Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
8-қосымша
«Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 18.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркелгені туралы растауды беру;
2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгертулер енгізу;
3) тіркеуден шығарылғаны туралы растауды беру;
4) Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша уәкілетті лауазымды тұлғанын электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті, сондай-ақ құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынуы болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың көшірмелерін тапсырған кезде құжаттардың көшірмелерімен салыстыру үшін бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
6. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың барлығы тапсырылған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қол хат береді.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырғаннан кейін, оларды Мемлекеттік корпорация қызметкері сканерлейді, олардың түпнұсқаларымен сәйкестігін тексереді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ) арқылы қадамдық әрекеттер мен шешiмдерi осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшасында (Мемлекеттік корпорация АЖ арқылы қызметтi көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) көрсетілген: