1. «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті беруші лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қол қоюымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тізім бойынша қабылдайды, электронды құжат айнылымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркейді – 10 (он) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты қызметкері:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық бомау фактілері белгілі болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбашы дәлелді жауабын – 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде береді;
2-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
ұсынылған құжаттар Стандарттың 9-тармағына сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Басқармасына хабарлап, көрсетілетін қызметті алушының объектісіне шығады, нәтижесі бойынша оның қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау актісін жасайды;
Редакция по состоянию на
Редакция по состоянию на
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь.