректемелері: Астана қаласының Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы, ж/ш- 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a е/ш kz24070105 ksn0000000 бин 981140001105 КНП 911, 991.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап сенбіні қосқанда, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, еңбек заңнамаларына сәйкес орнатылған жұмыс кестесімен түскі асқа үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау, жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының қалауы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті броньдауға рұқсат етілген.
9. Мемлекеттік корпорацияға қызмет алушы жүгінуде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Конвенцияға қатысушы елдердің аумағында заңдастыру талап етілетін, шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын, прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаттары;
баж салығын төлеу туралы түбіртек.
Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде олардың толықтығына тексеру жүргізеді.
Құжаттарды қабылдағанда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасап (сканерлеп), одан кейін қызмет алушыға түпнұсқаларын қайтарады.
Құжаттарға қабылдағанда Мемлекеттік корпорация қызметкері қызмет алушыға тиісті құжаттарға қабылдау туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруге қолхат негізінде, жеке бас куәландыратын құжатты ұсынумен жүзеге асырылады (немесе оның өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхатының негізінде).
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет көрсетушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы 1 (бір) өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қызмет көрсетуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды қызмет алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың, және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінуге құқылы.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселесі бойынша қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселесі бойынша қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызмет көрсетушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде, пошта немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына жолданады.
Қолма-қол, сонымен қатар поштамен Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағымның қабылдануын бекіту оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Қызмет көрсетушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қараудың нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысының көмегімен қызмет алушыға жолданады немесе қызмет көрсетушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңселерімен қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беретін және бақылау жасайтын уәкілетті органға шағымдануға жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беретін және бақылау жасайтын уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы, оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге де талаптар
13. Дене қызметіндегі тұрақты ауытқудан денсаулығының бұзылуынан оның өмір сүруін шектейтін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін құжат қабылдау қажет болған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефонына жүгіну көмегімен мекенжайына шығып жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мекенжайының орны интернет-ресурста орналасқан:
1) қызмет көрсетуші: www.pravstat.prokuror.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz.
15. Қызмет алушының қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны – 115. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнідегі
комитеті__________________
(Комитеттің аумақтық
басқармасын көрсету керек)
басқармасының бастығы
_________________________
кімнен ___________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде )
жеке куәлік (паспорт) деректері
______ кімнен берілді ______
_________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
_________________________
мекенжайы: ______________
байланыс телефоны: _______
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш
Сізден (сенімхат болған жағдайда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жадайда) көрсету) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін әрі қарай ____________________________________________ (шетел мемлекетінің атауы) құзыретті органға ұсыну үшін беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
______________________________________________________ қолы ____________
«__» __________20__ жыл
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
_______________________________
_______________________________
(қызмет алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда ) немесе атауы))
_______________________________
(қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының № ______ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандартында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасының толық ұсынбауыңызға және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты, құжатыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)__________________________________________________________________;
2)__________________________________________________________________;
3)__________________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада толтырылған.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің) (қолы) ______________________
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________
Телефон ____________
Алдым: Т.А.Ә. ( бар болған жағдайда) / қызмет алушының қолы
«__» __________20__ жыл

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |