• Мое избранное

Отправить по почте

10

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қыркүйекте № 12032 болып тіркелді

1
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 01.06.2023 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидалар бекітілсін:
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 11 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_____________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 18 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
___________ В. Школьник 
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-08/590 бұйрығымен
бекітілген
4
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалар
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.06.2016 жылғы № 285 Бұйрығымен (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.01.2018 жылғы № 8 Бұйрығымен (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2019 жылғы № 46 Бұйрығымен (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) өзгерту 24.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 жылғы № 186 бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 01.06.2023 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
1) алып қою актісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11753 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімді алып қою актісі;
2) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін, зиянкестерді, өсімдік ауруларын қоздырғыштарды және арамшөптерді олардың түрлік құрамын және карантиндік объектілерге және бөтен текті түрлерге тиесілілігін айқындау мақсатында зерттеу;
3) залалсыздандыру – карантиндік объектілерді жоюға бағытталған карантинге жатқызылған өнімге қатысты іс-қимылдар жиынтығы;
4) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау – карантинге жатқызылған өнімді әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және өткізу тәртібі мен рәсімдерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуге бағытталған карантиндік фитосанитариялық шаралар кешені;
5) карантиндік фитосанитариялық сараптау – карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың), карантиндік объектілердің және реттелетін карантинге жатпайтын зиянды организмдердің үлгілерін (сынамаларын) зерттеу және карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын беру жөніндегі рәсімдер кешені;
6) карантинге жатқызылған өнім партиясы – бір көлік құралымен бір межелі пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнім саны;
7) карантиндік зертхана – әкелінетін және отандық карантинге жатқызылған өнім үлгілеріне карантиндік объектілерді анықтау мәніне зертханалық сараптама жүргізетін, объектілердің карантиндік және бөтен текті түрлерге тиесілілігі белгіленетін, аспаптармен және карантиндік объектілер жөніндегі әдебиетпен жабдықталған өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйымның стационарлық зертханасы;
8) карантиндік тексеріп-қарау – карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеп-қарауға, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлар қаптамасын ашуға байланысты карантинге жатқызылған өнім партиясын немесе көлік құралының жүк жайын не сыйымдылықтарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім болатын немесе болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен зерттеп-қарау;
9) карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі –карантиндік тексеру сәтінде карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк жайының карантиндік жай-күйі туралы куәландыратын, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін құжат;
10) карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі – әкелуге жатпайтын импорттық карантинге жатқызылған өнімді қайтару жөнінде немесе карантинге жатқызылған өнімді тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау мен қадағалауға көрсетуден бас тартқан жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін құжат;
11) карантиндік хабарлама – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органды алдағы уақытта карантинге жатқызылған өнімнің келіп түсетіні, оның жай-күйі және (немесе) оның межелі пунктінде егжей-тегжейлі тексеріп қарау қажеттігі туралы хабардар ететін құжат;
12) карантиндік қарап-тексеру – ыдысты, ораманы ашпастан және үлгілерді іріктеп алмастан карантинге жатқызылған өнімді, оның ішінде көлік құралдарын (көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көзбен зерттеп-қарау;
13) мөртаңба – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың қолтаңбасын және келу орындары мен жеткізу орындарында жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданған шешімді растау үшін карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарда, көліктік (тасымалдау) құжаттарда және карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актілеріне қоятын мөр;
14) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор – мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы;
15) өсімдіктер – тұқымдарды қоса алғанда, тірі өсімдіктер және олардың бөліктері;
16) өсімдік салымдары – почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгіндегі және багажындағы өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау мен қадағалауға жататын өсімдіктен алынатын өнім;
17) өсімдіктердің сыртқы карантині – карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің карантинге жатқызылған өніммен бірге импортталатын аумақтан әкелінуін және экспортталатын аумақтан әкетілуін болдырмауға бағытталған өсімдіктер карантині;
18) өсімдіктен алынатын өнім – өзінің табиғаты және (немесе) өңдеу тәсілі бойынша карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының аумағына ену және (немесе) онда таралу қаупін төндіретін өңделмеген өсімдіктен алынатын материал (шикізат);
19) өсімдіктердің ішкі карантині – карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының ішінде таралуының алдын алуға, карантиндік объектілердің ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсімдіктер карантині;
20) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
22) транзит елі – карантинге жатқызылған өнім сақталмай, бөліктерге бөлінбей, қайта оралмай өтетін және осы елде карантиндік объектілермен залалдану қатеріне ұшырамайтын ел.
3. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, техникалық қайта өңдеуге, тазалауға және жоюға, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыруға және тазалауға, карантинге жатқызылған өнімді қайтаруға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған.
4. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 01.06.2023 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшелер, баданалар, түйнектер, жемістер), сондай-ақ карантиндік объектілерді тасымалдаушы болуы мүмкін басқа да өсімдіктен алынатын кез келген өнімге;
өсiмдiктер ауруларын қоздырушылары – тiрi саңырауқұлақтарға, вирустарға, бактериялар өсiрінділеріне, сондай-ақ нематодаларға, кенелер мен жәндіктерге;
жәндіктердің, өсімдіктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, гербарийлерге және тұқымдар коллекцияларына;
карантиндiк объектiлердi тасымалдағыштар болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы машиналарына және топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түріне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарына, топырақ құймалары мен үлгiлерiне;
почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына;