Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
15-қосымша
Toggle Dropdown
«Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 12.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер алу үшін сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінің «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеуші кабинеті) арқылы;
Toggle Dropdown
2) коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды(толық автоматтандырылған) түрде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесіболыпберешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді электронды түрде жіберу.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесін беру нысаны: электронды түрде.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
Toggle Dropdown
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілік тәртібі көрсетілген функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлі қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеледі, ол қызмет алушының интернет-браузерінде сақталады, жүйемен автоматты түрде жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – ЖК МДҚ/ЗТ МДҚ) қызмет алушы туралы мәліметтер алынып, сақталады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН енгізу процесі (авторландыру процесі) не мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда парольді авторландыру;
Toggle Dropdown
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердiң түпнұсқалығын порталда тексеру;
Toggle Dropdown
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
Toggle Dropdown
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдап алуы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерi туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) автоматты сұрау салулар жіберу;
Toggle Dropdown
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ғы деректерiн тексеру;
Toggle Dropdown
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да деректері расталмағандығына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру, қол қою үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
Toggle Dropdown
9) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ (сауалда ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
Toggle Dropdown
10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;