«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
Отправить по почте
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12152 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі);
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасы паспортының нысаны (үлгісі) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 20 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________ Е. Досаев 2015 жылғы 3 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына 1-қосымша
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететін заңды тұлға;
1-1) мақта дайындау ұйымы – шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) өтініш беруші – шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сынау – шитті мақтаның бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
4) шитті мақта партиясы – сапасы туралы бір ілеспе құжатпен ресімделген бір селекциялық және өндірістік сорттағы, типтегі және сыныптағы шитті мақтаның саны;
5) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік – шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына және акредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) мен өтініш берушінің арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
6) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
7) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана (орталық)) – «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттеуден өткен және шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі.
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
3. Зертхана (орталық) жүзеге асыратын шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыс түрлері аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
4. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік бiр мекенжайға, көлiк құралының бiр түрiмен тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған шитті мақтаның әрбiр бiртектi партиясына берiледi.
2. Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібі
5. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау:
1) сынамалар іріктеуді;
2) сынақтар өткізуді;
3) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік ресімдеуді қамтиды.
6. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) негізінде жүргізіледі.
7. Өтінім беруші зертханаға (орталыққа) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) береді, ол тіркеледі және оны зертхана (орталық) меңгерушісі өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде қарайды.
8. Зертхана (орталық) меңгерушісі шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды (бұдан әрі – зертхана (орталық) маманы) айқындайды, оған тапсырма мен өтінімнің көшірмесі беріледі.
9. Сынамаларды iрiктеу өтiнiм тiркелген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
10. Сынамаларды іріктеуді зертхана (орталық) маманы өтініш берушінің немесе оның өкілінің және мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы өкілінің қатысуымен жүргізеді.
10-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығымен (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Сынамаларды іріктеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеу актісімен ресімделеді. Сынамалар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сынамаларын тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленеді және зертхана (орталық) меңгерушісімен қол қойылады.
11. Шитті мақтаның іріктеп алынған сынамалары тастар, қорапшалар немесе олардың жақтаулары, жапырақтар түріндегі бөгде қоспаларсыз іріктеледі.
Зиянкестермен және аурулармен (өсімдік биті, гоммоз, бактериялы-саңырауқұлақты ауру, «балтамшы») залалданған шитті мақта сапасына сараптама жүргізуге жатпайды.
12. Сынақтар өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері мен сынақ әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстыру жолымен) және аспаптық бағалау арқылы зертханада (орталықта) жүргізіледі.
Сынақ нәтижелері бойынша сорт, түр, сынып, ластану және ылғал көрсеткіштері айқындалады, шитті мақтаның өзге сапа көрсеткіштері өтінім берушінің талабы бойынша айқындалады.
Сынақ жүргізу мерзімдері зертхана (орталық) мен өтінім беруші арасында жасалған шартта жазылады.
13. Сынақтан өткен, полиэтилен пакетке буып-түйілген және зертхана (орталық) маманы мөрлеген шитті мақта сынамалары зертханада (орталықта) мынадай мерзім ішінде:
1) тиеп жөнелтілген және сақтаулы партияларға – шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің күші мерзімі ішінде;
2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда – келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін сақталады.
Сынақтан өткен шитті мақта сынамалары сөрелермен және қажет болса көтеру механизмдерімен жабдықталған, едендік төсемі бар үй-жайда сақталады. Сынамаларды сақтауға арналған үй-жайда сыз бен көгеру іздеріне жол берілмейді.
14. Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін 24 сағат аспайтын мерзімде шитті мақтаның сапасы туралы куәлік өтінім берушінің жеке өзіне немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі, көшірмесі зертханада (орталықта) қалады және бір жыл бойы сақталады.
15. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік түсінікті етіліп және түзетулерсіз толтырылады.
16. Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданыс мерзімін берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай зертхана (орталық) белгілейді.
