• Мое избранное
Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 7-қосымша

Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) құрылыстың сметалық құны құрамындағы сметалық жалақыны айқындауға арналған.
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты құрылыстағы сметалық жалақының шамасын айқындау кезінде бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады.
3. Мемлекеттік нормативтің ережелері мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілерінің қолдануы үшін міндетті болып табылады.
4. Басқа көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатқа ие болады және құрылыстың сметалық құнының құрамындағы және орындалған жұмыстар үшін есептердегі жалақының шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
2) еңбекке ақы төлеу - қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
3) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
4) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ, өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
5) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
6) инфляцияның болжамды индексі – өткен жылдың ең аз есептік көрсеткішіне жоспарланатын жылдың ең аз есептік көрсеткішінің қатынасы;
7) өңірлік коэффициент – күнкөрістің ең аз орташа республикалық мәніне нақты өңірдің күнкөрістің ең аз мөлшеріне қатынасы;
8) өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
9) ресми статистикалық ақпарат – стратегиялық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат; 
10) сметалық жалақы – құрылыстың сметалық құны құрамында ескерілетін еңбекті төлеуге арналған қаражаттың есептік шамасы;
11) тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;
12) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;
13) тарифтік коэффициент – тиісті разрядтар тарифтік ставкаларының бірінші разрядтың тарифтік ставкасына қатынасы;
14) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
15) тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;
16) уақытша лаг – бір деректердің басқа деректермен салыстырғанда уақыт бойынша қалып қоюын немесе басып озуын көрсететін көрсеткіш.
6. Сметалық жалақы мынадай түрлерден тұрады:
1) жұмысшы-құрылысшылардың жалақысынан;
2) машинистердің (құрылыс машиналары мен тетіктерін басқарумен дәне қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың) жалақысынан тұрады.
7. Жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы тікелей құрылыс және монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың еңбекақысын төлеуді қамтиды. Сметалық жалақы ресурстық ведеомость және сметалық тарифтік ставкалардың жинағы бойынша анықталатын құрылысшы және монтажшы жұмысшылар үшін адам-сағаттың ағымдағы құны бойынша тиісті еңбек шығындарының негізінде есептеледі.
8. Машинистердің жалақысы құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалануға арналған шығындардың құрамына енгізіледі және сметалық тарифтік ставкалардың жинағы бойынша ағымдағы бағаларда машиналар мен тетіктердің машина-сағаты құнының құрамында есептеледі.
9. Жұмысшы-құрылысшылардың, машинистер мен механизаторлардың ағымдағы сағаттық тарифтік ставкасы сала бойынша тиісті кәсіптегі жұмысшылардың орташа айлық жалақысы туралы мемлекеттік статистика деректері бойынша айқындалады.
10. Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында қосымша еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
2. Құрылысқа арналған сметаларда жалақы белгілеуге арналған нормативтік-есептік база
11. Құрылыста қолданылатын еңбекке ақы төлеу жүйесі қызметкерлердің біліктілігі мен еңбекақысы олар орындайтын жұмыстардың күрделілігі бойынша сәйкестігін қамтамасыз ететін тарифтік жүйе болып табылады.
12. Тарифтік жүйемен біліктілік разрядтары (санаттары) бойынша тарифтік ставкалар және тарифтік коэффициенттер белгіленеді.
13. Құрылыс-монтаж жұмыстарын тарифтеу осы Мемлекеттік нормативке 1-қосымшада ұсынылған, жұмысшы-құрылысшылардың және машинистердің тарифтік ставкаларды есептеу үшін тарифтік коэффициенттердің негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №432-ө бұйрығымен бекітілген (№ 62711 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес жүргізіледі.
14. Құрылыстағы сметалық тарифтік ставкалардың шамасын айқындаудың негізі ресми статистикалық ақпарат болып табылады.
15. Сметалық тарифтік ставкаларды Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған арнайы ұйым жыл сайын есептейді және ағымдағы күнтізбелік жылға арналған құрылыстағы сметалық тарифтік ставкалардың жинағы түрінде ресімделеді.
16. Қазақстан Республикасы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу мақсатында сметалық тарифтік ставкалардың шамалары өңірлік коэффициенттің шамасына түзетіледі.
17. Өңірлік коэффициенттер есебін өткен жылдың деректері бойынша жыл сайын ағымдағы жылдың қаңтарында интернет-ресурстарда жарияланатын, халықтың жан басына шаққанда орташа алғанда күн көрістің ең аз деңгейі туралы ресми статистикалық ақпарат негізінде арнайы ұйым жыл сайын жүргізеді. Өңірлік коэффициент Мемлекеттік нормативке 2-қосымшада келтірілген формула бойынша есептеледі және Ағымдағы күнтізбелік жылға арналған құрылыстағы сметалық тарифтік ставкалардың жинағында жарияланады.
3. Сметалық тарифтік ставкаларды есептеу әдістемесі
18. Ағымдағы күнтізбелік жылға арналған сметалық тарифтік ставкалар өткен жылдың деректері бойынша жыл сайын 25 қаңтарда интернет-ресурстарда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жариялайтын құрылыстағы кәсіптер (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы туралы ресми статистикалық ақпарат негізінде есептеледі.
19. Құрылыстағы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы туралы деректердің негізінде орташа айлық атаулы жалақыны және бір айда бір қызметкерге есептегендегі жұмсалған сағаттардың санын көрсете отырып, негізгі жұмысшы және инженерлік-техникалық кәсіптердің іріктемесі қалыптастырылады.
20. Осы іріктеме бойынша орташа статистикалық сағаттық тарифтік ставка (ТСстат ) мынадай формуламен есептеледі:
                             (1)
мұнда:
ОАЖi – ресми стратистикалық ақпаратқа сәйкес і-ші құрылыс кәсібі бойынша орташа айлық атаулы жалақы;
Тi – ресми стратистикалық ақпаратқа сәйкес і-ші құрылыс кәсібі бойынша бір айда жұмыс істеген сағаттардың саны;
n – қалыптастырылған іріктеме бойынша жұмысшы мамандықтарының саны.
21. Нақты өңір үшін (ТС ) жұмыс бірінші разрядының ағымдағы деңгейдегі сметалық тарифтік ставкасы мынадай формуламен есептеледі:
                    ,     (2)
мұнда:
Иинфл – инфлцияның есептік индексі. Осы индекс ресми статистикалық ақпараттың ағымдағы сметалық ставкалар есебінде оларды қолдануға жол бермейтін уақытша лагы бар екендігімен байланысты қолданылады.
ТК3,5р – жұмыстардың орташа разрядының 3,5-ке тең тарифтік коэффициенті.
Көңір - осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес есептелетін өңірлік коэффициент.
22. Нақты өңір үшін тікелей монтаж жұмыстарымен айналысатын 3 санаттағы техниканың ағымдағы деңгейдегі сметалық тарифтік ставкасы (ТС3 санатты техник ) мынадай формуламен есептеледі:
               , (3)
мұнда:
Иинфл - инфляцияның есептік индексі;
ТК2санатты техник – 2 тең техниктер орындайтын жұмыстардың орташа разрядының тарифтік коэффициенті;
Көңір – өңірлік коэффициент.
23. Жұмысшы-құрылысшылар мен машинистердің жұмыстарының і-ші разряды (санаты) үшін (ТСөңір. і ) сметалық тарифтік ставкалар базалық сметалық тарифтік ставкалардың (ТСөңір.баз ) (бірінші разрядты жұмысшы-құрылысшылар үшін, инженерлік буын үшін – 3 санаттағы техник) және Мемлекеттік нормативке 1 және 3 қосымшаларда келтірілген тарифтік коэффициенттердің (ТКі ) негізінде мынадай формуламен есептеледі:
                ТСөңір. і  = ТСөңір.баз х ТКі       (4)
4. Орташа тарифтік разрядты анықтау
24. Сметалық жалақыны есептеу үшін жұмысшылардың орташа разряды және олар орындайтын жұмыстардың орташа тарифтік разряды қолданылады.
Жұмысшылардың орташа тарифтік ставкасы Ос бригаданың барлық мүшелерінің тарифтік ставкаларының сомасын бригададағы жұмысшылардың санына бөлу арқылы анықталады.
Рс орташа разряды орташа тарифтік ставка негізге алына отырып, мына формула бойынша анықталады:
                               (5)
мұнда:
Рк – орташа тарифтік ставкаға қатынасы бойынша аз разряд;
Оо – орташа тарифтік ставка;
Ск, Сү – есептік орташаға қатысы бойынша тиісінше аз және көп тарифтік ставкалар.
25. Жұмыстардың орташа тарифтік ставкасы нормативтік жалақыны нормативтік еңбек шығындарына бөлу арқылы еңбек шығындары мен жалақының ірілендірілген нормасы бойынша анықталады.
5. Жұмысшы-құрылысшылардың және машинистердің сметалық жалақысын есептеу әдістемесі
26. Жұмысшы-құрылысшылардың және машинистердің (Ж) сметалық жалақысы жергілікті және объектілік ресурстық сметаларда және сметалық есептерде мынадай формула бойынша анықталады:
                         Ж = Жж + Жм,     (6)
мұнда:
Жж – құрылыс және монтаж жұмыстарымен тікелей айналысатын жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы;
Жм – машинистердің жалақысы.
27. Тікелей құрылыс және монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (Жж ) жергілікті ресурстық сметаларда жұмыстардың і-ші разряды (санаты) үшін сметалық тарифтік ставканың шамасын жұмысшы-құрылысшылардың нормативтік еңбек шығындарына жұмыстардың өлшем бірліктерінің санына көбейту жолымен анықталады, кейіннен төмендегі формуланың негізінде сметаның барлық жолдарын қосу арқылы:
                      (7)
мұнда:
Vj – жұмыстардың тиісті түрі бойынша жұмыстардың көлемі (белгіленген бірліктермен);
ЕНШj  – жұмыстардың өлшем бірлігіне жұмысшы-құрылысшылардың нормативтік еңбек шығындары, адам-сағ;
Ктб  – сметалық нормативтердің тиісті бөлімдеріндегі техникалық бөліктерде, сондай-ақ, оларды қолдану жөніндегі жалпы ережелерде келтірілген жұмыстарды жүргізудің жағдайларын ескеретін еңбек шығындары нормаларына түзету коэффициенттері.
ТСөңір. і – жұмыстардың і-ші разряды (санаты) үшін сметалық тарифтік ставка (теңге/сағ).
Жұмысшылардың жергілікті ресурстық сметалардағы жалақысы «жұмысшы-құрылысшылардың жалақысы» атауымен жеке жолда көрсетіледі.
28. Машиналарды және тетіктерді басқаратын жұмысшылардың жергілікті ресурстық сметалардағы жалақысы (Жм) төмендегі формуланың негізінде кейіннен сметаның барлық жолдарын қосу арқылы жолдар бойынша анықталады:
                     (8)
мұнда:
V - жұмыстардың тиісті түрі бойынша жұмыстардың көлемі (белгіленген бірліктермен);
МЕШНj – жұмыстар көлемінің өлшем бірлігіне жұмысшылардың еңбек шығындары, адам-сағ;
Ктб – сметалық нормативтердің тиісті бөлімдеріндегі техникалық бөліктерде, сондай-ақ, оларды қолдану жөніндегі жалпы ережелерде келтірілген жұмыстарды жүргізудің жағдайларын ескеретін еңбек шығындары нормаларына түзету коэффициенттері.
ТСөңір. і – жұмыстардың і-ші разряды (санаты) үшін сметалық тарифтік ставка (теңге/сағ).
Машиналар мен тетіктерді басқаратын жұмысшылардың жэалақысы көрсетілген сметалық құжаттарда «оның ішінде машшинистердің жалақысы» атауымен жеке жолда көрсетіледі.
29. Жергілікті ресурстық смета құрамындағы жиынтық сметалық жалақы тікелей құрылыс және монтаж жұмыстарында (Зж) айналысатын жұмысшы-құрылысшылардың жалақысынан, машинистердің жалақысынан (Жм) қалыптасады.
30. Объектілі сметаларда (объектілік сметалық есептерде) бір атаулы бағанадағы сметалық жалақы үтірден кейін екі белгі дәлдігімен мың теңгеде көрсетіледі.
6. Қосалқы жұмыстардағы жұмысшылардың жалақысын сметалық құжаттама құрамында бөлу әдістемесі
31. Лимиттелген шығындар және үстеме шығындар Жқ құрамынан бөлінетін қосалқы жұмыстардағы жұмысшылардың жалақысы мынадай формула бойынша жергілікті және объектілік ресупстық сметаларда және сметалық есептерде анықталады:
                     Жқ = Жүш + Жу + Жққ,    (9)
мұнда:
Жүш – сметалық үстеме шығындарда есептелген қосалқы жұмыстардағы жұмысшылардың жалақысы;
Жу – негізгі уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу құнында ескерілген қосалқы жұмыстардағы жұмысшылардың жалақысы;
Жққ – қысқы уақытта құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша шығындар құрамында ескерілген жұмысшылардың жалақысы.
