Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы
№ 668 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 09.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 81-бабына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытындыны алу үшін өтініш беруші ЭЦҚ куәландырылған, «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) келтірілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) жібереді.
Toggle Dropdown
3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
5. Құжаттарды қарау және рұқсат беру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Электрондық сұрау салуды жіберу өтініш берушінің «Жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Портал арқылы – өтініш берушінің «Жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
7. Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Toggle Dropdown
Өтінішті одан әрі қараудан дәлілді бас тарту өтініш берушіге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы уәкілетті орган басшысының лектрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
8. Өтініш беруші толық құжаттар пакетін ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытындыны беруді Порталда жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
9. Осы Қағидалардың талаптары бұзылған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге рұқсат берілмейді.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті алушы келісім және (немесе) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Респубикасының аумағында тіркелген немесе тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытындыны қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгіне алады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Toggle Dropdown
12. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (есірткі құралдарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Кодекстің 81-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
Қазақстан Республикасының аумағынан
әкету қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
________________________
(уәкілетті органның атауы)
Toggle Dropdown
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды әкетуге өтініш
Toggle Dropdown
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруді сұраймын.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, электрондық почтасы
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН) (бар болған кезде)
|
|
Өнім беруші
|
|
Экспорттаушы ел
|
|
Импорттаушы ел
|
|
Өндіруші
|
|
Өнім берушінің заңды мекенжайы
|
|
Өнім берушінің телефоны, электрондық почтасы
|
|
Өнім беруші ел
|
|
Келісімшарттың (шарттың) нөмірі
|
|
Келісімшарттың (шарттың) күні
|
|
Ерекшеліктің (қосымшаның, инвойстың, шот-фактураның) нөмірі
|
|
Ерекшеліктің (қосымшаның, инвойстың, шот-фактураның) күні
|
|
Әкету жүргізілетін кедендік орган
|
|
Toggle Dropdown
СЭҚТН коды
|
Дәрілікзаттың, медициналық бұйымдардың атауы
|
Концентрациясы
|
Дозалау
|
Өлшеп-орау (нөмірі)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Жиыны
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Шығарылу нысаны
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
Өндіруші
|
Өндіруші ел
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкету қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері.
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал): www.egov.kz, www.elicense.kz.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
-Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге - 3 (үш) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
электронды (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге келісу/қорытынды (рұқсат беру құжаты) не осы мемлекеттік мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18-30-ге дейін.
2) Порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге рұқсатты ресімдеу үшін өтініш беруші аумақтық департаменттердің Порталына мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш;
берілген лицензиялар туралы мәліметтерді ЭЛ МДҚ-дан алу мүмкін болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірумен немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізумен байланысты қызметтің кіші түріне арналған қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға берілген лицензияның немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған қызметтің басталғаны туралы хабарланы қабылдау туралы талонның немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның (денсаулық сақтау ұйымы дәрілік заттарды әкелген жағдайда) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, фармацевтикалық және медициналық қызметке, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға (пандустар мен лифтілер) қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Өтініш беруші ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Өтініш беруші порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-реурсында жарияланған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
|
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
Қазақстан Республикасының аумағынан
әкету қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкету қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
________________________
(уәкілетті органның атауы)
Toggle Dropdown
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге рұқсат
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
____________________________________________________________________
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
заңды тұлғаның толық атауы,
____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН), мекенжайы, телефоны)
___________ жасалған 20__жылғы «___» ________ №_____
келісімшартқа (шартқа) 20__жылғы « ___» ________ №__ ерекшелікке
сәйкес дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың
мынадай атауларын Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат етеді:
Toggle Dropdown
Р/с №
|
Дәрілік заттардың (дәрілік нысан), медициналық бұйымдардың атауы
|
Өлш. бірл.
|
Саны
|
Өндіруші және өндіруші елдің атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлғаның лауазымы ___________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы: ________________________
Тел: ______________
Қорытынды дейін жарамды: _________________________