«Салық төлеушілердің қосылған құн салығын тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Салық төлеушілердің қосылған құн салығын тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды не «ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу» деген белгісі бар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы өтінішті ұсынуы негіздеме болып табылады.
1-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 82-бабы 1-тармағының, 83-бабы 1-тармағының нормаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою құқығының болуын тексеру – 5 (бес) минут;
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді (жеке кәсіпкердің мүддесін білдіру кезінде нотариат куәландырған сенімхаттың болуын тексереді, онда көрсетілетін қызмет алушының уәкілетті өкілінің өкілеттігінің нақты тізбесі көрсетілуі тиіс немесе заңды тұлғаның мүддесін білдіруде сенімхат ұсыну кезінде басшының қолының және заңды тұлғаның мөрінің болуын тексереді) – 2 (екі) минут;
салық төлеушінің салықтық өтініштегі көрсетілген деректерін «Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ИСАЖ АЖ) тіркеу деректеріндегі бар мәліметтермен, сондай-ақ салық төлеушінің тұрған жерін растайтын құжаттарда көрсетілген не салықтық өтініште көрсетілген тұратын жерінің мекен-жайы ИСАЖ АЖ тіркеу деректерінде көрсетілген мекен-жаймен сәйкестігін салыстырып тексереді – 2 (екі) минут;