32. Жұмысшылар орындайтын үстеме шығындардың құрамында ескерілген жұмыстарға уақытша (титулдық емес) ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу, құрылыс алаңдарын абаттандыру және күтіп ұстау, объектілерді тапсыруға дайындау және басқалар жатады. Сметалық үстеме шығындардың есебінен жұмыстарды орындайтын жұмысшылардың жалақысы (Жүш ) жергілікті сметаларда мына формула бойынша анықталады:
                      Жүш = Үүш * Мүш,     (10)
мұнда:
Мүш – жергілікті ресурстық сметаның «Үстеме шығындар» жолынан қабылданатын үстеме шығындар массасы (теңге);
Үүш – құрылыс және монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың үстеме шығындардың жалпы массасында ескерілген жалақысының үлесі (үстеме шығындардың орташа салалық құрылымында 9% құрайды);
33. Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың сметалық жалақысы (Жу ) мына формуламен анықталады:
                    Жу = 0,141 * Му,      (11)
мұнда:
0,141 – уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған нормалар құрылымында жұмысшылар жалақысының үлесі;
Му – объектілік сметаның «Уақытша ғимараттар мен құрылыстар» жолынан қабылданатын сома, мың теңге.
34. Қысқы қымбаттаулар құрамындағы жұмысшылардың сметалық жалақысы (Жққ ) мына формуламен анықталады:
                  Жққ = ҚМЖ + ЖАНққ,     (12)
мұнда:
ҚМЖ – 1-8 тараулардың қорытындысы бойынша құрылыстағы құнның сметалық есебі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының құны (мың теңге);
ЖАНққ – осы Мемлекеттік нормативке 4-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаның оң температурасы кезінде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнынан проценттердегі жұмысшылардың жалақысының көрсеткіші (оның ішінде, машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылардың жалақысының көрсеткіші).
7. Семей полигонында ядролық қару сынақтарының салдарынан радиоактитік заттармен ластануға ұшыраған амақтарда тұратын жұмысшыларға қосымша еңбекақыға және әлеуметтік қолдауға арналған қаражатты есептеу әдістемесі
35. Семей полигонында ядролық қаруды сынау салдарынан радиоактивтік заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрғаны үшін қосымша еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындары (Сқш ) мына формуламен анықталады:
                     ,     (13)
мұнда:
ЕҚн - құрылыс құнының сметалық есебі бойынша нормативтік еңбекті қажетсіну, адам-сағ;
 - құрылысты жүзеге асырудың жоспарлы кезеңі ішінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының орташа айлық нормасы, сағ/ай;
Қд - «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ Заңына сәйкес осы радиациялық қатер аймағында қосымша еңбек ақыға арналған айлық есептік көрсеткіштердің саны;
АЕК - сметалық құжаттама жасалған жылы бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
36. Семей полигонында ядролық қаруды сынау салдарынан радиоактивтік заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын жұмысшылардың ақы төленетін жыл сайынғы қосымша демалысқа жұмсалатын шығындар (Сқед ) мына формуламен анықталады:
                        (14)
мұнда:
ЕҚн -  тарауларының қорытындысы бойынша құрылыс құнының сметалық есебі жөніндегі нормативтік еңбекті қажетсіну, адам-сағ;
 - құрылысты жүзеге асырудың жоспарлы жылдары ішінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының орташа жылдық нормасы, сағ/жыл;
Қд - «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ Заңына сәйкес осы радиациялық қатер аймағында ақы төленетін жыл сайынғы қосымша демалыс күндері, күн/жыл;
Ж -  тарауларының қорытындысы бойынша құрылыс құнының сметалық есебі жөніндегі сметалық жалақының сомасы, теңге;
8 - еңбек кодексіне сәйкес 40 сағат апталық норма кезінде бес күндік жұмыс аптасы кезінде күн сайынғы жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты ұзақтығы, сағ/күн;
к - «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХІІ Заңына сәйкес осы радиациялық қатер аймағында қосымша еңбек ақыға айлық есептік көрсеткіштердің саны;
АЕК - сметалық құжаттама жасалған жылы бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
 - құрылысты жүзеге асырудың жоспарлы кезеңі ішінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының орташа айлық нормасы, сағ/ай.
37. Радиациялық қатер аймақтарында тұратын халыққа қосымша еңбекақыға және оларды әлеуметтік қолдауға арналған қаражат сомасын есептеу нәтижесінде алынған қаражат сомасы 6 және 7-бағандағы құрылыс құны сметалық есебінің 9-тарауына енгізіледі.
8. Арал маңындағы экологиялық зілзала аймақтарында тұратын жұмысшыларға қосымша еңбекақыға және оларды әлеуметтік қолдауға арналған қаражатты есептеу әдістемесі
38. Арал маңындағы экологиялық зілзала аймақтарында тұратын жұмысшылардың қосымша еңбекақыға жұмсалатын шығындары (Ақш ) мына формуламен анықталады:
                    Ақш = 3 х (Кэ - 1),    (15)
мұнда:
Ж -  тарауларының қорытындысы бойынша құрылыс құнының сметалық есебі жөніндегі сметалық жалақының сомасы, теңге;
Кэ - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХІІ Заңына сәйкес осы аймақта экологиялық қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін төлем коэффициенті.
39. Арал маңындағы экологиялық зілзала аймақтарында тұрғаны үшін ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа (зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін берілетін демалыстан тыс) жұмсалатын шығындар (Ақш ) мына формуламен анықталады:
                            (16)
мұнда:
 - құрылысты жүзеге асырудың жоспарлы жылдары ішінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының орташа жылдық нормасы, сағ/жыл;
Қд - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХІІ Заңына сәйкес осы радиациялық қатер аймағында ақы төленетін жыл сайынғы қосымша демалыс күндері, күн/жыл;
Ж -  тарауларының қорытындысы бойынша құрылыс құнының сметалық есебі жөніндегі сметалық жалақының сомасы, теңге;
8 - еңбек кодексіне сәйкес 40 сағат апталық норма кезінде бес күндік жұмыс аптасы кезінде күн сайынғы жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты ұзақтығы, сағ/күн;
Кэ - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХІІ Заңына сәйкес осы аймақта экологиялық қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін төлем коэффициенті.
40. Арал маңындағы экологиялық зілзала аймақтарында тұрғаны үшін қолданыстағы төлемдерден тыс айлық тарифтік ставка немесе лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жыл сайынғы материалдық көмекке (бір мезгілде еңбек демалысын берумен) жұмсалатын шығындар мына формуламен анықталады:
                                   (17)
мұнда:
Ж -  тарауларының қорытындысы бойынша құрылыс құнының сметалық есебі жөніндегі сметалық жалақының сомасы, теңге;
41. Арал маңындағы экологиялық зілзала аймақтарында тұратын халыққа қосымша еңбекақыға және оларды әлеуметтік қолдауға арналған қаражат сомасын есептеу нәтижесінде алынған қаражат сомасы 6 және 7-бағандағы құрылыс құны сметалық есебінің 9-тарауына енгізіледі.
  • 1
Құрылыстағы сметалық жалақыны
 есептеу жөніндегі мемлекеттік нормативке
 1-қосымша
Құрылысшы-жұмысшылардың және машинстердің тарифтік ставкаларын есептеуге арналған тарифтік коэффициенттері
Разрядтың аралық мәні Разряд / 1-разрядқа тарифтік коэффициент
1 2 3 4 5 6 7 8
1,000 1,085 1,186 1,339 1,542 1,796 2,075 2,394
0,1 1,009 1,095 1,201 1,359 1,567 1,824 2,107  
0,2 1,017 1,105 1,217 1,380 1,593 1,852 2,139  
0,3 1,026 1,115 1,232 1,400 1,618 1,880 2,171  
0,4 1,034 1,125 1,247 1,420 1,644 1,908 2,203  
0,5 1,043 1,136 1,263 1,441 1,669 1,936 2,235  
0,6 1,051 1,146 1,278 1,461 1,694 1,963 2,266  
0,7 1,060 1,156 1,293 1,481 1,720 1,991 2,298  
0,8 1,068 1,166 1,308 1,501 1,745 2,019 2,330  
0,9 1,077 1,176 1,324 1,522 1,771 2,047 2,362  
  • 1
Құрылыстағы сметалық жалақыны
 есептеу жөніндегі мемлекеттік нормативке
 2-қосымша
Өңірлік коэффициентті есептеу әдістемесі
Өңірлік коэффициент (Көңір ) мынадай формула бойынша есептеледі:
                               
мұнда:
КЕДөңір – тарифтік ставка есептелетін өңірдің күн көрістің ең аз деңгейі. Соңғы 12 ай үшін орташа ретінде ресми статистикалық ақпарат бойынша айқындалады.
