• Мое избранное
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың сметалық құнын айқындауға арналған.
2. Мемлекеттік норматив құрылыс құнын айқындау үшін нормативтік негіз болып табылады және құрылыстағы баға белгілеу және объектілерді салуға арналған сметаларды (сметалық есептерді) жасау бойынша негізгі қағидаттардан және әдістемелік ережелерден тұрады.
3. Осы Мемлекеттік нормативтің нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағалардағы құрылыстың құнын айқындаудың ресурстық әдісі негізінде жасалған.
4. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;
2) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу – физикалық тұрғыдан тозуына және бұзылуына байланысты ғимараттардың (құрылыстардың) жекелеген бөліктерін немесе тұтас конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік-техникалық жабдығын қалпына келтіру немесе олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын неғұрлым ұзақ уақытқа төзімді және үнемділерғе ауыстыру жөніндегі жұмыстар;
3) жабдық – объектілердің технологиялық және инженерлік жабдығы;
4) жаңа құрылыс – жаңа объекті немесе өндірістік қуат жасау мақсатында жаңа алаңдарда жүзеғе асырылатын, пайдалануға енгізілгеннен кейін дербес теңгерімде болатын жаңадан құрылатын кәсіпорындардың, жеке өндірістердің жеке объектілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың, негізгі, қосалқы және қызмет көрсету объектілері кешенінің құрылысы, таратылатын кәсіпорынның орнына жаңа алаңға сондай немесе одан да көп қуаттағы (өнімділігі, өткізу қабілеті, ғимараттың немесе құрылыстың сыйымдылығы) кәсіпорынның құрылысы;
5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты (бұдан әрі - объект) кеңейту — жұмыс істеп тұрған объектіде қосымша өндірістерді, алаңдарды, қуаттылықтарды салу, сондай-ақ, қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттар жасау мақсатында жұмыс істеп тұрған объектілердің немесе оларға жақын орналасқан алаңдардың аумағына негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жаңа жеке цехтар мен объектілер салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту. Жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейтуге, сондай-ақ олардың құрамына кіретін филиалдар мен өндірістердің құрылысы жатады, олар пайдалануға енгізілгеннен кейін дербес теңгерімде болмайды. Егер жобалық пысықтау процесінде объектіні кеңейтумен бір уақытта негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жөндеуді жүзеге асыру қажеттілігі және оның экономикалық тиімділігі анықталса, тиісті жұмыстар мен шығындар объектіні кеңейту жобасының құрамына енгізіледі. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған цехтар мен объектілерді қайта жөндеу жөніндегі жұмыстар мен шығындар сметалық және жиынтық сметалық есептерге жеке жолмен енгізіледі;
6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимаратты немесе құрылысты қайта жаңарту – негізгі мақсаттағы жаңа объектілер мен цехтар салынбайтын және жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілмейтін, жаңа өнімді алуға, өндірісті жетілдіруге және ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы жетістіктерінің негізінде оның техникалық-экономикалық деңгейін жақсартуға бағытталған объектіні бірыңғай кешенді жоба бойынша қайта жарақтау; - ғимараттарды немесе құрылыстарды оның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен аумағы, құрылыс көлемі және ғимараттың жалпы алаңы, сыйымдылығы немесе өткізу қабілеті немесе оның мақсаты) жақсарту үшін қайта жарақтау, үй-жайларды жоспарлауды өзгерту, қондырғыны, жапсарласты, қосымшаны тұрғызу;
7) инженерлік жабдық – тұрмыстың қажетті жағдайларын және сумен жабдықтау (суық және ыстық), кәріз, жылу, ауаны желдету, баптау, газбен жабдықтау, электр жабдығы жүйелері құрылғыларын, көтеру-көлік құрылғыларын (лифтілер, эскалаторлар), қоқыс жинау, шаң жинау, өрт сөндіру, дабыл, телефонизация, радиофикация және ішкі абаттандырудың басқа да түрлерін қамтитын өндірістік қызметтің техникалық құрылғылар кешені;
8) құрылыстағы баға белгілеу – құрылыс өнімінің құнын белгілеу тетігі;
9) құрылыстың жоба алды сметалық құны – құрылыс жобасын сараптамаға оны ұсыну алдында, әзірлеуді аяқтау сатысына айқындалған және тиісті жиынтық сметалық есепте көрініс берген құрылыстың сметалық құны;
10) құрылыс кезегі – ғимараттар немесе құрылыстар тобының бір немесе бірнеше іске қосу кешендерінен тұратын құрылыстың бір бөлігі, оларды пайдалануға беру жобада көзделген өнімдерді шығаруды немесе қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Құрылыс кезегіне арналған жобалық-сметалық құжаттама құрылыс құрамында да және жеке жобамен де белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;
11) құрылыс – құрылысы, құрылыс құнының жиынтық сметалық есебімен бірге бірыңғай жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылатын әртүрлі мақсаттағы (өндірістік, әлеуметтік, көлік және басқа да инфрақұрылым) ғимараттар мен құрылыстардың (объектілердің) жиынтығы;
12) құрылыс ресурстары – жұмысшылар мен машинстердің еңбек шығындары, құрылыс машиналары мен тетіктері, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар, жабдық;
13) құрылыстың сараптама алды сметалық құны – тиісті жиынтық сметалық есепте көрініс берген құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен бекітуге ұсынылған құрылыстың сметалық құны;
14) материалдық ресурстар – құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар және инженерлік жабдық;
15) мердігердің сметасы (оферта) – мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін меншікті ұйымдастырушылық-технологиялық мүмкіндікті ескере отырып, олар жасайтын мердігердің конкурстық ұсынысының құрамындағы сметалық құжаттама;
16) объект – оған жататын барлық жайластырулары, жабдықтары, жиһазы, мүкәммалы, оған жататын қосалқы және қосымша құрылғылары бар, оған жақын жерде орналасқан инженерлік желілері және жалпы алаңдық материалдары бар жеке тұрған ғимарат немесе жалпы мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығы;
17) объектілерді салу – жаңа құрылыс, жаңғырту, кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды кеңейту, кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу;
18) прайс-парақ – кәсіпорындар (өндірушілер, жеткізушілер) ұсынатын материалдық ресурстарға арналған бағалар тізбесі;
19) ресурстық әдіс – құрылыс жобасын іске асыру үшін шығындар (ресурстар) элементтерінің ағымдағы бағаларында және тарифтерінде калькуляциялау жолымен құрылыстың құнын айқындау әдісі;
20) салалық нормативтік-техникалық құжаттар – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасымен реттелмейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығындарды айқындау әдістемесі мен ережесін белгілейтін орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ведомстволардың нормативтік-техникалық құжаттары;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган–сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
22) сметалық құн – құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объектіні салу құны;
23) сметалық құжаттама - құрылыстағы сметалық құнды айқындайтын құрылыс жобасы құрамындағы құжаттама;
24) сметалық нормативтер – құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін баға белгілеу мен сметалар бойынша және мыналарды қамтитын нормативтік құжаттар кешені:
объектілерді салудың құнын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқамалар, қағидалар мен ұсынымдар;
қабылданған өлшеуішке белгіленген құрылыстағы жұмыстарға арналған сметалық нормалар;
есептеудің қабылданған базасынан проценттерде көрініс берген құрылыстағы жекелеген шығыстар мен шығындарға арналған сметалық нормалар;
ірілендірілген сметалық нормалар;
құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалар;
25) сметалық нормалар – құрылыс, монтаж және басқа да жұмыстардың қабылданған өлшеуішіне белгіленген ресурстардың (құрылыс қызметкерлері еңбегінің, құрылыс машиналарының жұмыс істеу уақытының, материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға қажеттіліктің шығындары) жиынтығы немесе есептеудің қабылданған базасынан процентте көрініс берген құрылыс кезіндегі жекелеген шығыстар мен шығындардың мөлшерін көрсететін салыстырмалы шамалар;
26) сметалық-нормативтік база – белгіленген тәртіпте қолданысқа енгізілетін және құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін нормативтік-құқықтық негізді құрайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде бірлесіп іс-әрекет жасайтын бірыңғай тұжырымдамалық-әдістемелік негізде әзірленген мемлекеттік сметалық нормативтік құжаттардың жиынтығы;
27) сметалық пайда – жұмыстардың өзіндік құнына, мердігерлік ұйымды дамытуға, оның қызметкерлерін қосымша материалдық ынталандыруға жатқызылмайтын шығыстарды өтеуге арналған құрылыстың сметалық құнының нормативтік бөлігі болып табылатын қаражат сомасы;
28) тапсырыс берушінің (инвестордың, құрылыс салушының) сметасы – инвестициялық қызметті жоспарлауға және мердігерлік жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін құрылыстың барынша бағасын айқындауға арналған мемлекеттік сметалық нормативтік құжаттардың негізінде жасалатын сметалық құжаттама;
29) тапсырыс беруші қаражатының болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған резерві – жұмыс құжаттамасын әзірлеу процесінде немесе бекітілген жобада көзделген объектілер (жұмыстардың түрлері) бойынша жобалық шешімдерді немесе құрылыс шарттарын нақтылау нәтижесінде оларға қажеттілік туындайтын жұмыстардың және шығындардың құнын өтеуге арналған қаражат сомасы;
30) технологиялық жабдық - әр түрлі технологиялық процестерді іске асыратын технологиялық желілер, станоктар, қондырғылар, аппараттар, машиналар, тетіктер, аспаптар және басқа да құрылғылар, олардың нәтижесінде энергия өндіріледі, жартылай фабрикат, дайын өнім жасалады немесе олардың орын ауыстыруы, сондай-ақ технологиялық процестердің басқарылуын автоматтандыруды қамтамасыз ететін оларға ілеспе процестер, байланыс және бақылау функциялары қамтамасыз етіледі; технологиялық жабдық пен технологиялық процестердің жұмысын қамтамасыз етумен байланысты санитарлық-техникалық жабдық; негізгі жабдықпен жиынтықта берілетін байлау құбырлары, құбыр арматурасы, металл конструкциялар, бөлінген ұштары бар өлшемді кабель учаскелері; қолданысқа енгізілетін кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану үшін қажетті құрал-жабдықтардың, технологиялық жарақтар мен мүкәммалдың бастапқы қоры, жабдықтың қосалқы бөлшектері;
31) техникалық қайта жарақтандыру – озық технология мен жаңа техниканы енгізудің, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың, ескірген және физикалық тұрғыдан тозған жабдықтарды жаңғырту және жаңаларына, неғұрлым өнімділеріне айырбастаудың негізінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жекелеген өндірістерінің, цехтары мен учаскелерінің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру, сондай-ақ, кәсіпорынның шаруашылық және қосалқы қызметтерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
32) ұқсас объект – өзінің функционалдық мақсаты және техникалық сиаттамалары бойынша жоспарланатын объектімен ұқсас (салыстырмалы) және үлгі ретінде неғұрлым тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар объект;
33) үстеме шығындар – өндірістің жалпы жағдайларын жасаумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаж ұйымдарының шығындарын өтеуге арналған, сондай-ақ, құрылыстың есепке алынбаған басқа да құрамдас сметалық құнын Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған қаражат сомасы;
34) шефмонтаж – ұйымдастырушылық-техникалық нұсқаулық және жабдықты оны пайдалануға беруге дейін монтаждау және кепілдік көрсеткіштерге жету бойынша жұмыстарды тапсырыс беруші мамандарының орындауы үшін жабдықты дайындаушы-кәсіпорын мамандарының тарапынан қадағалау, консультациялар жүргізу және тапсырыс берушінің мамандарын оқыту;
35) ірілендірілген сметалық нормалар – объекті қуатының бірлігіне арналған қажетті ресурстардың санын айқындайтын туынды сметалық нормалар, ірілендірілген конструктивтік элементтер немесе жұмыстардың ірілендірілген түрлері;
36) іске қосу кешені – құрылыстың немесе оның кезегінің бір бөлігі болып табылатын объектілердің (немесе оның бөліктерінің) тобы, оларды пайдалануға енгізу жобада қабылданған өнім шығаруды немесе қызметтер көрсетуді, қызмет көрсетуші персонал үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін еңбек шарттарын, қоршаған ортаны қорғауды және пайдаланудың қалыпты (қолданыстағы нормаларға сәйкес) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын қамтамасыз етеді. Іске қосу кешені бойынша жобалау-сметалық құжаттама құрылыс құрамында да және жеке жобамен де белгіленген тәртіппен бекітуге жатады;
37) элементтік сметалық нормалар – құрылыстағы жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға арналған заттай көрсеткіштердегі өлшеушіге қабылданған құрылыс ресурстарының шығысын айқындайтын бастапқы деңгейдегі сметалық нормалар.
2. Құрылыстағы баға белгілеу әдістемесінің негізгі талаптары мен шарттары