Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 18.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі – АҚӨО) арқылы;
Toggle Dropdown
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қойылған және ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгертілген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ДК куәлігін беру;
Toggle Dropdown
2) қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) туралы жазбаша растауды беру немесе ДК ретінде тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) кезінде – ДК тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарудан бас тарту) туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында www.kgd.gov.kz орналастыру;
Toggle Dropdown
3) Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
Toggle Dropdown
1) құжаттарды қабылдау – 20 (жиырма) минут:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер:
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді – 2 (екі) минут;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – 3 (үш) минут;
Toggle Dropdown
салық төлеушінің салықтық өтініштегі көрсетілген деректерін «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – БСАЖ АЖ) тіркеу деректеріндегі бар мәліметтермен салыстырып тексереді – 5 (бес) минут;
Toggle Dropdown
салықтық өтінішті БСАЖ АЖ-де тіркейді – 5 (бес) минут;
Toggle Dropdown
салықтық өтініштің екінші данасында БСАЖ АЖ-де берілген құжаттың кіріс нөмірі, өзінің тегі, аты-жөні көрсетіледі және оған қолын қояды – 3 (үш) минут;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушыға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес салықтық өтінішті алғаны туралы талон (бұдан әрі – талон) береді – 2 (екі) минут;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер кіріс құжаттарын өңдейді:
Toggle Dropdown
ДК ретінде тіркеу есебіне қою кезінде – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту кезінде – құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;