КОДорта – ҚР бойынша күнкөрістің орташа деңгейі. Соңғы 12 ай үшін орташа ретінде ресми статистикалық ақпарат бойынша айқындалады.
Құрылыстағы сметалық жалақыны
 есептеу жөніндегі мемлекеттік нормативке
 3-қосымша
Тікелей монтаж жұмыстарымен айналысатын инженерлік буынның тарифтік ставкаларын есептеуге арналған тарифтік коэффициенттер
Санаты және лауазымы 3-санаттағы техниктің ставкасына тарифтік коэффициент
1
1.1
1.2
1.3
Орта техникалық білімі бар мамандар:
3-санаттағы техник
2-санаттағы техник
1-санаттағы техник
1,000
1,104
1,218
2
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
Жоғары техникалық білімі бар мамандар:
3-санаттағы инженер
2-санаттағы инженер
1-санаттағы инженер
жетекші инженер
бас технолог
1,483
1,637
1,807
1,994
2,201
  • 1
Құрылыстағы сметалық жалақыны
 есептеу жөніндегі мемлекеттік нормативке
 4-қосымша
Қоршаған ортаның оң температурасы кезінде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнынан пайыздардағы жұмысшылардың жалақысының көрсеткіші (оның ішінде, машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылардың жалақысының көрсеткіші)
Жұмыстардың түрі Жұмысшылар жалақысының қоршаған ортаның оң температурасы кезінде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнындағы пайызбен алынған көрсеткіші (оның ішінде машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылар жалақысының көрсеткіші)
Температуралық аймақтар
I II III IV
I. Отын-энергетикалық кешен
1 Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындары 0,25 (0,08) 0,36 (0,11) 1,17 (0,27) 1,51 (0,24)
2 Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі кәсіпорындары 0,24 (0,05) 0,56 (0,11) 1,12 (0,23) 1,62 (0,32)
3 Көмір өнеркәсібі кәсіпорындары (тау-кен қашау жұмыстарынан басқа) 0,28 (0,06) 0,64 (0,13) 1,4 (0,28) 1,92 (0,39)
4 Энергетикалық құрылыс кәсіпорындары:  
а) жылу электр станциялары 0,34 (0,09) 0,72 (0,20) 1,23 (0,36) 1,82 (0,54)
б) гидро электр станциялары 0,27 (0,05) 0,58 (0,13) 1,22 (0,25) 1,82 (0,54)
в) атом электр станциялары 0,21 (0,07) 0,46 (0,22) 0,88 (0,51) 1,34 (0,65)
г) кіші электр станциялары 0,3 (0,1) 0,6 (0,2) 1,06 (0,32) 1,55 (0,5)
д) жылу желілері 0,27 (0,05) 0,54 (0,22) 1 (0,35) 1,4 (0,5)
е) электр беру әуе желілері, 35 кВ және одан жоғары 0,13 (0,02) 0,23 (0,04) 0,4 (0,08) 0,51 (0,11)
ж) сондай, 0,4-10 кВ 0,16 (0,03) 0,4 (0,08) 0,76 (0,15) 1,2 (0,25)
5 Торф өнеркәсібі кәсіпорындары 0,23 (0,07) 0,44 (0,22) 0,88 (0,5) 1,3 (0,63)
6 Тау-кен қашау жұмыстары (жалпы шахталық шығыстарсыз):  
а) шахта ұңғақтары (шахта ауасын жылытуға берілетін шығындарды ескергенде) 0,21 0,39 0,8 1,08
б) оның ішінде, ауаны жылытуға жұмсалатын шығындар 0,14 0,3 0,48 0,62
в) көлденең және көлбеу қазындылар (ауаны жылытуға берілетін шығындарды ескергенде) 0,16 0,32 0,48 0,69
г) оның ішінде, ауаны жылытуға жұмсалатын шығындар 0,11 0,21 0,28 0,36
II. Металлургия кешені  
1 Қара металлургия кәсіпорындары (тау-кен қашау жұмыстары мен шахта үсті объектілерінен басқа) 0,3 (0,11) 0,4 (0,19) 0,68 (0,3) 0,9 (0,4)
2 Түсті металлургия кәсіпорындары (тау-кен қашау жұмыстары мен шахта үсті объектілерінен басқа) 0,23 (0,1) 0,43 (0,18) 0,83 (0,32) 1,23 (0,44)
III. Химия-орман кешені  
1 Химия өнеркәсібі кәсіпорындары 0,3 (0,03) 0,61 (0,08) 1,25 (0,16) 2,01 (0,23)
2 Орман, ағаш өңдеу және целлюлоз-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары 0,18 (0,06) 0,39 (0,17) 0,71 (0,29) 1,4 (0,41)
3 Медицина өнеркәсібі кәсіпорындары 0,32 (0,12) 0,44 (0,19) 0,67 (0,29) 1,06 (0,45)
4 Микробиология өнеркәсібі кәсіпорындары 0,27 (0,05) 0,52 (0,1) 0,94 (0,18) 1,38 (0,27)
IV. Машина жасау кешені        
1 Ауыр, энергетика және көлік машиналарын жасау кәсіпорындары 0,3 (0,03) 0,6 (0,07) 1,08 (0,13) 1,49 (0,18)
2 Ауыл шаруашылығы және трактор машиналарын жасау кәсіпорындары 0,08 (0,01) 0,16 (0,03) 0,38 (0,06) 0,49 (0,08)
3 Электр-техникалық өнеркәсіп кәсіпорындары 1,17 (0,03) 0,31 (0,12) 0,64 (0,2) 0,98 (0,28)
4 Станок жасау және құрал-жабдық өнеркәсібі кәсіпорындары 0,28 (0,06) 0,56 (0,11) 0,84 (0,17) 1,12 (0,22)
5 Прибор және автоматтандыру құралдарын жасау кәсіпорындары 0,26 (0,04) 0,54 (0,1) 1,11 (0,19) 1,28 (0,21)
6 Автомобиль және мойынтірек өнеркәсібі кәсіпорындары 0,05 (0,01) 0,12 (0,01) 0,23 (0,03) 0,3 (0,04)
7 Жеңіл және өзге де машина жасау кәсіпорындары 0,24 (0,05) 0,52 (0,1) 0,84 (0,17) 1,24 (0,25)
V. Агроөнеркәсіптік кешен  
1 Ауыл шаруашылығы құрылысы (жөндеу шеберханалары, жабдықтау базалары, жылыжай-парниктік комбинаттар және тағы басқалар) 0,23 (0,05) 0,49 (0,1) 0,93 (0,19) 1,41 (0,28)
2 Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 0,21 (0,02) 0,47 (0,05) 0,97 (0,1) 1,4 (0,15)
3 Ет өнеркәсібі кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы өнімдерін бастапқы өңдеу кәсіпорындары 0,24 (0,06) 0,44 (0,13) 0,81 (0,21) 1,17 (0,28)
4 Сүт өнеркәсібі кәсіпорындары, қант және консерв зауыттары 0,23 (0,07) 0,41 (0,15) 0,67 (0,25) 1,02 (0,33)
5 Балық шаруашылығы кәсіпорындары 0,46 (0,07) 1 (0,18) 1,72 (0,31) 2,5 (0,45)
6 Қоймалар 0,2 (0,05) 0,45 (0,11) 0,86 (0,21) 1,34 (0,28)
7 Темір-бетоннан жасалған элеваторлар 0,24 (0,05) 0,44 (0,09) 0,84 (0,17) 1,23 (0,25)
8 Монолитті темір-бетоннан жасалған элеваторлар 1 (0,2) 1,52 (0,31) 2,08 (0,42) 2,52 (0,51)
9 Тоңазытқыштар 0,36 (0,13) 0,78 (0,27) 1,56 (0,55) 2,21 (0,78)
VI. Көлік және байланыс кешені  
1 Мұнай-газ өнімдері құбырларын салу 0,08 (0,03) 0,2 (0,08) 0,45 (0,14) 0,68 (0,22)
2 Өндірістік және қызметтік пайдалану ғимараттарын салу:  
а) темір жол көлігі 1,03 (0,13) 1,25 (0,14) 1,79 (0,19) 2,21 (0,25)
б) автомобиль көлігі, құрылыс машиналарын жөндеу және оларға қызмет көрсету базалары 0,28 (0,06) 0,48 (0,1) 0,72 (0,14) 1,12 (0,22)
в) теңіз көлігі 0,16 (0,07) 0,34 (0,18) 0,66 (0,32) 0,96 (0,46)
г) өзен көлігі 0,23 (0,09) 0,33 (0,18) 0,63 (0,32) 0,91 (0,46)