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Нысан
_____________________________________________________________________ (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы) _____________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері (заңды мекенжайы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге арналған өтінім
_______________________________ мақта дайындау немесе мақта өңдеу (атауы) ұйымында сақтаулы, салмағы _____________________________________ тонна (жазбаша)
_____________________________________ арналған шитті мақта партиясының (мақсаты көрсетілсін)
сапасына сараптама жүргізуді сұраймын.
Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша жүргізіледі: ________________ _______________________________________ _____________ (көрсеткіш атауы) (стандарттау жөніндегі құжаттың нөмірі және күні) (норма)
Өтінім беруші ____________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) маманы _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
орындауы үшін жіберілді.
Орындалуы туралы белгі: _________________________________________
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Нысан
20____жылғы «___»__________ № _______ Сынамаларды іріктеу актісі
Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) мен өтінім беруші арасында жасалған 20 ____ жылғы «___» ______________ № ______ шарт негізінде, мен, ______________________________________________ шитті (акредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы)
мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманы
____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_________________________________________________________ қатысуымен (өтінім берушінің, мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
қолданыстағы ______________________________________ стандартына сәйкес (стандарттау жөніндегі құжаттың нөмірі мен күні)
шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алдым.
Шитті мақтаның орналасқан жері ___________________________________ (мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының атауы және мекенжайы)
Шитті мақта партиясының нөмірі ___________________________________ (жазбаша)
Партия салмағы ____________________________________________ тонна (жазбаша)
Іріктелген сынамалар саны ___________________________________ дана (жазбаша)
Іріктелген сынамалар салмағы, килограмм ___________________________ (жазбаша)
Сынамаларды іріктеу күні мен уақыты: 20_жылғы «_» ____ _сағат __минут
Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі маман: ______________________________________________________ ______________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Өтінім беруші: ______________________________________ ____________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының өкілі: ______________________ ____________________________ _________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2015 жылғы № 4-6/954 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы
№ | Күні | Өтініш беруші | Сынамаларға іріктеу жүргізілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының атауы | Партия салмағы, тонна | Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні | Сынаманы іріктеген маманның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы
Р/с № |
Куәліктің берілген күні және нөмірі |
Шитті мақта иесі |
Сынамалар іріктелген орын |
Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні |
Партия № мен салмағы |
Сынаманы іріктеген маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына 2-қосымша
Нысан) Форма
Шитті мақта іріктелген күн «____»____________ 20___ жылға
20___ жылғы «____» ____________________________________ дейін жарамды
Дата отбора проб хлопка-сырца Действителен до
«____» _________________ 20___ год «____» ________________ 20___ года
Шитті мақтаның сапасына сараптау жасау жөніндегі зертхананың атауы
Наименование лаборатории (центра) по экспертизе качества хлопка-сырца
Аккредиттеу аттестатының № және күні ______________ Мекенжайы _______
№ и дата аттестата аккредитации Адрес
№ _______ шитті мақтаның сапасы туралы куәлік
Удостоверение о качестве хлопка-сырца №
20___жылғы «____» _____________________ сынамаларды іріктеу актісімен
қоса сараптамаға берілген шитті мақтаның сынамасына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
Выдано на пробу хлопка-сырца, представленную на экспертизу с актом
отбора проб № _______ от «____» ____________20___года _______________
Мақтаның сорты _ Егін жылы __ Партия № __ Жинау түрі __ Мақсаты _____
Сорт хлопчатника Год урожая № партии Вид сбора Назначение
Өнеркәсіптік сорт ___________________ Промышленный сорт Типі ________________________________ Тип Сыныбы ______________________________ Класс |
Арамшөп қоспаларының салмақтық үлесі_______________________ % Массовая доля сорных примесей Ылғалдың салмақ үлесі _________________________ % Массовое отношение влаги Өзгелері Прочие |
Зертхана (орталық) меңгерушісі _________________________ Мөр орны
Заведующий лабораторией (центром) Место печати
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Нысан
Форма
Шитті мақта іріктелген күн 20___ жылғы «____»____________ 20___ жылғы «____» _________________ дейін жарамды Дата отбора проб хлопка-сырца «____» _______________ 20___ года Действителен до «____» _______________ 20___ года Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы/Наименование аккредитованной испытательной лаборатории (центра) по экспертизе качества хлопка-сырца ________________________________________________________________ Аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні/Номер и дата аттестата аккредитации____________________ Мекенжайы/Адрес____________
Шитті мақтаның сапасы туралы № _______ куәлік Удостоверение о качестве хлопка-сырца №________
20 ___ жылғы «____» ___________________ № ________ сынамаларды іріктеу актісімен қоса сараптамаға ұсынылған шитті мақтаның сынамасына берілді/Выдано на пробу хлопка-сырца, представленную на экспертизу с актом отбора проб № _______ от «____» ____________20___года ________________ Мақтаның сорты/ Сорт хлопчатника ___________________________________ Партия нөмірі/Номер партии _________________________________________ Жинау түрі/Вид сбора _______________________________________________ Мақсаты/Назначение ________________________________________________
Өнеркәсіптік сорт/Промышленный сорт ___________________________________ Типі/Тип___________________________ Сыныбы/Класс _____________________ |
Арамшөп қоспаларының массалық үлесі/ Массовая доля сорных примесей _________________________________ % Ылғалдың массалық қатынасы/Массовое отношение влаги __________________ % Өзгелері/Прочие ____________________ |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) меңгерушісі / Заведующий аккредитованной испытательной лаборатории (центра) ________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.10.2020 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Нысан
Форма
Мақта талшығы сапасының № ________ паспорты/ Паспорт качества хлопка-волокна № __________
Паспорт 20 __ жылғы «___» _______ берілді/Паспорт выдан «___» ____ 20__года.
Мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жері/Наименование и местонахождение хлопкоперерабатывающей организации ___________________
_____________________________________________________________________
Шыққан жері/ Происхождение __________________________________________
Мақта тазалау зауытының коды/Код хлопкоочистительного завода ____________
Партия нөмірі/Номер партии ____________________________________________
Тай нөмірі/Номер кипы _________________________________________________
Стандарттау жөніндегі құжаттар/ Документы по стандартизации
Селекциялық сұрып/ Селекционный сорт _________________________________
Типі/Тип _____________________________________________________________
Сұрыбы/Сорт _________________________________________________________
Сыныбы/Класс _______________________________________________________
Штапель ұзындығы 1/32 дюйм (Staple)/ Штапельная длина в 1/32 дюйма(Staple) ____ _______________________________________ Шағылысу коэффициенті (Rd)/Коэффициент отражения(Rd) ________________________% Трэш коды (Т)/Трэш код (Т) _______________ Арамшөп қоспаларының саны (Cnt)/Число сорных примесей (Cnt) ___________________________ дана/штук Ұзындығы бойынша біркелкілік индексі (Unf)/ Индекс равномерности по длине (Unf) _____ _____________________________________ % Үлестік үзіліс жүктелімі (Str)/Удельная разрывная нагрузка (Str) _________________ ______________________________________ Қоспалардың бар-жоғы/Наличие примесей _____________________________________ |
Микронейр (Mic)/Микронейр (Mic) _______ ______________________________________ Сарғаю мөлшері (+b)/ Степень желтизны (+b) ______________________________________ Арамшөп қоспаларының алаңы (Area)/ Площадь сорных примесей (Area) ________ _____________________________________% Жоғарғы орташа ұзындығы (UHM)/Верхняя средняя длина (UHM) __________________ Қысқа талшықтардың индексі (SFI)/ Индекс коротких волокон (SFI) __________________ ____________________________________ % Үзілгендегі созылу (Elg)/ Удлинение при разрыве (Elg) ________________________% Жабысқақтығының бар-жоғы/ Наличие клейкости _____________________________ |
Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) меңгерушісі/ ___________________________________ Заведующий аккредитованной испытательной лаборатории (центра)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |