• Мое избранное
Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 3-қосымша

Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив):
1) вахталық әдіс;
2) құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберу;
3) ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізу;
4) қолданыстағы тұрақты автомобиль жолдарын ұстау;
5) құрылыстың сметалық құнын есептеген кезде құрылыс-монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау сияқты жұмыстардың түрлерін жүзеге асырумен байланысты шығындарды айқындауға арналған.
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындардың дұрыс шамасын айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Осы Мемлекеттік нормативте баяндалған ережелер мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу үрдісінде ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде міндеті болып табылады.
4. Нарықтың басқа субъектілері үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатқа ие және құрылыстың сметалық құнының және орындалған жұмыстар үшін есептердің құрамында қосымша шығындардың шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін
5. Мемлекеттік норматив сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және:
1) жалпы ережелерден;
2) құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындар жіктемесінен;
3) құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындарды есептеу тәртібінен тұрады.
6. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) – құрылыстың жалпы ұзақтығын және аралық мерзімдерін айқындайтын жобаның құрамдас бөлігі, күрделі салымдарды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін бөлу, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары және оларды өтеу көздері, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың және объект құрылысын басқару құрылымын орындаудың негізгі әдістері;
2) жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) – құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы ұзақтығын және аралық мерзімдерін айқындайтын және жеке ғимараттарды (құрылыстарды) тұрғызу бойынша өндірістік үрдістерді ұйымдастыру кезінде негізгі басшылық құжат болып қызмет ететін жоба;
3) жұмыстардың вахталық әдісі – олардың тұрақты тұру орнынан тыс еңбек ресурстарын пайдалануға, қызметкерлердің жұмыстарды жүргізу орнына, құрылыс ұйымының тұрақты орналасу орындарынан едәуір алшақ объектілерге мерзімді шығуына негізделген жұмыстарды ұйымдастырудың ерекше нысаны;
4) құрылыс бас жоспары (құрылысбасжоспар) – құрылыс алаңын ұйымдастыруды реттейтін құрылыс ұйымы жобасының бөлігі.
2. Вахталық әдіспен жұмысты жүзеге асырумен байланысты шығындар
7. Вахталық әдісті қолданудың мақсаты объектілерді қолданысқа енгізуді жылдамдатуға бағытталған құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру негізінде күрделі салымдардың тиімділігін арттыру есебінен объект құрылысының мерзімдерін азайту.
8. Вахталық әдіс жұмыстарды жүргізу орны: қоныстанбаған, шалғай аудандарда; немесе табиғат жағдайлары ерекше аудандарда қызметкерлердің тұрақты тұру орнынан (жиналу орны) едәуір алыстаған кезде қолданылады. Жоба алдындағы кезеңде инвестициялық үрдістің орындылығы негізделген жағдайда, вахталық әдіс құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеудің барлық түрлеріне кез келген өңірде пайдаланылуы мүмкін.
9. Құрылыс объектілерінде (қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) вахталық әдісті қолданудың орындылығын мынадай факторлар анықтайды:
1) жұмыстарды жүргізу орындарында еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілмеу;
2) құрылыс мерзімін қысқарту мақсатында жұмыстардың жоғары қарқындарын ұстап тұру қажеттілігі;
3) құрылыс (қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) объектілерінің құрылыс ұйымын орналастыру және қызметкерлердің тұрақты тұру орнынан едәуір алшақтығы;
4) құрылыстың бір титулындағы желілік объектілердің бытыраңқылығы және ұзақтығы;
5) көліктік коммуникациялардың күрделілігі және тұрақсыздығы;
6) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің маусымдық сипаты;
7) тіршілік қызметінің күтпеген жағдайлары.
10. Вахталық әдісті қолданудың міндетті шарты уақытша қоныстану – вахталық кенттің болуы немесе ұйымдастырылуы немесе олардың отбасыларының мүшелерінсіз қызметкерлердің уақытша тұруына және олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген әлеуметтік инфрақұрылымның бөлшектерін қамтитын салынып жатқан объектіге жақын елді мекендегі объектінің құрылысы кезінде құрылыс ұйымы жалдайтын тұрғын үй қорының болуы болып табылады.
11. Вахталық әдісті қолдану туралы шешімді жобалау ұйымының ұсыныстары негізінде инвестициялық үрдістің жоба алдындағы немесе жобалау кезеңдерінде Тапсырыс беруші қабылдайды.
12. Жиналу пункті оны жұмыстарды жүргізу орнына немесе вахталық кенттің орналасу орнына жөнелту үшін вахталық персоналдың жиналу орны болып есептеледі.
13. Вахталық әдіспен жұмыстарды жүргізуге дайындық ҚҰЖ әзірлеу кезеңінде немесе Тапсырыс берушімен келісілген жобалау-сметалық құжаттама болған жағдайда, ЖЖЖ әзірлеу кезеңінде басталады.
ҚҰЖ-ға және ЖЖЖ-ға мыналар енгізіледі:
1) негізгі жұмысшылар мен механизаторлар, инженерлік-техникалық қызметкерлер (бұдан әрі – ИТҚ) және қызметшілер, кіші қызмет көрсетуші персонал (бұдан әрі – КҚП) және күзет бойынша бөле отырып, вахталар бойынша құрылыстың барлық мерзімі ішінде вахталық персоналдың ауысымдық санын, жұмыс күнінің, жұмыс аптасының ұзақтығын, вахтадағы ауысымаралық демалыс уақытын, бір вахтаның ішінде демалыс күндерінің болуы және кезектілігін, вахталар арасындағы демалыс уақытын көрсететін ауысымдық кестесі;
2) вахталық персонал үшін қажетті көлемдегі уақытша ғимараттар мен құрылыстардың қажеттілік ведомосы. Бұл ретте, ғимараттың немесе құрылыстың арналуын және түрін, аумағын немесе құрылыс көлемін, ал уақытша инженерлік желілер үшін қума метрлердегі ұзақтығын көрсету қажет;
3) вахталық кенттің қалыпты тіршілік қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, вахталық персоналды вахталық кенттен құрылыс алаңына дейін және кері күн сайынғы жеткізу үшін қажетті машиналар мен тетіктердің құрамы.
14. Объектінің құрылыс кезеңінің әрбір уақытына (өлшем бірлігіне 1 вахтаны қабылдау керек) жұмыс күшіне қажеттілікті бөле отырып, уақытша кенттің құрылысының шығындары бойынша барынша оңтайлы күнтізбелік кестесін қалыптастыру мақсатында кесте ауысымдық кестесін құрылыстың барлық мерзіміне вахталық кенттің ғимараттары мен құрылыстарының құрылыс (қолданысқа енгізу) күнтізбелік кестесімен байланыстыру қажет. Мердігерлік ұйымдарда ауысымдық кестесін құрылыстың барлық мерзіміне құрылыс ұйымының басшысы келіседі және бекітеді.
15. Вахталық кент жобасы ҚҰЖ және ЖЖЖ құрамында әзірленеді, ол кенттің бас жоспарын, кірме жолдар сызбаларын, вахталық кенттерді салу және ұстау шығындарының сметасын, құрылыстың күнтізбелік кестесін, материалдарды, конструкциялар мен жабдықты жеткізудің көліктік сызбаларын, сондай-ақ:
ғимараттар мен құрылыстардың;
электрмен-сумен-жылумен жабдықтаудың;
байланыс желісінің;
кәріз желілерінің; 
ішкі жолдардың жобаларын қамтиды.
16. Жұмыстарды ұйымдастырудың вахталық әдісін қолданумен байланысты шығындар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және шарт бағаларын негіздеу кезінде анықталады.
17. Құрылыс құнының сметалық есебіне (бұдан әрі – Сметалық есеп) қосымша шығындардың мынадай түрлері:
1) Өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына:
вахталық персоналдың жиналу және ауысып отыру пунктеріндегі қонақүйлерде тұру шығындары;
авиатасымалдау бойынша диспетчерлік қызметтерді ұстау шығындары;
визаларды, шақыруларды, тіркеуге рұқсаттарды және тұруға ыхтиярхатын, жұмысқа рұқсатты (шетелдік азаматтар үшін) ресімдеу және беру үшін төлем шығындары.
2) құрылыс аумағын дайындау бойынша жұмыстардың құрамына: вахталық кенттер құрылысы үшін пайдаланылатын уақытша бұрмалардың учаскелерінде жерді қалыпына келтіру шығындары енгізілуі мүмкін. Бұл шығындарды айқындау үшін жер қазу жұмыстарына арналған сметалық нормаларға сәйкес жергілікті ресурстық смета жасалады.
18. Құрылыстың шығыстарын оңтайландыру мақсатында құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру техникалық-экономикалық негіздемелер құрамында анықталады.
19. Мердігерлік ұйым анықталғанда жұмыстарды вахталық әдіспен жүргізу шығындарын есептеу кезінде құрылыс мерзімін мердігерлік шарт негізінде немесе вахталық әдісті қолдану шарттарын қарау кезеңіне тапсырыс беруші және мердігерлік ұйым (бұдан әрі – мердігер) арасында келісілген құрылыс мерзімі негізінде қабылдауға рұқсат етіледі.
20. Құрылысты ұйымдастырудың вахталық әдісі кезінде ауысымның ұзақтығын ұлғайтумен байланысты жұмысшылардың орташа сағаттық еңбек өнімділігін төмендету вахталық қызметкерлердің орташа сағаттық еңбек өнімділігін төмендетудің орташаланған коэффициенттерін қолдана отырып, ескеріледі:
1) 9 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,02 - 0,04;
2) 10 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,04 - 0,06;
3) 11 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,06 - 0,08;
4) 12 сағаттық жұмыс ауысымында - 0,08 - 0,12.
21. Вахталық әдіспен құрылыста жұмыспен қамтылған қызметкерлердің вахталық ағынының саны ҚҰЖ (ЖЖЖ) бөлімінде әзірленетін ауысымдық кестесіне сүйене отырып, анықталады.
22. Вахтадағы жұмыс және демалыс режимдері вахталық әдісті қолдану кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады. Қызметкерлердің қажетті саны құрылыс-монтаждау жұмыстарының, құрылыс өндірісінің пайдаланылатын технологияларының, машиналар және тетіктер жалпы көлеміне, құрылыс мерзіміне және жұмыс режиміне (ауысымның және ауысымдық вахтаның ұзақтығы) сүйене отырып, анықталады. Одан әрі, белгіленген еңбек және демалыс режимдері бойынша ауысымдық кесте әзірленеді, ауысымдық вахталық персоналдың саны анықталады. Осы деректердің негізінде қызметкерлердің тұруы үшін қажетті вахталық кенттің ғимараттары мен құрылыстарының саны, құрылыс кентінің шығындары, ауысымдық вахталық персоналды вахтаға және вахтадан тасымалдау құны, вахталық қызметкерлердің үстеме ақылары және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстардың вахталық әдісімен байланысты шығындардың басқа да түрлері белгіленеді.
23. Вахталық әдіспен жұмыстар үшін үстемеақы жұмысшылар мен машинистердің негізгі жалақысына 20% мөлшерінде ұжымдық және еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Үстемеақы тиісті коэффициентті қолдана отырып, жергілікті ресурстық сметаларда есептеледі.
24. Вахталық қызметкерлерді жинау орнынан салынып жатқан объектідегі (вахталық кентте немесе осы мақсаттар үшін құрылыс ұйымы арнайы жалдайтын баспанада) тұру орнына дейін жеткізу құрылыс ұйымының өзінің (немесе жалдамалы) көлігімен және теміржол көлігі, азаматтық авиация және автомобиль көлігі ұйымдар көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
25. Көліктің түрі өңірдегі қалыптасқан құрылыс көліктік коммуникацияларды, сондай-ақ, құны бойынша және вахталық қызметкерлердің жиналу пунктінен вахталық кентке дейінгі жолдағы келу уақыты бойынша барынша аз шығындарды ескере отырып, таңдап алынады.
26. Вахталық қызметкерлерді тасымалдау шығындары төмендегілердің негізінде тасымалдаудың таңдап алынған әдістеріне байланысты анықталады:
1) меншікті көлікті пайдалану кезінде көліктік шығындардың калькуляциясы;
2) әрбір вахталық қызметкердің жол жүру құнын растайтын жол жүру құжаттары;
3) көліктік ұйымдармен жасалатын шарттар.
27. Қызметкерлерді жиналу пунктінен жұмыс орнына дейін және кері вахтаға жеткізу бойынша көлік түрінің экономикалық орындылығы инвестициялық үрдістің жоба алдындағы кезеңінде белгіленеді.
28. Вахталық кенттер қолданыстағы нормаларға сәйкес тиісті санитарлық нормаларды және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, салынып жатқан объектіден арақашықтықта орналастырылады. Егер вахталық кент бірнеше объектілердің құрылысында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің тұруына арналған болса, ол қызметкерлерді жұмыстарды жүргізу орнына жеткізудің 15-20 минуттық ұзақтығынан жоғары есеппен орналастырылады.
29. Вахталық кенттерді үй-жайлармен толықтыру және оларды жайластыру жергілікті шарттарға, жұмыстарды жүргізу мерзімдеріне және тұғындардың санына сүйене отырып, жүзеге асырылады. Вахталық кенттің құрамына тұрғын, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық мақсаттағы объектілер енгізіледі.
