• Мое избранное
Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 4-қосымша

Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі - Мемлекеттік норматив) сметалық құжаттаманы әзірлеу күніне бағалардағы ресурстардың нормативтік шығысы негізінде құрылыстың сметалық құнын айқындау және сметалық құжаттаманы жасау үшін құрылыстағы ағымдағы бағалардың мониторингі және құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының есебі әдістемесін белгілейді.
2. Мемлекеттік норматив құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялардың есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен тұрғызылатын объектілердің құрылысына арналған сметалық құжаттаманы жасау кезінде қолдану үшін міндетті болып табылады.
3. Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағасына мониторинг жүргізудің мақсаты кейіннен құрылыс ресурстарының сметалық бағаларын есептеу үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша бағаларды қадағалау болып табылады.
4. Осы Мемлекеттік нормативте тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:
1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;
2) дилер - өндіруші кәсіпорынмен, уәкілетті органмен немесе дистрибьютормен тиісті келісім бойынша белгіленген шарттардың негізінде өзінің атынан өз есебінен өндірушінің тауарын өткізуді (сервистік қызмет көрсетуді) жүзеге асыратын тауар өткізетін желінің субъектісі;
3) есептік кезең (тоқсан, жарты жыл, жыл) – кезекті тоқсанға, жарты жылға, жылға арналған құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының есебі жүргізілетін кезең;
4) есептік орташа босатылым бағасы – бұл құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған салыстырмалы босатылым бағаларының орташа арифметикалық немесе орташа өлшемді мәні;
5) жеткізуші кәсіпорындар - құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды, инженерлік-технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ, жиһазды және мүкәммалды сауда жеткізушілері;
6) инженерлік жабдық (бұдан әрі - жабдық) - тұрмыстық және өндірістік қызметтің қажетті жағдайларын қамтамасыз ететін, сумен (суық және ыстық сумен) жабдықтау, кәріз, жылу беру жүйелерін, ауаны салқындатуды, баптауды, газбен жабдықтауды, электр жабдығын, көтеру-көлік құралдарын (лифттер, эскалаторлар), қоқыс жою, шаң жинау, өрт сөндіру құралдарын, дабыл, телефондандыруды, радио тартуды және ішкі абаттандырудың басқа түрлерін қамтитын техникалық құрылғылардың кешені;
7) құрылыс бұйымы - ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының элементі ретінде қолдануға арналған бұйым; орнатылатын жерден тыс жасалатын құрылыс конструкцияларының элементі (баған, ферма, ригель, жабу тақтасы, қабырға панелі, арматуралық қаңқа және басқалар);
8) құрылыс конструкциясы - құрылыс және монтаж жұмыстарын орындау үрдісінде өзара байланысқан элементтерден тұратын, белгілі бір функционалдық мақсаты бар ғимараттың, құрылыстың бөлігі. Құрылыс конструкциясы ғимаратта (құрылыста) тіреу, қоршау немесе басқа функцияларды орындайды немесе олардың кейбіреулерін бірге орындайды (іргетас, қабырға, аражабын, саты, еден, ауаарна, санитарлық-техникалық торап, құдық, резервуар және басқалар);
9) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары (бұдан әрі – құрылыс материалдары) - құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын нақты техникалық сипаттары бар материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың белгілі бір түрлерінің жиынтығы;
10) құрылыс материалдары мен жабдықтардың ірілендірілген тобы - атауы және техникалық сипаттамалары бойынша ортақ белгілерімен біріктірілген құрылыс материалдары мен жабдықтарының тобы (тізбесі);
11) құрылыс материалдарына немесе жабдықтарына арналған босатылым бағасы - құрылыс нарығының субъектілерінен, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінен, мердігер ұйымдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан (баспа басылымдары, электрондық көздер, веб-сайттар) алынған баға ақпаратының негізінде тіркелген баға;
12) құрылыс материалы - ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасау, сондай-ақ құрылыс бұйымдарын жасауға арналған материал (оның ішінде дана бойынша);
13) құрылыс нарығының субъектілері - жеткізуші кәсіпорындар, өндіруші кәсіпорындар, сауда жеткізушілері;
14) құрылыс ресурстары - жұмысшылар мен машинистердің еңбек шығындары, құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану уақыты, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар, жабдық;
15) материалдық ресурстар – құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары және инженерлік жабдық;
16) өндіруші кәсіпорындар – құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын және инженерлік жабдықты шығаратын әртүрлі өндірістік кәсіпорындар;
17) прайс-парақ – кәсіпорындар (өндірушілер, жеткізушілер) ұсынатын материалдық ресурстарға арналған бағалар тізбесі;
18) сауда жеткізушілері – құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен инженерлік жабдықты өткізетін дилерлер мен көтерме сауда ұйымдары;
19) шығыс деректері – құрылыс ресурстарының бағалары, жеткізушілер туралы мәліметтердің жиынтығы.
2. Сметалық-нормативтік базаны қалыптастыру үшін құрылыс материалдары мен инженерлік жабдықтардың ағымдағы бағасына мониторинг жүргізу әдістемесі
5. Сметалық-нормативтік базадағы құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сметалық бағалар өңірлер бойынша құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған ағымдағы бағалар туралы (бұдан әрі – ағымдағы бағалар мониторингі) деректерді жинау негізінде қалыптастырылады.
6. Ағымдағы бағалар мониторингін ұйымдастыру және жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1) олардың ағымдағы бағаларына бақылау жүзеге асырылатын құрылыс материалдары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру;
2) құрылыс материалдары мен жабдықтарының ағымдағы бағаларына бақылау жүргізілетін кәсіпорындардың (өндірушілердің, жеткізушілердің) тізбесін қалыптастыру;
3) құрылыс материалдары мен жабдықтарын шығарушылардың (жеткізушілердің) ағымдағы бағаларын бақылау және есепке алу.
7. Бақыланатын құрылыс материалдары мен жабдықтарының тізбесі құрылыс материалдары мен жабдықтары бойынша құрылыстағы өндірістік ресурстар жіктемесі (бұдан әрі - Жіктеме) негізінде қалыптастырылады. Құрылыс материалдары мен жабдықтары бойынша құрылыстағы өндірістік ресурстардың жіктеме құрылымы осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшада келтірілген.
Олардың ағымдағы бағаларына бақылау жүзеге асырылатын құрылыс материалдары мен жабдықтарының тізбесі нарық конъюнкурасына сәйкес отандық та және шетелдік де құрылыс материалдары мен жабдықтарының жаңа түрлері қалыптастырылады және кеңейтіледі.
8. Олардың ағымдағы бағаларын бақылау үшін құрылыс материалдары мен жабдықтарын іріктеудің негізгі қағидаты құрылыс материалдары мен жабдықтарының ірілендірілген тобы бойынша баға деңгейін есептеу-талдау әдісімен айқындау үшін іріктелініп алынған марканың өкілділігі болып табылады.
9. Ағымдағы бағалар мониторингі мердігер ұйымдарда, құрылыс нарығының субъектілерінде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізіледі.
Ағымдағы бағаларды мониторингілеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және статистика саласындағы заңнамасына сәйкес субъектілер беретін құрылыс материалдары мен жабдықтарының ағымдағы бағалары туралы деректер пайдаланылуы мүмкін.
10. Өндірушілердің (жеткізушілердің) тізбесіне өндіруші (жеткізуші) кәсіпорындарды және барлық меншік нысанындағы және ұйымдық-құқықтық нысандағы (мемлекеттік, жеке меншік, аралас және тағы басқа) өңірлік дилерлерді қосу ұсынылады.
11. Ағымдағы бағалардың мониторингі ерікті негізде кәсіпорындардың (өндірушілердің, жеткізушілердің) ұсынатын немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын материалдық ресурстарға арналған бағалар (прайс-парақтар, электрондық көздер, веб-сайттар, баспа басылымдары) туралы қолжетімді ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
12. Прайс-парақты ұсыну нысанын өндіруші-кәсіпорындар (жеткізушілер) дербес белгілейді.
13. Материалдық ресурстарды өндіруші-кәсіпорындардың (жеткізушілердің) прайс-парақты ұсынуының ұсынымдық нысаны осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген.
14. Құрылыс материалдары мен жабдықтарының ағымдағы бағаларын бақылау өндірушілердің (жеткізушілердің) прайс-парақтарында көрсетілетін өлшем бірліктерінде жүргізіледі. Егер өлшем бірлігі жіктемедегі өлшем бірлігінен ерекшеленсе, онда жіктеме бойынша өлшем бірліктерінде құн есебі жүргізіледі.
15. Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағаларының мониторингі екі: республикалық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылады.
16. Өңірлік деңгейде ағымдағы бағалардың мониторингі бойынша мынадай жұмыстар орындалады:
1) сметалық-нормативтік базаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар беріледі;
2) құрылыс нарығының субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің деректері бойынша отандық және шетелдік өндірістің құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған баға және техникалық ақпарат, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа басылымдары, электрондық көздер, веб-сайттар) жарияланған ақпарат туралы шығыс деректерін жинау және дерекқорды қалыптастыру;
3) жеткізушілердің (өндірушілердің) атауы, меншік нысаны, мекенжайы және байланыс ақпараты (сайт, телефон, электрондық почта) туралы, шығарылатын (жеткізілетін) өнімнің номенклатурасы, өндіруші кәсіпорындардың қуаттылықтары, құрылыс материалдары мен инженерлік жабдықтардың өндіріс (жеткізу) және өткізу көлемдері туралы ақпарат жинау және дерекқорды қалыптастыру;
4) алынған бастапқы деректерге талдау, жинақтау және бағалау, осындай құрылыс материалдарына арналған бағаларды салыстыру, олардың айырмашылығының себептерін анықтау;
5) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымға беру үшін ағымдағы бағалардың мониторингі бойынша деректерді дайындау.
17. Республикалық деңгейде бағалардың мониторингі бойынша мынадай жұмыстар жүзеге асырылады:
1) техникалық, әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету;
2) құрылыс нарығының субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің деректері бойынша отандық және шетелдік өндірістің құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған баға және техникалық ақпарат, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа басылымдары, электрондық көздер, веб-сайттар) жарияланған ақпарат туралы шығыс деректерін жинау және дерекқорды қалыптастыру;
3) бар шығыс деректерін талдау, жинақтау және бағалау, осындай құрылыс ресурстарына арналған бағаларды салыстыру, олардың айырмашылығының себептерін анықтау, ұсынылған деректерді жүйелендіру;
4) өңірлерден алынған шығыс деректерінің техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау;
5) бағалар мониторингі бойынша әдістемені және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
6) құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының есебі;
7) Құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының жинақтарын шығару.
18. Ағымдағы бағалар мониторингі тоқсанда (жарты жылда) бір рет кезеңділігімен жүргізіледі.
3. Құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған орташа босатылым және сметалық бағалар есебінің әдістемесі
19. Материалдық ресурстар мен машиналар мен тетіктерді пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарға арналған сметалық бағалар Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша олардың ағымдағы бағаларына мониторинг негізінде анықталады және құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде сметалық құжаттаманы жасау үшін нормативтік негіздеме ретінде пайдаланылады.
20. Құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сметалық бағаларды қалыптастыру шығыс деректерін статистикалық өңдеу әдісімен, сондай-ақ, есептеу-талдау әдістерімен жүргізіледі.
21. Құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған есептік орташа босатылым бағалары осы өңірде орналасқан өндіруші (жеткізуші) кәсіпорындардың орташаландырылған салыстырмалы босатылым бағаларымен анықталады.
Есептік кезеңде өңірдегі нақты құрылыс материалы мен жабдықтың бағасы туралы деректер болмаған кезде олар бойынша сметалық бағаларды қалыптастыруды басқа өңірлер бойынша шығыс деректерінің негізінде жүргізу ұсынылады.
22. Мониторинг процесінде бір өндіруші ұйым және (немесе) жеткізуші қадағалайтын құрылыс материалдары мен жабдықтары бойынша құрылыс материалдары мен жабдықтарының бір өндірушісінің (жеткізушісінің) бағасы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қабылданады.
23. Өндіруші кәсіпорындардың және жеткізуші кәсіпорындардың құрылыс материалдары мен жабдықтарын өткізудің көлемдері болған жағдайда есептік орташа босатылым бағасы мынадай формула (1) бойынша бағаның орташа өлшемді мәні ретінде анықталады:
                              (1)
мұнда:
xор. – есептік орташа (орташа өлшемді) босатылым бағасы, теңге;
xi – нақты кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі босатылым бағасы;
vi – есепті кезең ішіндегі сату көлемдері.
Қадағаланатын есепті кезеңнің ішінде орташа босатылым бағаларын анықтау кезінде осы кезеңнің ішінде құрылыс материалдары мен жабдықтары ол бойынша сатылған бағаның барлық мәндері есепке қабылданады.
24. Өткізу және (немесе) шығару көлемі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құрылыс материалы мен жабдығының есептік орташа босатылым бағасы мына формула (2) бойынша орташа арифметикалық мән ретінде айқындалады:
                                (2)
мұнда:
xор.  - есептік орташа (орташа арифметикалық) босатылым бағасы;
xi  - есепті кезең ішіндегі нақты кәсіпорынның босатылым бағасы;
n - бағалардың тіркелген позицияларының саны.
25. Орташа арифметикалық іріктеу жиынтығынан босатылым бағаларының орташа квадраттық ауытқуы мынадай формула бойынша (3) математикалық статистика әдісімен анықталады:
                              (3)
мұнда:
 - орташа квадраттық ауытқу;
xi  - нақты кәсіпорынның босатылым бағасы;
xор.  - есептік орташа босатылым бағасы;
n - тіркелген позициялардың саны.
Құрылыс материалдары немесе жабдықтары бойынша ( + 2 ) астамға орташа арифметикалық іріктеу жиынтықтан ауытқумен босатылым бағаларының көрсеткіштері қате деректер болып табылады және орташа есептік бағалар есебінен алып тасталады.
Шығыс деректеріндегі қателерді алып тастағаннан кейін орташа босатылым бағаларының есебі қайтадан толтырылады.
Іріктеудің орташа қатесі мынадай формула (4) бойынша анықталады:
                              (4)
мұнда:
 x - іріктеудің орташа қатесі.
Есептің дәлдігінің көрсеткіші орташа арифметикалық мәннен проценттерде (%) есептің салыстырмалы қателігі шамасымен сипатталады және мынадай формула (5) бойынша анықталады:
                             (5)
мұнда:
 салыс - есептің дәлдігінің көрсеткіші.
Орташа шаманың есебі дәлдігінің рұқсат етілетін көрсеткіші ±10 % дейін мөлшерінде қабылдау қажет.
26. Жіктемеде сметалық-нормативтік бағаны қалыптастыру үшін ірілендірілген топтардың: материалдар тобының; материалдар кіші тобының және (немесе) материал маркасының бағынышты құрылымы бар құрылыс ресурстарын жіктеу және кодтау көзделеді, бұл есепті кезеңнің ішінде баға ақпараты болмаған жағдайда ірілендірілген топтың құрамында құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған бағаларды әртүрлі әдістермен қалыптастыруға мүмкіндік береді.
27. Есепті кезең үшін баға ақпаратының болмауы кезінде нақты құрылыс материалдарының, жабдығының сметалық бағаларының есебі әдістерін таңдау ағымдағы бағалардың мониторингі нәтижелері бойынша есепке алуға түсетін ірілендірілген топтан құрылыс материалдары және жабдықтары бойынша баға ақпаратының көлемін талдау негізінде жүзеге асырылады.
28. Есепті кезеңде барлық ұйымдар бойынша құрылыс материалдарының, жабдықтарының бағасы туралы деректер болмаған жағдайда, алдыңғы есепті кезеңде қалыптастырылған баға құрылыс материалдарының немесе жабдықтарының ірілендірілген тобындағы техникалық сипаттамалары бойынша жақын, төмендегі формула (6) бойынша айқындалатын құрылыс материалы мен жабдығы бағасының өзгеру коэффициенті ескеріле отырып қабылданады:
                               (6)
мұнда:
Kм.іріл.топ - құрылыс материалы немесе жабдығы бағасының өзгеру коэффициенті (құрылыс материалдары мен жабдықтарының ірілендірілген тобы);
xм.алд.кез – техникалық сипаттамалары бойынша жақын құрылыс материалы мен жабдығының алдыңғы кезең ішіндегі бағасы, теңге;
xм.есеп.кез – техникалық сипаттамалары бойынша жақын құрылыс материалы мен жабдығының есепті кезең ішіндегі бағасы, теңге.
Нақты құрылыс материалының немесе жабдығының ол жататын құрылыс материалының немесе инженерлік жабдығының ірілендірілген тобы бойынша анықталған бағасының өзгеру коэффициенті осы құрылыс материалына немесе жабдығына өндіруші кәсіпорынның немесе жеткізушінің босатылым бағалары келіп түсетін есепті кезеңге дейін қолданылады.
29. Құрылыс материалдарының, жабдықтарының бағасы туралы деректердің есепті кезеңде болмауы кезінде құрылыс материалдары мен жабдықтарға арналған бағалар интерполяция, экстраполяция, орташа арифметикалық мән бойынша, кіші топтағы позициялардың қатынасы бойынша айқындалады.
1) Орташа арифметикалық мән мынадай формула (7) бойынша айқындалады:
                                   (7)
мұнда:
x - материалдың бағасы;
x1 - 1-ші материалдың бағасы;
x2  - 2-ші материалдың бағасы.
2) Кіші топтағы позициялардың қатынасы бойынша баға мәні мынадай формула (8) бойынша айқындалады:
                                    (8)
мұнда:
x - материалдың бағасы;
x1  - 1-ші материалдың бағасы;
x2  - 2-ші материалдың бағасы.
3) Геометрикалық мөлшерлер бойынша баға мәні мынадай формула (9) бойынша айқындалады:
                                    (9)
мұнда:
x - материал бағасы;
x1 - 1-ші материал бағасы;
A - геометрикалық мөлшер немесе материалдың көлемі;
A1 - 1-ші материалдың геометрикалық мөлшері немесе көлемі.
4) Интерполяция әдісімен бағаның орташа мәні мынадай формула (10) бойынша айқындалады:
                                (10)
мұнда:
x - материал бағасы;
x1 - 1-ші материалдың бағасы;
x2 - 2-ші материалдың бағасы;
A - геометрикалық мөлшер немесе материал көлемі;
A1  - 1-ші материалдың геометрикалық мөлшері немесе көлемі;
A2 - 2-ші материалдың геометрикалық мөлшері немесе көлемі.
5) Экстраполяция бағасының орташа мәні мынадай формула (11) бойынша айқындалады:
                                  (11)
мұнда:
x - материал бағасы;
x1 - 1-ші материалдың бағасы;
x2  - 2-ші материалдың бағасы;
A - геометрикалық мөлшер немесе материал көлемі;
A1 - 1-ші материалдың геометрикалық мөлшері немесе көлемі;
A2 - 2-ші материалдың геометрикалық мөлшері немесе көлемі.
30. Сапа өлшемдері мен көрсеткіштерін регламенттейтін, әр түрлі сауда маркаларындағы инженерлік жабдықтарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін стандарттау жөніндегі нормативтік-техникалық құжат болмаған кезде, жабдықтардың атауы сауда маркалары мен брендтеріне «үлгісінде» деген сілтемемен келтіріледі.
31. Құрылыс материалдарына арналған сметалық бағаларда оларды объект жанындағы құрылыс (жөндеу) қоймасына дейін жеткізумен, жеткізушідегі немесе дайындаушыдағы өнімді автокөлік құралына тиеумен және оны объект жанындағы қоймаға түсіруімен байланысты шығындар, сондай-ақ, дайындау-қойма шығыстары ескеріледі.
32. Құрылыс материалдарына арналған сметалық бағалар белгіленген өлшем бірлігінде жасалады және құнның мынадай элементтерін қамтиды:
1) босатылым бағасы;
2) ыдыстың, ораманың және деректеменің құны;
3) тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының құны;
4) дайындау-қойма шығыстары;
5) кедендік баждар және салықтар.
Құрылым материалдарының сметалық құнына енгізілетін кедендік баждар мен салықтар Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес есептеледі.
33. Құрылыс материалына арналған сметалық баға мына формула (12) бойынша айқындалады:
                             (12)
мұнда:
xор. - есептік орта босатылым (орташа өлшемді немесе орташа арифметикалық) бағасы;
Шыд. - ыдысқа, орамаға, деректемеге арналған шығындар;
Шк. - материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі көлік шығыстары;
Кд. - дайындау-қойма шығыстары ескерілетін коэффициент, олардың шекті мөлшерлері құрылыс материалдары мен бұйымдары үшін - 2%, металл конструкциялары үшін - 0,75% болып белгіленген.
Тиісінше Кд. 1,02; 1,0075 тең.
34. Көлік шығыстарын есептеу кезінде автомобиль тасымалдары ғана ескеріледі, тиеу жұмыстарының құны, әдетте, материалдардың босатылым бағасында, ал түсіру – құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған нормаларында ескеріледі.
35. Ыдысқа, орамаға және деректемелерге арналған шығындар ыдысты, ораманы және деректемелерді сол орында өткізуден болатын қайтарым және құн ескеріле отырып, іс жүзіндегі деректер бойынша айқындалады.
36. Материалдарды жеткізу бойынша шығыстар брутто массасы ескеріле отырып айқындалады.
37. Жабдықтардың сметалық құны жабдықтарды сатып алуға, оны объект жанындағы қоймаға немесе жабдықтарды монтаждау орнына беру, орнына жеткізуге арналған шығындардың сомасы ретінде анықталады.
Жабдықтың сметалық құнына мыналар енгізіледі:
1) қосалқы бөлшектердің құнын, ыдыстың, ораманың және деректеменің құнын қамтитын босатылым бағасы;
2) көлік шығыстары;
3) дайындау-қойма шығыстары (тапсырыс берушінің жеткізу жабдығы үшін);
4) кедендік баждар және салықтар.
Жабдықтың сметалық құнына енгізілетін кеден баждары мен салықтары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес есептеледі.
Дайындау-қойма шығыстарына қоймада, жабдықты жеткізуге, қабылдауға, есепке алуға, сақтауға, ревизияға, оны монтажға дайындауға арналған тапсырыстарды орналастырумен, сондай-ақ, оны берумен байланысты шығындар жатады.
Тапсырыс берушінің жеткізу жабдығы бойынша дайындау-қойма шығыстары франко-объект жаны қоймасының жабдығы құнынан 1,2% мөлшерінде анықталады.
Мердігердің жеткізу жабдығы бойынша дайындау-қойма шығыстары екінші деңгейдегі үстеме шығындарға арналған қаражат есебінен өтеледі.
38. Құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған сметалық бағалар жинақтары кезекті кезеңге (тоқсанға, жарты жылға) қалыптастырылады және қағаз және электрондық түрде ресімделеді.
4. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағалар мониторингінің әдістемесі
39. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстардың ағымдағы бағаларының мониторингі:
1) Қазақстан Республикасында тікелей өндіруші кәсіпорындарды және (немесе) жеткізушілерде шығарылатын ресурстарға (жанар-жағар май материалдарына, қосалқы бөлшектерге және басқалар) арналған бағалар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден жеткізуші кәсіпорындарға түсетіндер жатады.
40. Өңірлік деңгейдегі ағымдағы бағалардың мониторингі бойынша мынадай жұмыстар орындалады:
1) машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарының өндіруші кәсіпорындарда және (немесе) жеткізішілерде пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарға (жанар-жағар май материалдары, қосалқы бөлшектер және басқалар), республиканың шегінен тыс жерлерден жеткізуші кәсіпорындардан келіп түсетін ресурстарға арналған шығыс деректерін жинау және деректерқорды қалыптастыру жүзеге асырылады;
2) алынған шығыс деректерін талдау, пысықтау және бағалау, ұқсас ресурстарға арналған бағаларды салыстыру, олардың алшақтық себептерін анықтау жүргізіледі;
3) өңірлерден алынған шығыс деректерін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкестігіне салыстырып тексеру;
4) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органы айқындаған мамандандырылған ұйымға беру үшін деректерді дайындау жүзеге асырылады.
41. Республикалық деңгейде ағымдағы бағалардың мониторингі бойынша мынадай жұмыстар:
1) өңірлерден алынған шығыс деректерін талдау, пысықтау және бағалау, машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын құрылыс ресурстарына (жанар-жағар май материалдары, қосалқы бөлшектер және басқалар) арналған бағаларды салыстыру, олардың алшақтық себептерін анықтау, ұсынылған деректерді жүйелеу;
2) құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалану құнының есебі;
3) құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған сметалық бағалардың жинақтарын шығару жүзеге асырылады.
42. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарды жеткізушілердің ағымдағы бағаларын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1) бағаларын бақылау жүзеге асырылатын ресурстардың тізбесін қалыптастыру;
2) ресурстардың бағаларын бақылау жүргізілетін ұйымдарды (өндірушілерді, жеткізушілерді) іріктеу;
3) ресурстарды өндірушілердің (жеткізушілердің) бағаларын бақылау және есепке алу.
43. Әрбір өңірде машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарды басымды өндірушілер мен жеткізушілердің ағымдағы бағаларын бақылау мақсатында ресурстарды негізгі өндірушілердің тізбесі қалыптастырылады. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстардың негізгі өндірушілері мен жеткізушілерінің тізбесіне өңірдегі ресурстардың белгілі бір түрлері бойынша өндірістің (жеткізілімдердің) барынша көп үлес салмағын иеленетін барлық меншік нысанындағы субъектілерді қосу ұсынылады.
44. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарға арналған ағымдағы бағаларды бақылау өндірушілердің (жеткізушілердің) прайс-парақтарында көрсетілетін өлшем бірліктерінде жүргізіледі. Барлық өндірушілер (жеткізушілер) бойынша жеке тізіммен атауы, меншік нысаны, мекенжайы және байланыс ақпараты (мысалы, сайт, телефон, электрондық почта) туралы ақпарат ұсынылады.
45. Машиналарды, тетіктерді және автокөлік құралдарын пайдаланудың өзіндік құнын құрайтын ресурстарға арналған ағымдағы бағалар мониторингі тоқсанда (жарты жылда) 1 рет мерзімділігімен жүргізіледі. Құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған сметалық бағалардың жинағы келесі кезеңде (тоқсан, жарты жыл) шығарылады.
46. Құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған сметалық бағалардың жинақтары электрондық түрде және қағаз түрінде ресімделеді.
5. Еңбекке ақы төлеу
47. Жалақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын ескере отырып, және құрылыс саласы бойынша жұмысшылардың орташа айлық жалақысы туралы мемлекеттік статистиканың деректері бойынша анықталады.
  • 1
Құрылыс ресурстарының ағымдағы
 бағалар мониторингі және сметалық
 бағалар есебі жөніндегі
 мемлекеттік нормативке
 1-қосымша
Құрылыс материалдары және жабдықтар бойынша құрылыстағы өндірістік ресурстар жіктемесінің құрылымы
2-Кітап Құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар
1-тарау Жұмыстардың жалпы құрылыс кезеңіне арналған материалдар мен конструкциялар
01-бөлім Кенге жатпайтын құрылыс материалдары және тау-кен өндіру өнімі
02-бөлім Пайдалануға дайын бетондар, ерітінділер
03-бөлім Бетонды, қыш, силикатты және табиғи ұсақ-түйек бұйымдар
04-бөлім Темір бетонды және бетонды бұйымдар мен конструкциялар
05-бөлім Металл илек
06-бөлім Металл конструкциялары мен бұйымдары
07-бөлім Орман материалдары, ағаш бұйымдары және конструкциялар
08-бөлім Конструкциялар мен материалдар (композиттік, полимерлік және басқалар)
09-бөлім Ойықтарды толтыруға арналған бұйымдар мен құрылымдар
10-бөлім Төбе материалдары мен конструкциялар, гидрооқшаулағыш материалдар
11-бөлім Жылу оқшаулағыш материалдары
12-бөлім Отқа төзімді материалдар мен бұйымдар
13-бөлім Жалпы мақсатқа арналған материалдар
2-тарау Жұмыстардың әрлеуі кезеңіне арналған материалдар мен конструкциялар
01-бөлім Табиғи тастан жасалған қаптайтын материалдар
02-бөлім Жасанды материалдардан (қыш, композиттер, фибротақтайлар, шыны магнезиті) жасалған қаптайтын материалдар
03-бөлім Әрлеу және қалқалау конструкцияларының элементтері (аспалы қасбет жүйелері, аспалы төбелер, қалқалау конструкциялары, сүйеніштер)
04-бөлім Лак-бояу материалдары
05-бөлім Құрғақ құрылыс қоспалары
06-бөлім Еденді жайластыруға арналған материалдар
07-бөлім. Өзге декоративті-әрлеу материалдары
3-тарау Жұмыстардың арнайы кезеңіне арналған материалдар мен конструкциялар
01-бөлім Құбырлар
02-бөлім Фитингтер мен ілеспе материалдар
03-бөлім Сумен жабдықтау, кәріз және суағызу жүйелерінің материалдары мен бұйымдары
04-бөлім Жылумен жабдықтау жүйелеріне арналған материалдар мен бұйымдар
05-бөлім Желдету және ауаны салқындату жүйелерінің бұйымдары мен материалдары
06-бөлім Кабельдік-сымды өнімдер
07-бөлім Электрмонтаждық материалдар мен бұйымдар
08-бөлім Әлсіз тоқ жүйелерінің материалдары мен бұйымдары
09-бөлім Газбен жабдықтау жүйелерінің материалдары мен бұйымдары
10-бөлім Гидравликалық жүйелердің материалдары мен бұйымдары. Сораптар, көтеру станциялары және басқалары
4-тарау Инфрақұрылымдық құрылыс материалдары мен конструкциялары
01-бөлім Автомобиль жолдарына, метрополителендер мен тоннельдерге, теміржолдардың жоғарғы құрылымына арналған материалдар мен бұйымдар
02-бөлім Теміржолдарда дабыл қағуға, орталықтандыруға, автобұғаттуға және электрлендіруге арналған материалдар
03-бөлім Жалпы құрылыс және тауда қазбалар жүргізу жарылыс жұмыстарына арналған материалдар
04-бөлім Электркөліктерінің түйісу торабтарын, байланыс ғимараттарын, электр берілісінің желісі құрылыстарын салуға арналған материалдар
5-тарау Жасыл құрылыс материалдары
01-бөлім Ағаш және бұтақ тұқымдастардың көшеттері
02-бөлім Гүлдейтін және шырмалып өсетін өсімдіктер
03-бөлім Жалпы мақсатқа арналған материалдар
6-тарау Материалдар, қосалқы бөлшектер және жанар-жағар май материалдары
01-бөлім Жанар-жағар май материалдары
02-бөлім Тез тозатын бөлшектер және шиналар
03-бөлім Жұмыс құралы
5-Кітап Жабдық, жиһаз және мүкәммал
1-тарау Инженерлік жабдық
01-бөлім Гидравликалық жүйелер жабдығы. Құбыржолдарға арналған арматура және бақылау-өлшеу аспаптары
02-бөлім Гидравликалық жүйелер жабдығы. Сорғы жабдығы
03-бөлім Гидравликалық жүйелер жабдығы. Сумен жабдықтау, кәріз және су аққысы жүйелерінің инженерлік жабдығы
04-бөлім Гидравликалық жүйелер жабдығы. Жылу және суықпен жабдықтауға арналған жабдық
05-бөлім Ауаны желдету және баптау жүйелеріне арналған жабдық
06-бөлім Газбен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдық
07-бөлім Электр жабдығы (арматура, жарық беру аспаптары, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика)
08-бөлім Электр жабдығы (электр орнату жабдығы, электр конструкциялар)
09-бөлім Ғимараттардың ақпараттық желілері мен инженерлік жабдықты автоматтандыру жүйелерінің жабдығы
10-бөлім Көтеру-көліктік жабдықтар (лифттер, эскалаторлар)
11-бөлім Өзге де инженерлік жабдық
  • 1
Құрылыс ресурстарының ағымдағы
 бағалар мониторингі және сметалық
 бағалар есебі жөніндегі
 мемлекеттік нормативке
 2-қосымша
Өндіруші кәсіпорындардың (жеткізушілердің) материалдық ресурстарды ұсыну үшін прайс-парақ нысаны
Жеткізушінің коды, артикулы Материалдың, бұйымның, конструкцияның, инженерлік жабдықтың атауы Өлшем бірлігі Жіктеменің коды ҚҚС-пен босатылдым бағасы, теңге Өндіруші ел Бірлік салмағы, кг Ыдыс (қаптама) көлемі
1 2 3 4 5 6 7 8
               
мұнда:
1) 1-баған – өндіруші (жеткізуші) берген құрылыс ресурсының коды немесе артикулы;
2) 2-баған – құрылыс ресурсының атауы;
3) 3 баған – құрылыс ресурсының өлшем бірлігі;
4) 4-баған – жіктеме бойынша құрылыс ресурсының атауы;
5) 5-баған - қосылған құн салығымен (бұдан әрі - ҚҚС) өлшем бірлігі үшін баға;
6) 6-баған – құрылыс ресурсы жүргізілген ел;
7) 7-баған – материал бірлігінің салмағы;
8) 8-баған – ыдыс немесе қаптама көлемі.