Toggle Dropdown
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 705 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12160 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитетінің төрағасы
___________________ В. Петров
2015 жылғы 9 қыркүйек
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 4 қыркүйетегі
№ 705 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
1
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың қолданысы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуді жүзеге асыратын медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарына (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өтініш беруші – төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құрылымдары;
Toggle Dropdown
2) жүкті алушы - төтенше жағдайларды жоюға арналған материалдық-техникалық құралдардың құрамында көмекті қабылдауға өкілеттілігі бар төтенше жағдай болған аумақтағы елдің сенімді адамы.
Toggle Dropdown
2. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 81-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері берген (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатының негізінде (бұдан әрі – рұқсат беру құжаты) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжаты нысанда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында көзделген көлікпен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Өтініш беруші жүкті алушымен жүкті түсіру пунктін, төтенше жағдайларды жоюдың тиісті пунктін келіседі.
Toggle Dropdown
7. Өтініш беруші жүктерді жеткізуді қамтамасыз етеді және бірінші кезекте қызмет көрсетуді және қысқартылған кедендік рәсімдерді пайдалануды қамтамасыз ету үшін шекарадан өту бекеттерінде кеден органдарына жүк туралы мәліметті хабарлайды.
Toggle Dropdown
8. Рұқсат беру құжатын ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде (CD-R, CD-RW, Flash, DVD-R, DVD-RW) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге рұқсат беру құжатын беруге өтініш;
Toggle Dropdown
2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы медицина ұйымы әкеткен жағдайда);
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі) (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары әкеткен жағдайда);
Toggle Dropdown
4) ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі.
Toggle Dropdown
9. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін белгіленген орнына дейін жүктің келуіне қарай медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдары жүкті алушыға жүктің құрамы, көлемдері (салмағы алатын орнының саны) туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленіп, тігіліп, өтініш иесінің не оның өкілінің қолымен бекітіліп беріледі.
Toggle Dropdown
11. Өтінішті қарау мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды одан әрі қарауда дәлелді бас тартуды шығарады.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкету «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Көмек көрсетуге арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкетуді жүзеге асыратын ұйымдар есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды есепке алу мен күзетуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
14. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібінде шағым жасауға болады.
Toggle Dropdown
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге рұқсат қүжат
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды
Toggle Dropdown
тұлғаның толық атауы,
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН), мекенжайы, телефоны)
Toggle Dropdown
__________________фирмасымен жасалған 20__жылғы «___» ________ №_____
Toggle Dropdown
келісімшартқа (шартқа) 20__жылғы «___» ________ №__ өзіндік
Toggle Dropdown
ерекшелікке сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
Toggle Dropdown
мен медициналық техниканың мынадай атауларын Қазақстан
Toggle Dropdown
Республикасынан әкетуге (Қазақстан Республикасында тіркелгенін
Toggle Dropdown
растайды) рұқсат етеді:
Toggle Dropdown
| РР/с № |
Дәрілік заттың (дәрілік нысан) атауы |
Өлш бірл |
Саны |
Өндірушінің және өндіруші елдің атауы |
Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі |
Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің аяқталатын мерзімі |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар (атауларының саны) Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген.
Toggle Dropdown
Уәкілетті адамның лауазымы _____________________________
Toggle Dropdown
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Toggle Dropdown
Орындаушы: ___________________
Toggle Dropdown
Телефон: _____________________
Toggle Dropdown
Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін
Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы
Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
қағидаларына 2-қосымша
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы тіркелген дәрілік заттарды, медициналық
Toggle Dropdown
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруге
Toggle Dropdown
_____ (әкелу мақсаты көрсетілсін) арналған дәрілік заттарды,
Toggle Dropdown
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан
Toggle Dropdown
Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етуді, келісуді сұраймын.
Toggle Dropdown
| Көрсетілетін қызметті алушы |
|
| Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы |
|
| Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, электрондық поштасы |
|
| Көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН) (болған кезде) |
|
| Жеткізуші |
|
| Жеткізушінің заңды мекенжайы |
|
| Жеткізушінің телефоны, электрондық поштасы |
|
| Жеткізушінің елі |
|
| Келісімшарттың (шарттың) нөмірі |
|
| Келісімшарт (шарт) жасалған күн |
|
| Ерекшеліктің (қосымшаның, инвойстың, жүкқұжаттың) нөмірі |
|
| Ерекшелік (қосымша, инвойс, жүкқұжат) жасалған күн |
|
| Фармацевтикалық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні |
|
| Медициналық қызметке лицензияның (лицензияға қосымшаның) нөмірі және берілген күні |
|
| Мемлекеттік органның медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаны қабылдағаны туралы талонның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының хабарламаны қабылданғаны туралы белгісі бар талонның нөмірі және берілген күні |
|
| Әкелу жүргізілетін кедендік орган |
|
| Төлем валютасы |
|
Toggle Dropdown
| КО СЭҚ ТН коды |
Дәрілік заттың атауы |
Концентрациясы |
Дозасы |
Өлшеп-орау (нөмірі) |
Шығарылу нысаны |
Өлшем бірлігі |
Саны |
| |
|
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
| Төлем валютасында бір бірліктің бағасы |
Төлем валютасындағы сомасы |
Өндіруші |
Өндіруші ел |
Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі |
Дәрілік затты Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімі |
| |
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Өтініш берушінің қолы _________________________________________
Toggle Dropdown
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Toggle Dropdown
20____жылғы «________» ______________