• Мое избранное
Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қыркүйекте № 12102 болып тіркелді

Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
______________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 тамыз