Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
6-қосымша
Toggle Dropdown
«Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 21.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жазбаша түрде хабарлай отырып, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында – консулдық алымды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы;
Toggle Dropdown
2) шетелде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Toggle Dropdown
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша өзара түсіністік қағидаты негізінде тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлға үшін:
Toggle Dropdown
еркін нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
Toggle Dropdown
заңдастыруға жататын құжат;
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
2) заңды тұлға үшін:
Toggle Dropdown
еркін нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
Toggle Dropdown
заңдастыруға жататын құжат;
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Toggle Dropdown
құрылтай құжаттардың көшірмелері;
Toggle Dropdown
өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
9-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) Құжаттарды заңдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғалар – өзінің тегін, атын, әкесінің атын және пошталық адресін көрсетеді;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғалар – өзінің аталуын, пошталық адресін, шығыс нөмірін және уақытын көрсетеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Toggle Dropdown
Консулдық заңдастыру үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі
Toggle Dropdown
Р/с
№ |
Ел |
Консулдық алым |
| 1 |
2 |
3 |
| 1. |
Америка Құрама Штаттары |
50 АҚШ доллары |
| 2. |
Канада |
60 АҚШ доллары |
| 3. |
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі |
35 ағылшын фунт стерлингі |
| 4. |
Бельгия Корольдігі |
45 евро |
| 5. |
Француз Республикасы |
50 евро |
| 6. |
Германия Федеративтік Республикасы |
45 евро |
| 7. |
Аустрия Республикасы |
40 евро |
| 8. |
Швейцария Конфедерациясы |
65 Швейцариялық
франкі |
| 9. |
Италия Республикасы |
25 евро |
| 10. |
Испания Корольдігі |
40 евро |
| 11. |
Мажарстан |
40 евро |
| 12. |
Чех Республикасы |
45 евро |
| 13. |
Литва Республикасы |
30 евро |
| 14. |
Түркия Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 15. |
Нидерланды Корольдігі |
50 евро |
| 16. |
Хорватия Республикасы |
40 евро |
| 17. |
Грекия Республикасы |
25 евро |
| 18. |
Румыния |
40 евро |
| 19. |
Болгария Республикасы |
40 евро |
| 20. |
Норвегия Корольдігі |
26 евро |
| 21. |
Мысыр Араб Республикасы |
20 АҚШ доллары |
| 22. |
Израиль Мемлекеті |
30 АҚШ доллары |
| 23. |
Біріккен Араб Әмірліктері |
50 АҚШ доллары |
| 24. |
Сауд Арабиясы Корольдігі |
50 АҚШ доллары |
| 25. |
Қатар Мемлекеті |
50 АҚШ доллары |
| 26. |
Иордания Хашимит Корольдігі |
20 АҚШ доллары |
| 27. |
Иран Ислам Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 28. |
Пәкістан Ислам Республикасы |
10 АҚШ доллары |
| 29. |
Ауғанстан Ислам Республикасы |
5 АҚШ доллары |
| 30. |
Үндістан Республикасы |
30 АҚШ доллары |
| 31. |
Қытай Халық Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 32. |
Малайзия |
30 АҚШ доллары |
| 33. |
Корея Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 34. |
Жапония |
50 АҚШ доллары |
| 35. |
Моңғолия |
50 АҚШ доллары |
| 36. |
Сингапур Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 37. |
Ливан Республикасы |
20 АҚШ доллары |
| 38. |
Либия Араб Социалистік Халық Жамахириясы |
30 АҚШ доллары |
| 39. |
Таиланд Корольдігі |
40 АҚШ доллары |
| 40. |
Ресей Федерациясы |
50 АҚШ доллары |
| 41. |
Украина |
10 АҚШ доллары |
| 42. |
Беларусь Республикасы |
10 АҚШ доллары |
| 43. |
Өзбекстан Республикасы |
40 АҚШ доллары |
| 44. |
Қырғыз Республикасы |
30 АҚШ доллары |
| 45. |
Түрікменстан |
5 АҚШ доллары |
| 46. |
Тәжікстан Республикасы |
10 АҚШ доллары |
| 47. |
Әзербайжан Республикасы |
20 АҚШ доллары |
| 48. |
Армения Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 49. |
Оман сұлтандығы |
50 АҚШ доллары |
| 50. |
Бразилия Федеративтік Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 51. |
Индонезия Республикасы |
30 АҚШ доллары |
| 52. |
Финляндия Республикасы |
30 евро |
| 53. |
Грузия |
50 АҚШ доллары |
| 54. |
Польша |
35 евро |
| 55. |
Куба |
30 АҚШ доллары |