Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 235-нқ бұйрығына
2-қосымша
Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
1. Осы Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде үстеме шығындардың шамасын айқындауға арналған.
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін ағымдағы бағалардағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Мемлекеттік норматив сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі заңнамаға сәйкес әзірленген және:
2) үстеме шығындар нормаларын жіктеуді;
3) Үстеме шығындардың шамасы есебінің әдістемесін қамтиды.
4. Мемлекеттік норматив сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жобалау ұйымдарының және мердігерлік жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстарға қатысқанда баға ұсыныстарын жасау кезінде мердігерлік ұйымдардың үстеме шығындарының шамасын айқындауына арналған.
5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылыс алаңы – ұйымдық оқшауланған учаскені білдіретен жоба бойынша белгілі бір объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысы үшін бөлінген аумақ;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаушы – салынып жатқан объектіде өз күшімен құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындайтын құрылыс ұйымы және/немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
3) құрылыс өнімі – сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) соңғы нәтижесі;
4) қосалқы мердігер – негізгі мердігермен жасалған қосалқы мердігерлік шарты негізінде құрылыс және/немесе монтаждау жұмыстарының белгілі бір түрін орындайтын және осы объект бойынша шартпен көзделген барлық жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілікте болатын құрылыс ұйымы;
5) тікелей шығындар – оларды тасымалдаумен материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың, мердігер жеткізетін инженерлік жабдықтың құны, құрылысшы жұмысшылардың негізгі жалақысы және құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану құны;
6) үстеме шығындар – өндірістің жалпы жағдайларын жасаумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты, сондай-ақ, құрылыстың сметалық құнының басқа да құрамдастарымен ескерілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін құрылыс-монтаж ұйымдарының шығындарын өтеуге арналған қаражат сомасы;
7) үстеме шығындардың нормалары – бұл үстеме шығындардың шамасын есептеу үшін қолданылатын проценттер түріндегі салыстырмалы нысанда көрсетілген сметалық нормалар. Үстеме шығындардың сметалық нормалары шекті болып табылады және құрылыс өнімі құнының құрамына кіретін орташа салалық қоғамдық қажетті шығындарды көрсетеді.
2. Үстеме шығындардың нормаларын жіктеу
6. Инвестициялық үрдістің әртүрлі кезеңдерінде құрылыстың құнын айқындау кезінде үстеме шығындардың нормалары олардың арналуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормалары;
2) құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша үстеме шығындардың нормалары (бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары);
3) құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың нормалары (екінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары).
7. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормалары ірілендірілген ресурстық сметалық нормаларды қолдана отырып, сметалық есептерде үстеме шығындардың шамасын айқындауға арналған. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормалары осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшада келтірілген.
8. Бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаушылардың үстеме шығындарының шамасын айқындауға арналған. Бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормаларын жұмыс жобасының құрамында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қолдану керек. Сондай-ақ, оларды қосалқы мердігерлер орындалған мердігерлік жұмыстар үшін есептерде қолдана алады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген.
9. Екінші деңгейдегі құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың нормалары құрылыс өндірісін жалпы басқаруға, бақылауға және қамтамасыз етуге мердігерлік ұйымның үстеме шығындарының шамасын айқындауға арналған. Екінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормаларын жұмыс жобасының құрамында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қолдану керек. Сондай-ақ, олар орындалған мердігерлік жұмыстар үшін есептерде қолдануы мүмкін. Екінші деңгейдегі құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың нормалары осы Мемлекеттік нормативке 3-қосымшада келтірілген.
3. Үстеме шығындардың шамасы есебінің әдістемесі
10. Үстеме шығындардың шамасы қолданылатын нормалардың түріне байланысты бағалардың ағымдағы деңгейінде құрылыс құнының сметалық есебінде және/немесе жергілікті ресурстық сметаларда (жергілікті ресурстық сметалық есептерде) анықталады. Үстеме шығындардың нормативтерін қолдану әдістемесі қолданылатын нормалардың түріне байланысты.
11. Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормалары құрылыс құнын алдын ала бағалау үшін инвестициялық жобаларды іске асырудың жобалау алдындағы кезеңінде қолданылады. Оларды пайдалану кезінде үстеме шығындарды есептеу тікелей шығындардың қорытындысы үшін жергілікті ресурстық сметалардың (жергілікті ресурстық сметалық есептің) соңында жүргізіледі. Бұл ретте, үстеме шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
ҮШісм – объектілер құрылысының құнын алдын ала бағалау үшін үстеме шығындардың шамасы, теңге немесе мың теңге;
ЕАТ - жергілікті ресурстық сметалардың (жергілікті ресурстық сметалық есеп) тікелей шығындарының құрамында ескерілетін жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражат шамасы, теңге немесе мың теңге;
ҮШІН – осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшада келтірілген құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормасы.
12. Бірінші деңгейдегі үстеме шығындар жұмыстардың түрлері бойынша ресурстар шығыстарының бірлік элементтік сметалық нормалары негізінде сметаларды (есептерді) жасау кезінде жергілікті ресурстық сметаларға (жергілікті ресурстық сметалық есептерге) енгізіледі. Бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
ҮШ1деңг = Үшін1деңг * ЕАТ, (2)
ҮШ1деңг - 1-деңгейдегі үстеме шығындардың шамасы, теңге немесе мың теңге;
Үшін1деңг – осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормасы;
ЕАТ – жергілікті ресурстық сметалардың (жергілікті ресурстық сметалық есеп) тікелей шығындарының құрамында ескерілетін жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражат шамасы, теңге немесе мың теңге.
13. Екінші деңгейдегі үстеме шығындар бірінші деңгейдегі үстеме шығындардан кейін жұмыстардың түрлері бойынша ресурстар шығысының элементтік сметалық нормалары негізінде сметаларды (есептерді) жасау кезінде жергілікті ресурстық сметаларға (жергілікті ресурстық сметалық есептерге) енгізіледі. Екінші деңгейдегі үстеме шығындардың шамасы мына формула бойынша анықталады:
ҮШ2деңг = ҮШІН2деңг * (ТШ + ҮШ1деңг ), (3)
мұнда ҮШ2деңг - 2-деңгейдегі үстеме шығындардың шамасы, теңге немесе мың теңге;
ҮШІН2деңг – осы мемлекеттік нормативке 3-қосымшада келтірілген екінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормасы;
ТШ – құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған тікелей шығыстар, теңге немесе мың теңге;
ҮШ1деңг - бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың шамасы, теңге немесе мың теңге.
14. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаушылар баға ұсыныстарын және құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалған жеке түрлері үшін есептерді жасаған кезде үстеме шығындардың шамасы мына формулалар анықталады:
, (4)
ҮШ – үстеме шығындардың шамасы, теңге немесе мың теңге;
ЕАТ – жергілікті ресурстық сметалардың (жергілікті ресурстық сметалық есеп) тікелей шығындарының құрамында ескерілетін жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің еңбекақысын төлеуге арналған қаражат шамасы, теңге немесе мың теңге;
ҮШНдеңгi – осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының i-түрі бойынша бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормасы;
n – осы объект бойынша құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары түрлерінің жалпы саны.
15. Құрылыстағы үстеме шығындар шығындарының тізбесі осы Мемлекеттік нормативке 4-қосымшада келтірілген.
Құрылыстағы үстеме шығындардың
шамасын айқындау жөніндегі
мемлекеттік нормативке
1-қосымша
Құрылыстың негізгі түрлері бойынша үстеме шығындардың ірілендірілген нормалары
| Нормативтің шифрі |
Құрылыс түрлері |
Негізгі құрылысшы жұмысшылардың, машинистердің еңбекақысынан проценттерде |
Қолдану саласы |
| 1 |
2 |
3 |
4 |
| ҮШН-301 |
Өнеркәсіптік |
71 |
Энергетикалық және ауыл шаруашылығы құрылыс объектілерінен басқа халық шаруашылығының барлық салаларына арналған өндірістік мақсаттағы объектілер |
| ҮШН-302 |
Тұрғын үй-азаматтық |
75 |
Барлық салаларға арналған тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер |
| ҮШН-303 |
Ауыл шаруашылығы |
90 |
Су шаруашылығы құрылысын қоспағанда, өндірістік мақаттағы ауыл шаруашылығы объектілері |
| ҮШН-304.1 |
Көліктік |
90 |
Теміржол және автомобиль көлігінің объектілері |
| ҮШН-304.2 |
74 |
Теңіз, өзен және әуе көлігінің объектілері |
| ҮШН-305 |
Су шаруашылығы |
71 |
Ауыл шаруашылығы сумен жабдықтауды қоса алғанда, мелиорация объектілері |
| ҮШН-306 |
Энергетикалық |
72 |
Гидроэлектрстанциялар, мемлекеттік аудандық электр станциясы, жылу электр орталығы және басқа да объектілер |
| ҮШН-307 |
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды күрделі жөндеу |
64 |
|
| ҮШН-308 |
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары |
74 |
|
| ҮШН-309 |
Өзге де салалар |
67 |
|
Құрылыстағы үстеме шығындардың
шамасын айқындау жөніндегі
мемлекеттік нормативке
2-қосымша
Құрылыс және монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша бірінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары
| Нормативтің шифрі |
Құрылыс және монтаждау жұмыстарының түрлері |
Негізгі құрылысшы-жұмысшылардың және машинистердің еңбекақысынан проценттерде |
| 1 |
2 |
3 |
| ҮШН-1100 |
Құрылыс жұмыстары: |
|
| ҮШН-1101 |
Құрылыс жер қазу жұмыстары |
59,1 |
| ҮШН-1102 |
Тау-кен аршу құрылыс жұмыстары |
62,7 |
| ҮШН-1103 |
Бұрғылау-жарылыс құрылыс жұмыстары |
71,6 |
| ҮШН-1104 |
Үңғымалардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
67,1 |
| ҮШН-1105 |
Қадалық құрылыс жұмыстары, грунттарды бекіту, төмен түсіру құдықтарының құрылғысы |
58,7 |
| ҮШН-1106 |
Бетондық және темірбетондық монолиттік конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
48,5 |
| ҮШН-1107 |
Құрастырма бетон және темірбетоннан жасалған конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
62,1 |
| ҮШН-1108 |
Кірпіштен және блоктардан жасалған конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
50,8 |
| ҮШН-1109 |
Металл конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
60,9 |
| ҮШН-1110 |
Ағаш, сүреккомпозиттік және пластмасса конструкцияларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
59,8 |
| ҮШН-1111 |
Еден конструкциясының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
60,9 |
| ҮШН-1112 |
Шатырлардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
56,4 |
| ҮШН-1113 |
Құрылыс конструкцияларын және жабдықты тоттанудан қорғау бойынша құрылыс жұмыстары |
54,2 |
| ҮШН-1114 |
Ауыл құрылысындағы конструкциялардың құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
64,3 |
| ҮШН-1115 |
Әрлеу құрылыс жұмыстары |
54,8 |
| ҮШН-1116 |
Су құбыры, кәріз, жылыту, газбен жабдықтау, желдетпе және ауаны баптау ішкі жүйелерінің құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
60,4 |
| ҮШН-1117 |
Сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау сыртқы желілерінің құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
62,1 |
| ҮШН-1118 |
Магистралдық және кәсіпшілік газ-мұнай өнімдері құбырларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
58,7 |
| ҮШН-1119 |
Жылу оқшаулау құрылыс жұмыстары |
55,3 |
| ҮШН-1120 |
Автомобиль жолдарын салу бойынша құрылыс жұмыстары |
60,3 |
| ҮШН-1121 |
Теміржолдарды салу бойынша құрылыс жұмыстары |
61,7 |
| ҮШН-1122 |
Тоннельдер мен метрополитендерді тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
62,7 |
| ҮШН-1123 |
Көпірлерді, су өткізу құбыларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
59,4 |
| ҮШН-1124 |
Әуеайлақтарды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
60,9 |
| ҮШН-1125 |
Электр берілісі желілерін тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
61,7 |
| ҮШН-1126 |
Байланыс, радиохабар тарату және телевидение құрылыстарын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
62,1 |
| ҮШН-1127 |
Тау-кен үңгілеу құрылыс жұмыстары |
64,2 |
| ҮШН-1128 |
Гидротехникалық құрылыстардың жер қазу конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
59,4 |
| ҮШН-1129 |
Гидротехникалық құрылыстардың темірбетон конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
55,3 |
| ҮШН-1130 |
Гидротехникалық құрылыстардың тас конструкцияларын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
54,2 |
| ҮШН-1131 |
Гидротехникалық құрылыстардың металл конструкцияларын монтаждау бойынша құрылыс жұмыстары |
60,9 |
| ҮШН-1132 |
Гидротехникалық құрылыстардың ағаш конструкцияларының құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
59,8 |
| ҮШН-1133 |
Гидротехникалық құрылыстардағы гидрооқшаулау құрылғысы бойынша құрылыс жұмыстары |
55,3 |
| ҮШН-1134 |
Жағалау бекіту құрылыс жұмыстары |
53,0 |
| ҮШН-1135 |
Стапельдер мен слиптердің кеме жүретін жолдарын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
61,7 |
| ҮШН-1136 |
Суңгуірлік құрылыс жұмыстары |
63,9 |
| ҮШН-1137 |
Өнеркәсіптік пештер мен құбырларды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары |
55,3 |
| ҮШН-1138 |
Ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғырт бойынша құрылыс жұмыстары |
50,8 |
| ҮШН-1139 |
Көгалдандыру |
56,4 |
| ҮШН-1200 |
Инженерлік және технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар |
|
| ҮШН-1201 |
Технологиялық жабдықты монтаждау бойынша жұмыстар |
40,6 |
| ҮШН-1202 |
Электротехникалық қондырғыларды монтаждау бойынша жұмыстар |
42,8 |
| ҮШН-1203 |
Автоматтандыру құралдарын және есептегіш техниканы монтаждау бойынша жұмыстар |
44,0 |
| ҮШН-1300 |
Жабдықты іске қосу-орнату бойынша жүмыстар |
|
| ҮШН-1301 |
Технологиялық жабдықты іске қосу-орнату бойынша жүмыстар |
39,4 |
| ҮШН-1400 |
Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша жұмыстар |
|
| ҮШН-1401 |
Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша жұмыстар |
59,1 |
| ҮШН-1700 |
Аралас құрылыс кәсіпорындарының үстеме шығындары |
|
| ҮШН-1701 |
Автокөлік кәсіпорындары |
64,3 |
| ҮШН-1702 |
Механикаландыруды басқару |
69,3 |
Құрылыстағы үстеме шығындардың
шамасын айқындау жөніндегі
мемлекеттік нормативке
3-қосымша
Құрылыстың негізгі түрлері бойынша екінші деңгейдегі үстеме шығындардың нормалары
| Нормативтің шифрі |
Құрылыс түрлері |
Бірінші деңгейдегі тікелей шығындар сомасынан және үстеме шығындардан проценттердегі үстеме шығындардың нормасы |
| 1 |
2 |
3 |
| ҮШН-201 |
Өнеркәсіптік |
4 |
| ҮШН-202 |
Тұрғын үй-азаматтық |
4,24 |
| ҮШН-203 |
Ауыл шаруашылығы |
4,35 |
| ҮШН-204 |
Көліктік |
4,2 |
| ҮШН-205 |
Су шаруашылығы |
4 |
| ҮШН-206 |
Энергетикалық |
4,1 |
| ҮШН-207 |
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды күрделі жөндеу |
3,6 |
| ҮШН-208 |
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары |
4,2 |
| ҮШН-209 |
Өзге де салалар |
3,8 |
Құрылыстағы үстеме шығындардың
шамасын айқындау жөніндегі
мемлекеттік нормативке
4-қосымша
Құрылыстағы үстеме шығындар шығындары баптарының тізбесі
1. Әкімшілік-шаруашылық шығыстар
1. Әкімшілік-шаруашылық персоналдың жалақы шығыстары:
1) басқару аппаратының қызметкерлері (басшылар, мамандар және қызметшілерге жататын басқа да қызметкерлер);
2) желілік персонал: жұмыстарды аға жүргізушілер (учаскелердің бастықтары), жұмыстарды жүргізушілер, құрылыс учаскелерінің шеберлері, учаскелік механиктер;
3) басқару аппаратына шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер (аула сыпырушылар, аула тазалаушылар, гардеробшылар, курьерлер).
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің жалақы шығыстарынан әлеуметтік қажеттіліктерге арналған аударымдар.
3. Байланыс қызметтерінің, атап айтқанда халықаралық және қалааралық телефонмен сөйлесулердің, ұялы байланысты пайдалана отырып, сөйлесулердің шығындары, телефон станцияларын, басқару үшін пайдаланылатын және ұйымның теңгерімінде есептелетін диспетчерлік, радио және басқа да байланыс түрлерінің қондырғыларын ұстау және пайдалану шығыстары, көрсетілген байланыс құралдарын жалға алу немесе басқа да ұйымдар ұсынатын тиісті қызметтерге төлем жүргізу шығыстары, факсимильдік және спутниктік байланыс, электрондық почта, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің қызметтеріне арналаған шығыстар.
4. Ұйымның теңгерімінде есептелетін офистік және көбейткіш техниканы ұстау және пайдалану шығыстары, құрылыс ұйымының теңгерімінде болмайтын кәсіпорындармен шарттар бойынша орындалатын тиісті жұмыстарға төлем жүргізу шығыстары.
5. Әкімшілік-шаруашылық персонал айналысатын және пайдаланатын ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды ұстау және пайдалану шығыстары, сондай-ақ жерге төлеммен байланысты шығыстар.
6. Оларды жүргізу және басқару мақсаттары үшін қажетті офис керек-жарақатарын, есепке алу, есептілік бланктерін және басқа да құжаттарды, мерзімді басылымдарды, техникалық әдебиетті сатып алу шығыстары.
7. Әкімшілік-шаруашылық персонал пайдаланатын негізгі қорларды жөндеудің барлық түрлерін жүргізу шығыстары.
8. Ұйымның орналасқан жері шеңберінде әкімшілік персонал қызметкерлерінің қыметтік кіріп-шығуларымен байланысты шығыстар.
9. Құрылыс ұйымының теңгерімінде есептелетін және осы ұйымның басқару аппаратының қызметкерлеріне қызмет көрсететін қызметтік жеңіл автокөлікті пайдалану шығыстары, мыналарды қоса алғанда:
1) жеңіл автокөлікке қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы;
2) жағар-жанар май материалдарының, автокөлікке техникалық қызмет көрсету құны;
3) гараждарды пайдалану шығыстары, гараждар және автомобильдердің тұрақ орындары үшін жалдау ақысы, өтелім аударымдары және автомобильдер мен гараждардың ғимараттарын жөндеудің барлық түрлерінің шығыстары.
10. Қызметтік жеңіл автомобильдерді жалдау шығыстары.
11. Өндірістік қызметі жүйелі қызметтік сапарлармен байланысты құрылыс ұйымы әкімшілік-шаруашылық персоналының қызметкерлеріне өтемақы төлеу шығыстары, осы мақсаттар үшін жеке жеңіл көлікті пайдалану бойынша шығыстар.
12. Заңнамада белгіленген нормаларға сүйене отырып, қызметтік жеңіл автокөлікке қызмет көрсететін қызметкерлерді қоса алғанда, әкімшілік-шаруашылық персоналдың өндірістік қызметімен байланысты қызметтік іссапарлар шығыстары.
13. Тез тозатын мүкәммалды және басқару аппаратына қызмет көрсетуге арналған басқа да құны төмен заттардың негізгі қорлары, тозуы және жөндеу бойынша өтелімдік аударымдар (жалдау ақысы).
14. Ұйымның қызметімен байланысты өкілдік шығыстар және ұйым кеңесі (басқарма) мен ұйымның ревизиялық комиссиясының отырыстарын өткізу бойынша шығыстар.
15. Консультациялық, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге төлем.
16. Банк қызметтеріне төлем.
17. Құрылыс ұйымының штаттық кестесінде сол немесе өзге де функционалдық қызметтер көзделмеген жағдайларда өндірісті басқару бойынша бөгде ұйымдар жүзеге асыратын қызметтерге төлем.
2. Құрылыс қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған шығыстар
18. Өндірістік кадрларды даярлаумен және қайта даярлаумен байланысты шығыстар.
19. Мердігерлік жұмыстарда, оның ішінде уақытша (титулдық) ғимараттар мен құрылыстардың құрылысында, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетуде және басқа да күрделі емес жұмыстарда қамтылған жұмысшыларға өтемдік және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Өтемдік және ынталандыру сипатындағы төлемдердің құрамына:
1) жыл сайынғы төленбелі еңбек демалыстарының пайдаланылмаған күндері үшін қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын немесе өтемдік төлемдерін төлеу;
2) қызметкерлерге атмосфералық шарттар бойынша бос тұру уақытына төлем;
3) оларды жеңіл жұмысқа ауыстыру кезінде жүкті әйелдерге орташа жалақыға дейін үстемеақы;
4) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
5) бригаданы басқарғаны үшін бригадирлерге үсетемеақы;
6) негізгі жұмысынан босатылмаған білікті жұмысшыларға оқушыларды оқыту және жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін үсетемеақы;
7) біліктілікті арттыру жүйесінде өндірістен қол үзе отырып, оларды оқыту кезінде құрылыс-монтаждау ұйымының жұмысшыларына орташа жалақыны сақтау;
8) заңда көзделген жағдайларда жұмысшыларға тегін немесе жеңілдікті шарттарда қызметтер ұсынумен байланысты шығыстар;
9) донор жұмысшыларға тескеру, қан тапсыру күндері үшін орташа жалақыны сақтау;
10) жұмысшыларға мерзімнен тыс жұмыс үшін, сондай-ақ кезекші электромонтерлерге, слесарларға, сантехниктерге, от жағушыларға және басқа да жұмысшыларға түнгі уақыттағы жұмыс (олар бойынша бұл үстемеақы сметалық нормаларда ескерілген тау-кен үңгілеу және кейбір басқа да жерасты жұмыстарын қоспағанда) үшін үстемеақы;
11) жұмысшыларға мәжбүрлі жұмыста болмау немесе заңнамада көзделген жағдайларда төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақыты үшін орташа жалақыны сақтау;
12) жұмысшыларға мерзімді медициналық тексерулерден өту уақыты үшін орташа жалақыны сақтау кіреді.
20. Мердігерлік жұмыстарда, сондай-ақ құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануда және үстеме шығындар есебінен жүргізілетін күрделі емес жұмыстарда қамтылған жұмысшылардың жалақы шығындарынан әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар.
21. Санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету шығыстары:
1) өтелімдік аударымдар (немесе жалдау ақысы), жөндеудің барлық түрлерін жүргізу (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы құрыстырма-бөлшекті және жылжымалы ғимараттардың орынын ауыстыру шығыстары;
2) санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды ұстау: сыпырушылардың, кезекші слесарлардың, электриктер мен қызмет көрсететін персоналдың басқа да санаттарының еңбекақысы, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру шығындары, сондай-ақ душ және қол жуғыштар үшін табельде көзделген гигиена заттарының құны;
3) өтелімдік аударымдарды (жалдау ақысы), жөндеудің барлық түрлерінің шығындарын (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв), жарықтандыру, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, тамақ дайындау үшін отын шығындарын, сондай-ақ тамақты жұмыс орнына жеткізу бойынша шығындарды қоса алғанда, тікелей құрылыс алаңында немесе құрылыс ұйымының аумағында медпунктерді ұйымдастыру үшін медициналық мекемелерге және қоғамық тамақтану кәсіпорындарына (құрылыс ұйымының теңгерімінде есептелетін және есептелмейтін) тегін ұсынылатын үй-жайларды және мүкәммалды ұстау;
4) құрылыс ұйымының қызметкерлерін асханалармен, буфеттермен, медпункттермен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету бойынша басқа ұйымдардың қызметтеріне төлем жүргізу немесе оларды ұстау бойынша үлестік қатысу шығындары.
22. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығыстары:
1) тозу және тегін берілетін арнайы киімді және құрылғалардың жеке қорғаныш құралдарын жөндеу және жуу бойынша шығыстары;
2) заңнамада көзделген жағдайларда тегін берілетін байтараптандырғыш заттардың құны;
3) дәрі қобдишаларын және дәрі-дәрмектерді сатып алумен байланысты шығыстар;
4) қауіпсіздік техникасы, оқыс оқиғалардың және құрылыстағы аурулардың алдын алу, сондай-ақ еңбек шарттарын жақсарту бойынша қажетті анықтамалықтарды, плакаттарды және көрнекілік материалдарды сатып алу шығыстары;
5) жұмысшыларды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту бойынша және қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттерді жабдықтау шығыстары;
6) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралар номенклатурасында көзделген өзге де шығыстар.
3. Құрылыс алаңдарында жұмыстарды ұйымдастыру шығыстары
23. Құрылыс жұмыстарын жүргізуде пайдаланылатын және негізгі қорлар жатпайтын құны төмен және тез тозатын құралдар мен өндірістік мүкәммалды жөндеу бойынша шығыстар.
24. Тозу және уақытша (титулдық емес) құрылыстарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды жөндеумен, ұстаумен және бөлшектеумен байланысты шығыстар, оларға мыналар жатады:
1) прорабтар мен шеберлердің объект маңындағы кеңселері және қоймалары;
2) қойма үй-жайлары және құрылыс объектісі жанындағы аспалар;
3) душ, текше, кәрізделмеген әжетханалар және жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайлар;
4) төсемелер, сатылар, баспалдақтар, өту көпірлері, жүру тақталары, ғимаратты бөлу кезіндегі кездемелер;
5) құрылыстар, құрал-саймандар және қауіпсіздік техникасы бойынша құрылғылар;
6) құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормаларда немесе жабдықты монтаждауға арналған сметалық нормативтерде көзделмеген ағаштар мен басқыштар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті сыртқы аспалы арбалар, дуалдар мен қоршаулар, сақтандыру күнқағарлары, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі паналар;
7) жоғарыда көрсетілген уақытша (титулдық емес) ғимараттар мен құрылыстарды салудың орнына құрылыс алаңдарында салынып жатқан және қолданыстағы ғимараттарды бейімдеумен байланысты шығыстар;
8) жұмыс аймағы шеңберінде электр энергиясының, судың, будың газ бен ауаның магистралдық және тармақтағыш желілерінен уақытша ажыратпалар.
25. Өрт және қарауыл күзетін ұстап тұру:
1) ұйымға белгіленген тәртіппен ведомстволық күзетке ие болу құқығы ұсынылған жағдайларда әскерилендірілген, қарауыл және кәсіби өрт күзетін қоса алғанда, ведомстволық күзет қызметкерлерінің жалақы шығыстары;
2) кеңсе, почта-телеграф және ведомстволық күзетті ұстаудың басқа да шығыстары;
3) ішкі істер органдары жүзеге асыратын ішкі істер, өрт күзет органдары ұсынатын ведомстволықтан тыс күзетке, сондай-ақ басқа да ұйымдардың қызметтерді көрсету тәртібімен ұсынылатын күзетке төлем жүргізу шығыстары;
4) өртке қарсы мүкәммалды, жабдықты және арнайы киімді ұстау шығыстары және олардың тозуы;
5) сыпырушылардың және осы үй-жайларға қызмет көрсететін басқа да жұмысшылардың еңбекақысын қоса алғанда, өтелімдік аударымдар, жөндеудің барлық түрлерін жүргізу (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және қарауыл үй-жайларын және өрт депосын (гараждар) ұстау шығыстары.
26. Құрылысты ұйымдастыру және жүргізудің озық әдістерін енгізу, еңбекті нормалау бойынша шығыстар.
27. Өнертапқыштықпен және рационализаторлықпен байланысты шығыстар, мыналарды қоса алғанда:
1) тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу, өнертапқыштық және рационализаторық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді дайындау және сынау шығыстары;
2) көрмелер мен байқауларды, конкурстарды және өнертапқыштық пен рационализация бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру бойынша шығыстар;
3) өнертапқыштық және рационализаторық ұсыныстардың авторларына сыйлықтар төлеу.
28. Мердігерлік жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге асырылатын геодезиялық жұмыстар бойынша шығыстар. Бұл бап бойынша геодезиялық жұмыстарда қамтылған қызметкерлердің жалақы шығыстары, материалдардың құны, өтелімдік аударымдар, тозу, жөндеулердің барлық түрлерінің (жөндеу қорына аударымдар немесе жөндеуге арналған резерв) және геодезиялық жабдық, құралдар мен аспаптарды тасу шығындары, жобалау-іздестіру ұйымдарынан геодезиялық негізді қабылдауды қоса алғанда геодезиялық жұмыстар бойынша көліктік және басқа да шығыстар.
29. Жұмыстарды жүргізуді жобалау шығыстар. Бұл бап бойынша жобалау-сметалық топтары және жұмыстарды жүргізу жобалау топтары қызметкерлерінің жалақы және құрылыс ұйымдарындағы үлгілік уақытша ғимараттар мен құрылыстарды байланыстыру шығыстары, осы топтарды ұстау бойынша шығыстар, сондай-ақ, жобалау ұйымдарының және жұмыстарды жүргізу жобаларын жасайтын ұйымдардың қызметтеріне төлем жүргізу ескеріледі.
30. Өндірістік зертханаларды ұстау шығыстары. Бұл бап бойынша мынадай шығыстар ескеріледі:
1) өндірістік зертханалар қызметкерлерінің жалақы шығыстары;
2) өтелім, зертханалардың үй-жайларын, жабдығын және мүкәммалын жөндеулердің барлық түрлерін жүргізу шығыстары;
3) жалпы құрылыстарды сынау бойынша шығыстардан басқа материалдарды, құрылыстардың конструкциялары мен бөліктерін сынау кезінде жұмыстарды жүргізу шығыстары;
4) сынау кезінде шығындалған немесе бүлінген материалдардың, құрылыстардың конструкциялары мен бөліктерінің құны;
5) басқа да ұйымдардың зертханалары көрсететін қызметтерге төлем шығыстары;
6) өндірістік зертханаларды ұстаумен байланысты өзге де шығыстар.
31. Әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімдерінің қызметтеріне төлеммен байланысты шығыстар.
32. Құрылыс алаңдарын абаттандыру және ұстау бойынша шығыстар:
1) еңбекақы және жолдардың және аяқжолдардың учаскелерін, жолдар, көпіршелер құрылғысын және құрылыс алаңдарының аумағын абаттандырумен байланысты басқа да жұмыстарды қоса алғанда, құрылыс аумағын және оған жақын орналасқан көше жолағын жинау және тазалау (қоқысты шығара отырып) бойынша басқа да шығыстар;
2) электр энергиясы (оның ішінде уақытша электр станцияларынан), электр шамдар, кезекші электромонтерлердің жалақысы және құрылыс аумағын жарықтандырумен байланысты басқа да шығыстар.
33. Құрылыс объектілерін тапсыруға дайындау бойынша шығыстар. Бұл бапқа мыналар жатады:
1) кезекші слесарь-сантехниктердің және электромонтерлардың, сондай-ақ, қоқыс жинайтын, едендер мен терезелерді жуатын жұмысшылардың жалақы шығыстары;
2) жуғыш құралдарды және объектілерді тапсыру кезінде жуып-жинауға шығындалатын басқа да материалдарды сатып алу шығыстары;
3) объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін алаңнан құрылыс қоқысын шығару бойынша шығыстар;
4) объектілерді тапсыру кезеңіндегі жылыту шығыстары.
34. Құрылыс шеңберінде желілік құрылыс ұйымдарын және олардың құрылымдық бөлімшелерін қайта базалау бойынша (машина-ауысым құнында ескерілген құрылыс машиналары мен тетіктерін тасу бойынша шығыстарды, сондай-ақ, құрылыс ұйымдарын және олардың құрылымдық бөлімшелерін басқа да құрылыстарға қайта базалау бойынша шығыстарды қоспағанда) шығыстар.
4. Өзге де үстеме шығындар
35. Негізгі өндірісте, сондай-ақ құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануда және басқа да күрделі емес жұмыстарда қамтылған қызметкерлердің жеке санаттарын және заңнамада рұқсат етілген басқа да сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру бойынша төлемдер.
36. Материалдық емес активтер бойынша өтелім.
37. Банктердің кредиттері бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және өзге де айналымнан тыс активтерді сатып алумен байланысты несиелерді қоспағанда), сондай-ақ инвестицияларға және конверсиялық іс-шараларға берілген несиелерден басқа бюджеттік несиелер бойынша төлемдер.
38. Жарнамамен байланысты шығыстар.
39. Құрылыс аяқталған объектілерді кепілдікті жөндеу және кепілдікті қызмет көрсету бойынша резервті қалыптастыру шығыстары.
40. Құрылыстың сметалық құнын басқа да құрамдастарымен ескерілмеген Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жүргізілген салықтар, алымдар, төлемдер және басқа да міндетті аударымдар.
5. Үстеме шығындардың нормаларында ескерілмейтін, бірақ үстеме шығындарға жатқызылатын шығындар
41. Ұйымның төлем жүйесінде көзделген қызметкерлерге ынталандыру сипатындағы төлемдермен байланысты шығыстар.
42. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалардан тыс іссапар шығыстарын төлеу.
43. Өнімді және қызметтерді сертификаттау шығыстары.
44. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес көлік құралдарын (су, әуе, жерүсті, құбыр өткізгіш), құрылыс жүктерін, өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құрылысы аяқталмаған объектілерді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаумен байланысты тәуекелдерді, тауарлық-материалдық қорларды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын өзге де мүлікті, зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру бойынша, сондай-ақ өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру, зейнеткерлік және жеке медициналық сақтандыру шарттары бойынша қызметкерлерді ерікті сақтандыру бойынша төлемдердің (сақтандыру жарналары) шығындары.
45. Қызметкерлерге сот шешімдері негізінде төленетін өндірістік жарақаттар салдарынан жұмысқа қабілеттіліктен айырылумен байланысты жәрдемақылар.
46. Мердігердің қызметіне қатысты өзге де шығындар есебінен құрылыстардың тапсырыс берушілері өтейтін шығыстар:
1) қолданыстағы тұрақты автомобиль жолдарын ұстау және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды қалпына келтіру шығындары;
2) салынып жатқан автомобиль жолдарын құрылыс аяқталғанға дейін ұстау шығындары;
3) құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша шығындар немесе қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын ұйымдастыру бойынша шығыстарды өтеу;
4) жұмыстарды вахталық әдіспен жүзеге асырумен байланысты шығындар;
5) құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар;
6) ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және олардың деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізу шығындары;
7) қадалық іргетастарды тұрғызу кезеңінде мердігерлік ұйым жүргізетін топырақтағы қадаларды серпінді және статикалық жүктемемен сынаумен байланысты шығындар;
8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының талап етуі бойынша салынған инженерлік желілердің орындаушылық бақылау түсірілімін орындаумен байланысты шығындар
9) студентік отрядтарды және басқа да контингенттерді (жұмысшылардың ұйымдастырылған жинақталымы) пайдаланумен байланысты шығындар;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушілер өтейтін басқа да шығыстар.