Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
7-қосымша
Toggle Dropdown
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 14.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Берілген рұқсаттарға қатысты мәліметтер көрсетілетін қызметті берушімен «Е-лицензиялау» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші жеке немесе заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың ұсынылған топтамасы толық емес екені анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды ішінара автоматтандырылған және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғалар үшін:
Toggle Dropdown
еркін нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін);
Toggle Dropdown
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
Toggle Dropdown
өлшем куәлігі;
Toggle Dropdown
сыныптау куәлігі;
Toggle Dropdown
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғалар үшін:
Toggle Dropdown
еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының өкілі ұсынады);
Toggle Dropdown
белгіленген тәртіппен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаны көрсету қажет);
Toggle Dropdown
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
Toggle Dropdown
өлшем куәлігі;
Toggle Dropdown
сыныптау куәлігі;
Toggle Dropdown
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
9-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуі жөніндегі нұсқаулығының» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғалар – өзінің тегін, атын, әкесінің атын және пошталық адресін көрсетеді;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғалар – өзінің аталуын, пошталық адресін, шығыс нөмірін және уақытын көрсетеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын
көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Toggle Dropdown
Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемесінің көлемі
Toggle Dropdown
Р/с
№ |
Ел |
Консулдық алым |
| 1 |
2 |
3 |
| 1. |
Америка Құрама Штаттары |
60 АҚШ доллары |
| 2. |
Канада |
100 АҚШ доллары |
| 3. |
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Құрама Корольдігі |
50 ағылшын фунт стерлингі |
| 4. |
Бельгия Корольдігі |
75 евро |
| 5. |
Француз Республикасы |
50 евро |
| 6. |
Германия Федеративтік Республикасы |
90 евро |
| 7. |
Аустрия Республикасы |
45 евро |
| 8. |
Швейцария Конфедерациясы |
65 Швейцариялық
франкі |
| 9. |
Италия Республикасы |
75 евро |
| 10. |
Испания Корольдігі |
35 евро |
| 11. |
Мажарстан |
40 евро |
| 12. |
Чех Республикасы |
40 евро |
| 13. |
Литва Республикасы |
75 евро |
| 14. |
Түркия Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 15. |
Нидерланды Корольдігі |
50 евро |
| 16. |
Хорватия Республикасы |
75 евро |
| 17. |
Грекия Республикасы |
40 евро |
| 18. |
Румыния |
50 евро |
| 19. |
Болгария Республикасы |
60 евро |
| 20. |
Норвегия Корольдігі |
44 евро |
| 21. |
Мысыр Араб Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 22. |
Израиль Мемлекеті |
30 АҚШ доллары |
| 23. |
Біріккен Араб Әмірліктері |
60 АҚШ доллары |
| 24. |
Сауд Арабиясы Корольдігі |
60 АҚШ доллары |
| 25. |
Қатар Мемлекеті |
60 АҚШ доллары |
| 26. |
Иордания Хашимит Корольдігі |
60 АҚШ доллары |
| 27. |
Иран Ислам Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 28. |
Пәкістан Ислам Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 29. |
Ауғанстан Ислам Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 30. |
Үндістан Республикасы |
30 АҚШ доллары |
| 31. |
Қытай Халық Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 32. |
Малайзия |
50 АҚШ доллары |
| 33. |
Корея Республикасы |
45 АҚШ доллары |
| 34. |
Жапония |
60 АҚШ доллары |
| 35. |
Моңғолия |
60 АҚШ доллары |
| 36. |
Сингапур Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 37. |
Ливан Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 38. |
Либия Араб Социалистік Халық Жамахириясы |
50 АҚШ доллары |
| 39. |
Таиланд Корольдігі |
60 АҚШ доллары |
| 40. |
Ресей Федерациясы |
60 АҚШ доллары |
| 41. |
Украина |
50 АҚШ доллары |
| 42. |
Беларусь Республикасы |
30 АҚШ доллары |
| 43. |
Өзбекстан Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 44. |
Қырғыз Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 45. |
Түрікменстан |
60 АҚШ доллары |
| 46. |
Тәжікстан Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 47. |
Әзербайжан Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 48. |
Армения Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 49. |
Оман сұлтандығы |
60 АҚШ доллары |
| 50. |
Бразилия Федеративтік Республикасы |
60 АҚШ доллары |
| 51. |
Индонезия Республикасы |
50 АҚШ доллары |
| 52. |
Финляндия Республикасы |
75 евро |
| 53. |
Грузия |
60 АҚШ доллары |
| 54. |
Польша |
40 евро |
| 55. |
Куба |
50 АҚШ доллары |