• Мое избранное
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 5-қосымша

7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 02.03.2018 жылғы № 11-1-4/78 Бұйрығына сәйкес (09.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 31.10.2019 жылғы № 11-1-4/565 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің 05.11.2020 жылғы № 11-1-4/319 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9.Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-хат;
2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
4) мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі түрлі түсті фотосурет (фотосурет қызметтік паспортты ресімдеуге ниет білдіретін тұлғаның құжаттарын ресімдеу уақытындағы жасына сәйкес болуы және қатаң түрде алдынан жарық жерде түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болу қажет, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% – ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканер арқылы басып шығару, модельдеу мен ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
9-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылады ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесінің»талаптарына сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 09.12.2016 жылғы № 11-1-2/584 Бұйрығына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Қазақстан Республикасының қызметтік
 паспорттарын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
нысан
Іссапарға жіберуші мекеменің бланкісінде қызметтік паспорты ресімдеу үшін
№ _________
 20__ ж. «___» _________
Қазақстан республикасы
 Сыртқы істер министрлігі
 Консулдық қызмет департаменті
..........(ел) шығуға қызметтік паспортты ресімдеуді/беруді сұраймыз:
Аты-жөні – лауазымы
Шығуы жылы/күні/айына..........күн (жыл) мерзімге жоспарланған
Бағыты:
Баратын қалалар:
Сапардың мақсаты:
Шығуының негіздемесі:............(ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Сапарды: (ұйымның атауы) қаржыландырады
Қосымша:
1) іссапарға жіберуші мекеменің кадр бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) паспорт беруге толтырылған өтініш;
3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
4) жеке куәліктің көшірмесі.
      Ұйымның басшысы               Қолы                   Т.А.Ә.
                                     Мөрдің орны
Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:
«Қазақстан Республикасының қызметтік
 паспорттарын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметшілер шетелдік іссапардан келгеннен кейін дипломаттық және қызметтік паспорттарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің Астана қаласындағы мұрағатына он күн мерзімде тапсыруы тиіс. Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспорттары уақытында тапсырылмаған немесе жоғалған жағдайда, жауапкершілік жоғарыда аталған құжат иелеріне жүктеледі («Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығының 20-тармағына сәйкес).
По возвращении из заграничной командировки государственных служащих дипломатические и служебные паспорта РК подлежат сдаче в архив Департамента консульской службы МИД РК в г. Астана в десятидневный срок. Ответственность за несвоевременную сдачу либо утерю дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан лежит на владельцах вышеуказанных документов (согласно п.20 Указа Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150 «Правила выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан»).
      Таныстырылды / ____________       20__ жылғы «___» ____________
Ознакомлен
      Азаматтың қолы / _______________ ______________________________
Подпись гражданина
ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕР ҮШІН / ДЛЯ СЛУЖЕБНЫХ ОТМЕТОК
Бұдан бұрын берілген ДП/ҚП
Ранее выданные ДП/СП
Берілген күні
Дата выдачи
Тұрған жері
Местонахождение
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
Орындаушы _________ / ____________ __20__ жылғы «__» ________________
Исполнитель