Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
9-қосымша
Toggle Dropdown
«Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Дара кәсіпкерлерге патент беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
Toggle Dropdown
1) ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі – ҚӨО) немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - СТК), «Салық есептілігін өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СЕӨС АЖ) арқылы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Патентті уәкілетт органның ақпараттық жүйесінде қалыптастыру болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қызметті алушының ұсынуы болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
Toggle Dropdown
1) құжаттарды қабылдау – 20 (жиырма) минут:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер:
Toggle Dropdown
патент құны есебінде көрсетілген деректермен, жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерді салыстырады (жеке тұлғалардың мүдделерін білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетілген нотариалды куәландырылған сенімхаттың бар-жоғын тексереді) – 2 (екі) минут;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттардың және қосымшалардың толықтығын тексереді – 3 (үш) минут;
Toggle Dropdown
салық төлеушінің салықтық өтініштегі көрсетілген деректерін «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйенің» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – БСАЖ АЖ) тіркеу деректеріндегі бар мәліметтермен салыстырып тексереді – 5 (бес) минут;
Toggle Dropdown
«Салық есептілігін өндеу сервисі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – СЕӨС АЖ) есепті тіркейді - 5 (бес) минут;
Toggle Dropdown
есептің екінші данасына құжаттың қабылданған күнін, СЕӨС АЖ-мен берілген құжаттың кіріс нөмірін, өзінің аты-жөнін көрсетеді және оған қолын қояды - 3 (үш) минут;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушыға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес есепті қабылдағаны туралы талон (бұдан әрі – талон) береді – 2 (екі) минут;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер есептің деректерін енгізеді және салық органдарының ақпараттық жүйесінде дара кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимін қолдануға патентті қалыптастыру үшін өндеуге жібереді, есепті ұсыну күнінен кейінгі –1 (бір) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
3) құжаттарды беруге жауапты қызметкер қызметті алушы талонмен және жеке басын куәландыратын құжаттармен жүгінген кезде осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасына сәйкес шығыс құжаттарын беретін журналда (бұдан әрі - Журнал) шығыс құжаттарын тіркейді және Журналға қол қойдырып қолма-қол береді – 10 (он) минут.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚӨО қызметкерлері қатысады.
Toggle Dropdown
7. Құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының берген құжаттарын қабылдайды, тексереді және тіркейді.
Toggle Dropdown
8. Құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкерге құжаттарды өңдеуге береді.
Toggle Dropdown
9. Құжаттарды беруге жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттармен жүгінген кезде қағаз жеткізгіштегі электрондық патентті Журналда тіркейді және қол қойдырып қолма-қол береді.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгінуі кезіндегі және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) жалғаспалық тәртібі көрсетілетін өзара іс-қимылдардың функционалдық диаграммасы, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасында келтірілген:
Toggle Dropdown
1. көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң электрондық цифрлы қол қойып (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы туралы жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорынан/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) мәліметтер автоматты жүйеде алынады және сақталады (ЭҮП-да тiркелмеген қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) 1-үдеріс - қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН/БСН) енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі) немесе мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көмегімен порталда парольді авторландыру;
Toggle Dropdown
3) 1-шарт - логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын порталда тексеру;
Toggle Dropdown
4) 2-үдеріс - қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталдда қалыптастыру;
Toggle Dropdown
5) 3-үдеріс - мемлекеттік қызметті алушының осы Мемлекеттік қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарды ескере отырып сауал нысандарын толтыру (деректерді енгізу), сондай-ақ қызметті алушының деректерi туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-на автоматты сауалдар жіберу;
Toggle Dropdown
6) 2-шарт - қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ғы деректерiн тексеру;
Toggle Dropdown
7) 4-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да деректері расталмағандығына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
8) 5- үдеріс - қызметті алушының сауалды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
Toggle Dropdown
9) 3-шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ (сауалда ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
Toggle Dropdown
10) 6-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
11) 7-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуі үшін сауалды куәландыруы және ЭҮШ арқылы электрондық түрдегі құжатты (сауалды) қызметті берушінің өңдеуі үшін БСАЖ АЖ-не жіберу;
Toggle Dropdown
12) 8-үдеріс – БСАЖ АЖ-де электрондық түрдегі құжатты тіркеу;
Toggle Dropdown
13) 4-шарт - көрсетілетін қызметті берушімен сауалды тексеру (өңдеу);
Toggle Dropdown
14) 9-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтары болуына байланысты БСАЖ АЖ-де бас тарту туралы уәжделген жауапты қалыптастыру;
Toggle Dropdown
15) 10-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының БСАЖ аж-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
11. Қызметті берушінің және қызметті алушының СТК арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгінуі және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) жалғаспалық тәртібі осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасында өзара іс-қимылдардың функционалды диаграммасы келтірілген:
Toggle Dropdown
1) 1-үдеріс - қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен қызметті алушы СТК тiркеудi жүзеге асырады, бұл ретте қызметті алушы туралы мәліметтер тіркеу деректерінен автоматты жүйеде алынады және сақталады;
Toggle Dropdown
2) 1-шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) арқылы тіркелген қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын СТК тексеру;
Toggle Dropdown
3) 2-үдеріс - қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны СТК қалыптастыру;
Toggle Dropdown
4) 3-үдеріс - мемлекеттік қызметті алушының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарды ескере отырып сауал нысандарын толтыру (деректерді енгізу);