• Мое избранное
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қазанда № 12181 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 1183 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 12.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 1183 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
  • 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруіы, сақтау, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 15 наурыздағы № 92-93 (26513-26514)) жарияланған күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инветициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның талғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Әділет министрі 
_______________ Б. Имашев 
2015 жылғы 9 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 27 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Мәдениет және спорт министрі 
_______________ А. Мұхамедиұлы 
2015 жылғы 24 тамыз