Toggle Dropdown
"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 677 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қазанда № 12191 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 173-бабына, Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 (28476) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Toggle Dropdown
Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:
Toggle Dropdown
8-тарау тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу»;
Toggle Dropdown
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«55. ҚАЖ мекемелерінен босатылатын, туберкулезбен ауыратын, жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген адамдар, сот шешімімен босатылған соң босатылу орны бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.»;
Toggle Dropdown
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«57. Туберкулезбен ауыратын, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгіленген адамдарды, ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және мекеменің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіледі.
Toggle Dropdown
ҚАЖ мекемелерінен босату туралы хабарлама еркін нысанда жасалады.»;
Toggle Dropdown
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«59. ҚАЖ мекемелерінің әкімшіліктері тиісті құжаттарымен, сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, туберкулезбен ауырған адамның босатылу орны бойынша денсаулық сақтау жүйесінің ТҚҰ-на алып баруды қамтамасыз етеді.»;
Toggle Dropdown
Осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада:
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«ТИ-да анықталған және азаматтық денсаулық сақтау секторынан ауыстырылған туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар № 907 бұйрықпен бекітілген туберкулез бойынша есепке алу нысандарына сәйкес ТБ-16 диспансерлік қадағалау картасында, ТБ-03, IV-санатты ТБ-11 журналдарында және Ұлттық туберкулез ауруларын тіркеуіндегі «жаңа жағдай», «рецидив», «басқалар», «ауыстырылды» және т.б. бағандарында тіркеледі.»;
Toggle Dropdown
бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«ТИ-да тіркелген науқасты ЕПМ-ге жолдаған кезде науқастың деректері науқас жолданған ТИ-ның ТБ-03 және IV-санатты ТБ-11 журналдарының көшірмесіне «Ескертпе» бағанында ТИ-ның индексі мен келу күнін көрсете отырып енгізіледі. Емдеу және бақылау бойынша барлық деректер ТБ-03 немесе IV-санатты ТБ-11 журналдарына, ТБ-01 немесе IV-санатты ТБ-01 медициналық карталарына және Ұлттық туберкулез аурулары тіркеуіне ол келген ТИ-дың логины мен құпия сөзімен енгізіледі.»;
Toggle Dropdown
Осы бұйрықпен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасында:
Toggle Dropdown
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«13. Адамды ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы мәселені көтеру үшін сотқа АМК-ның ұсынымы, қорытындысы, сотталғанның мінездемесі мен жеке ісі науқасты куәландыру күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолданады.
Toggle Dropdown
Ұсынымда сотталған туралы деректер, ол жасаған қылмыстың ауырлығы, оның жеке басы туралы, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы және ол ауыратын аурудың сипаты көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Тізбеде көрсетілген ауруы бар адам науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталғанның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, сотпен жазасын өтеуден босатылады немесе жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.»;
Toggle Dropdown
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«17. Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған сотталғандар міндетті диспансерлік есепке алынады, қажет болған жағдайда аумақтық медициналық ұйымдарға стационарлық емге жатқызылады.»;
Toggle Dropdown
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19. Босатылған диспансерлік есепте тұрған немесе емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы мекеме әкімшілігіне науқастың денсаулығы жағдайы туралы ақпарат тоқсан сайын, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайда шұғыл хабарлайды.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М.Бердалин):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қыркүйек