30. Вахталық үй-жайларды жиһазбен және басқа да мүкәммалмен жабдықтау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
31. Өтелімді есептеу сомасын қоса алғанда, еңбек ұжымдарына қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің үй-жайларын ұстаумен байланысты шығындар, үй-жайларды жөндеуді жүргізу шығыстары, жарықтандыру, жылу, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сондай-ақ, тамақ дайындау үшін отын шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының құрамында ескерілген.
32. Вахталық қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының құрамында ескерілген.
33. Вахталық кенттің пайдалануға беруге дайындығы және оны пайдалануға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
34. Вахталық персонал үшін қажет етілетін тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық және өзге де ғимараттар мен құрылыстардың саны объект құрылысының барлық мерзімі ішінде кентте бір уақытта тұратын ауысымдық вахталық персоналдың ең жоғары - ықтимал санына негізделеді. Бұл сан ауысымдық кестесінің негізінде анықталады.
35. Ауысымдық вахталық персоналдың саны штаттан тыс қызметкерлерге: уақытша; іссапарға жіберілген; тәжірибеден өтушілер және құрылыс-монтаждауды жүргізумен байланысты жұмыстарды немесе құрылысты ұйымдастыру және қызмет көрсету үшін қажетті өзге де жұмыстарды орындау үшін шақырылған басқа да мамандарға келетін олардың санына 5% қоса отырып, объект құрылысында жұмыспен қамтылған жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен қызметшілердің, КҚП және күзеттің қажетті санының жиынтығы ретінде анықталады.
36. Вахталық кенттердің құрылысы бойынша баға белгілеудің ресурстық әдісі кезінде шығындар (мүкәммалдық тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен уақытша пайдаланудағы инженерлік құрылыстарды жинау және бөлшектеу құны, олардың астына негіздер мен іргетастардың, инженерлік желілер ендірмелерінің құрылғысы, кентті абаттандыру) уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылысы шығындарының сметалық нормаларына сәйкес анықталады. Осы шығындар бойынша бағалардың ағымдағы деңгейінде жергілікті ресурстық сметалар жасалады. Жергілікті ресурстық сметалардың қорытындылары құрылыс құнының сметалық есебіне енгізіледі. Өтелімдік аударымдар немесе жалдау ақысы, тұрғын және қоғамдық контейнерлік және құрастырма-бөлшекті ұтқыр (мүкәммалдық) ғимараттардың конструкциялары мен бөлшектерін қоймадан құрылыс алаңына және қоймаға тасу шығындары мердігерлердің үстеме шығындарының нормаларында ескеріледі.
37. Уақытша қоныстануға арналған ұтқыр (мүкәммалдық) ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, шаруашылық мүкәммалды қоса алғанда, жабдықты сатып алу құрылыстың сметалық құнына енгізілмейді. Мердігерлік ұйым қаражаты есебінен сатып алынған мүкәммалдық ғимараттар мен құрылыстардың (жылжымалы, контейнерлік, құрастырма-бөлшекті) құны олардың түсу және бухгалтерлік есепке қою қажеттілік шамасына қарай мердігерлік ұйымның негізгі қорларына енгізіледі.
38. Тапсырыс берушінің негізгі қорларында есептелетін ғимараттар мен құрылыстардың құны тапсырыс беруші объектісінің құрылыс кезеңіне уақытша қоныстану (вахталық кент) үшін ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға мердігерге (жеке шарт бойынша) ұсынатын жалдау ақысы арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнына көшірілелі.
39. Инвестициялық үрдістің жоба алдындағы кезеңдегі вахталық әдісті енгізуден экономикалық әсер ұқсас нұсқаларды салыстыра отырып, анықталады. Вахталық әдісті енгізуден экономикалық әсерді айқындау теңдестер ретінде:
1) салынып жатқан объект жанында қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінң тұруы үшін уақытша кентті құра отырып, құрылысты ұйымдастыру нұсқасы;
2) қызметкерлер тұрақты тұрғылықты жерінен салынып жатқан объектіге және кері күн сайын тасымалдай отырып, құрылысты ұйымдастыру нұсқасы қаралуы мүмкін.
Экономикалық әсердің негізгі факторлары:
1) құрылыс ұйымы шығындарының шартты-тұрақты бөлігін үнемдеуді және тапсырыс берушінің объектіні пайдалануға мерзімінен бұрын енгізу кезеңі үшін қосымша пайда табуын қамтамасыз ететін объект құрылысының ұзақтығын қысқарту;
2) құрылыс аймағында әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру және ұстау және қызметкерлерді тұрғылықты жерінен салынып жатқан объектіге және кері тасымалдау шығындарын қысқарту болып табылады.
Вахталық әдісті қолданудың әлеуметтік әсері бытыраңқы құрылыстың ерекше шарттарында және тіршілік қызметінің күтпеген жағдайларында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбегінің, демалыс және тұрмысының қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуден тұрады.
3. Құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар
40. Жұмысшыларды іссапарға жіберумен байланысты шығындар құрылыс объектісі құрылыс ұйымын орналастырудың тұрақты аймағынан тыс болған кезде құрылыстың сметалық құнына енгізіледі. Жұмыстарды жүргізудің вахталық әдісімен құрылыс кезінде іссапар шығындары есептелмейді. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін тәуліктік ақылар;
2) бару орнына және кері жол жүру шығындары;
3) тұрғын үй-жайды жалдау шығындары төленеді.
41. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу жағдайлары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.
42. Құрылыс-монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін іссапарға жіберумен байланысты шығындар іссапарға жіберілген қызметкерлердің болжанатын санына және ҚҰЖ-да анықталған олардың құрылысқа келу мерзіміне сүйене отырып, жасалатын есеппен анықталады. ҚҰЖ-да сметалық құжаттамада келтірілген нормативтік еңбекті қажетсінуден проценттік қатынасында іссапарға жіберілген қызметкерлер орындайтын жұмыстардың жоспарлы еңбекті қажетсінуі анықталады. Бұл ретте, іссапарларға жіберілуі қажет қызметкерлердің ұтымды саны ескерілуге тиіс.
43. Тапсырыс беруші мердігермен Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ережеге сәйкес іссапар шығындарына есеп айырысуларды жүргізеді. Есеппен анықталған шығындар сомасы өзге де жұмыстардың және құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.
4. Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізумен байланысты шығындар
44. Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізумен байланысты шығындарды айқындау қажеттілігі инженерлік зерттеулер материалдарының негізінде ҚҰЖ-да анықталады. ҚҰЖ-да «Ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын бақылауларды ұйымдастыру жобасы» әзірленуге тиіс.
45. Бақылауларды ұйымдастыру жобасын әзірлеу шығындары қосымша жобалау-іздестіру жұмыстарының құнына енгізіледі. Құрылыс құнының жиынтық сметалық есебіне, сондай-ақ, ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылаулардың құрылыстағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен байланысты шығындар енгізіледі.
46. Құрылыс барысында мердігерлік ұйым орындайтын ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылаулардың шығындары құрылысқа арналған іздестіру жұмыстарына арналған сметалық нормалар бойынша анықталады және өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.
5. Жаңа және қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының құрылысы кезеңінде уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстаумен байланысты шығындар
47. Қолданыстағы автомобиль жолдарын ұстау және құрылыс аяқталғаннан кейін оларды қалыпына келтіру шығындарын енгізу қажеттілігі күнтізбелік тұрғыда ҚҰЖ-да және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірме жазбада негізделеді. Автомобиль жолдарының құрылысы учаскесінің шекаралары құрылыс бас жоспарында анықталады.
48. Жаңа және қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының құрылысы кезеңінде уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстау шығындарын айқындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар көлемінің ведомосы жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы уақытша пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиісті учаскелеріне ақаулық актілер бойынша жасалады. Жұмыстар көлемінің ведомосы бойынша жергілікті ресурстық смета жасалады. Тапсырыс берушінің осы жұмыстар көлемін орындау үшін төлем жүргізуі жиынтық сметалық есепте көзделген күтілмеген шығындар есебінен жүзеге асырылады.
6. Құрылыс және монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау
49. Құрылыс қызметкерлерін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражат коммуналдық немесе қала маңындағы көлік жұмысшыларды объектіге тасымалдауды қамтамасыз ете алмайтын, сондай-ақ, қалалық жолаушылар көлігінің арнайы бағыттарын белгіленген тәртіппен ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайларда құрылыс құнының сметалық есебіне енгізіледі. Жұмыстарды жүргізудің вахталық әдісімен құрылыс кезінде бұл шығындар есептелмейді.
50. Құрылыс қызметкерлерін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуге арналған қаражат мөлшері ҚҰЖ деректері, тасымалдау арақашықтығы, тасымалдауға жататын қызметкерлердің саны және құрылыстың нормативтік ұзақтығы негізінде анықталады. Есеппен анықталған шығындар сомасы өзге де жұмыстар мен құрылыс құнын сметалық есептеу шығындарының құрамына енгізіледі.