Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 21.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 6 (алты) ай;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
Toggle Dropdown
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);
Toggle Dropdown
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
Toggle Dropdown
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;
Toggle Dropdown
6) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 тіркелген);
Toggle Dropdown
7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
Toggle Dropdown
10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың нотариалдық түрде куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш-келісімі және материалдық және өзге де наразылықтардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы не хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Toggle Dropdown
18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықтан шығу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған қолдаухатты, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдері береді.
Toggle Dropdown
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.
Toggle Dropdown
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған не берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.
Toggle Dropdown
9-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі
Toggle Dropdown
Р/с
№ |
Ел |
Консулдық алым |
| 1 |
2 |
3 |
| 1. |
Америка Құрама Штаттары |
300 АҚШ доллары |
| 2. |
Канада |
300 АҚШ доллары |
| 3. |
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі |
190 ағылшын фунт стерлингі |
| 4. |
Бельгия Корольдігі |
220 евро |
| 5. |
Француз Республикасы |
220 евро |
| 6. |
Германия Федеративтік Республикасы |
220 евро |
| 7. |
Аустрия Республикасы |
220 евро |
| 8. |
Швейцария Конфедерациясы |
300 Швейцариялық
франкі |
| 9. |
Италия Республикасы |
220 евро |
| 10. |
Испания Корольдігі |
150 евро |
| 11. |
Мажарстан |
70 евро |
| 12. |
Чех Республикасы |
220 евро |
| 13. |
Литва Республикасы |
100 евро |
| 14. |
Түркия Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 15. |
Нидерланды Корольдігі |
220 евро |
| 16. |
Хорватия Республикасы |
220 евро |
| 17. |
Грекия Республикасы |
215 евро |
| 18. |
Румыния |
200 евро |
| 19. |
Болгария Республикасы |
150 евро |
| 20. |
Норвегия Корольдігі |
218 евро |
| 21. |
Мысыр Араб Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 22. |
Израиль Мемлекеті |
200 АҚШ доллары |
| 23. |
Біріккен Араб Әмірліктері |
300 АҚШ доллары |
| 24. |
Сауд Арабиясы Корольдігі |
300 АҚШ доллары |
| 25. |
Қатар Мемлекеті |
150 АҚШ доллары |
| 26. |
Иордания Хашимит Корольдігі |
100 АҚШ доллары |
| 27. |
Иран Ислам Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 28. |
Пәкістан Ислам Республикасы |
150 АҚШ доллары |
| 29. |
Ауғанстан Ислам Республикасы |
150 АҚШ доллары |
| 30. |
Үндістан Республикасы |
100 АҚШ доллары |
| 31. |
Қытай Халық Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 32. |
Малайзия |
200 АҚШ доллары |
| 33. |
Корея Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 34. |
Жапония |
300 АҚШ доллары |
| 35. |
Моңғолия |
100 АҚШ доллары |
| 36. |
Сингапур Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 37. |
Ливан Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 38. |
Ливия Мемлекеті |
200 АҚШ доллары |
| 39. |
Таиланд Корольдігі |
300 АҚШ доллары |
| 40. |
Ресей Федерациясы |
50 АҚШ доллары |
| 41. |
Украина |
50 АҚШ доллары |
| 42. |
Беларусь Республикасы |
40 АҚШ доллары |
| 43. |
Өзбекстан Республикасы |
200 АҚШ доллары |
| 44. |
Қырғыз Республикасы |
150 АҚШ доллары |
| 45. |
Түрікменстан |
50 АҚШ доллары |
| 46. |
Тәжікстан Республикасы |
200 АҚШ доллары |
| 47. |
Әзербайжан Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 48. |
Армения Республикасы |
200 АҚШ доллары |
| 49. |
Оман сұлтандығы |
300 АҚШ доллары |
| 50. |
Бразилия Федеративтік Республикасы |
300 АҚШ доллары |
| 51. |
Индонезия Республикасы |
200 АҚШ доллары |
| 52. |
Финляндия Республикасы |
100 евро |
| 53. |
Грузия |
50 АҚШ доллары |
| 54. |
Польша |
220 евро |
| 55. |
Куба |
250 АҚШ доллары |
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Сауалнама – өтініш
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеуге рұқсат беруді сұраймын.
Toggle Dropdown
|
Сұрақтар
|
Жауаптар
|
|
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
|
|
|
2. Барлық бұрынғы тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді атаңыз
|
|
|
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз)
|
|
|
4. Ұлты
|
|
|
5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)
|
|
|
6. Шетелге шығар алдында тұрған мекенжайы
|
|
|
7. Соңғы тiркелген орны
|
|
|
8. Соңғы жұмыс, оқу орны
|
|
|
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)
|
|
|
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз
|
|
|
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба? Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?
|
|
|
12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатнамамен байланысты міндеттемелеріңіз бар ма
|
|
Toggle Dropdown
13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Toggle Dropdown
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен шеніңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Toggle Dropdown
|
Айы мен жылы
|
Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы
|
Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен әпке-сіңлілер, ата, апа, немерелер).
Toggle Dropdown
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шет елде тұратын барлық жақын туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.
Toggle Dropdown
|
Туыстық деңгейi
|
Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
|
Туған жылы мен жері
|
Жұмыс орны, лауазымы
|
Болу елі, тұрғылықты мекенжайы
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
15. Жұбайым/зайыбым ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде. (иә/жоқ). 16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы (-шасы) болмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз _______________________________________________ 17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменің атауы __________________________________________________________________________ 18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ____________________________________ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында шет мемлекеттің азаматтығы танылмайтындығы туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының ережесі түсіндірілді.
Toggle Dropdown
Өтініш берушінің қолы __________________