д) әуе көлігі 0,2 (0,03) 0,42 (0,07) 0,78 (0,11) 1,21 (0,16)
3 Әуе көлігінің ұшу алаңдары 0,13 (0,09) 0,36 (0,28) 0,81 (0,54) 1,19 (0,79)
4 Жолдар салу:        
а) трассаны игеру және құрылыс аумағын дайындау 0,2 (0,01) 0,65 (0,04) 1 (0,05) 1,44 (0,06)
  Топырақтық жер қабаты:        
б) кәдімгі 1,07 (0,13) 1,67 (0,21) 2,68 (0,29) 3,36 (0,39)
в) дренажды 0,22 (0,03) 0,41 (0,07) 0,78 (0,09) 1,09 (0,17)
г) шатқалды 0,11 (0,06) 0,25 (0,13) 0,74 (0,4) 0,98 (0,53)
е) гидро-механикаландырған тәсілмен жолдың жер қабатын тұрғызу   0,35 (0,23) 0,58 (0,38) 0,9 (0,6)
  Аралық құрылысы бар үлкен көпірлер:        
ж) жер қабатын және реттегіш құрылыстарды бекемдеу 0,24 0,4 0,7 0,95
з) темір-бетонмен 0,42 (0,05) 0,8 (0,18) 1,54 (0,66) 2,36 (0,32)
и) металлмен 0,27 (0,03) 0,52 (0,08) 1 (0,13) 1,73 (0,17)
к) өзге де жасанды құрылыстар 0,4 (0,04) 1,07 (0,14) 1,18 (0,18) 1,75 (0,24)
л) жолдың жоғарғы қабаты 0,33 (0,04) 0,59 (0,07) 0,9 (0,09) 1,26 (0,13)
м) темір жолдарды электрлендіру, өзге де энергетикалық құрылыстар мен құрылғылар 0,27 (0,07) 0,51 (0,13) 0,83 (0,18) 1,18 (0,22)
н) байланыс, дабылдау, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары 0,53 (0,01) 1,46 (0,01) 2,81 (0,02) 4 (0,03)
о) сумен жабдықтау және кәріз құрылыстары (сыртқы құбырларсыз және сыртқы желілерсіз) 1 (0,15) 1,9 (0,38) 3,87 (0,64) 5,22 (0,94)
  Жол жабындары:  
п) құрастырмалы темір-бетон плиталардан 0,03 (0,01) 0,05 (0,01) 0,06 (0,02) 0,09 (0,02)
р) цемент-бетонды 0,2 (0,04) 0,3 (0,07) 0,37 (0,09) 0,42 (0,1)
с) асфальт-бетонды 0,34 (0,22) 0,53 (0,35) 0,6 (0,39) 0,65 (0,43)
т) қара қиыршық тасты 0,31 (0,16) 0,36 (0,18) 0,38 (0,18) 0,4 (0,19)
у) шағылтасты немесе қиыршықтасты 0,14 (0,13) 0,26 (0,24) 0,32 (0,27) 0,42 (0,35)
5 Байланыс ғимараттары мен құрылыстары 0,22 (0,02) 0,4 (0,05) 0,69 (0,1) 1,02 (0,15)
VII. Құрылыс кешені  
1. Құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындары:  
а) құрастырмалы темір-бетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарының зауыттары және полигондары 0,36 (0.07) 0,6 (0,12) 1,04 (0,21) 1,4 (0,28)
б) ұсақтау-сұрыптау зауыттары, саз және шағылтасты-құмды материалдар карьерлері 0,24 (0,06) 0,56 (0,11) 1 (0,2) 1,44 (0,25)
в) қабырға материалдары, төбе және гидрооқшаулағыш материалдар зауыттары 0,45 (0,06) 0,6 (0,12) 1,04 (0,2) 1,47 (0,25)
г) цемент зауыттары, асбест-цемент және санитарлық-техникалық өнеркәсіп кәсіпорындары 0,28 (0,08) 0,52 (0,1) 0,92 (0,18) 1,28 (0,26)
д) шыны өнеркәсібі кәсіпорындары 0,22 (0,05) 0,41 (0,07) 0,77 (0,16) 1,15 (0,23)
е) құрылыс қышы кәсіпорындары 0,23 (0,07) 0,42 (0,15) 0,81 (0,25) 1,02 (0,36)
ж) полимерлік құрылыс материалдары кәсіпорындары 0,2 (0,05) 0,6 (0.17) 1,1 (0,26) 1,59 (0,36)
VIII. Әлеуметтік кешен  
1 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар құрылысы:  
а) ірі панелді және көлемді-блоктық ғимараттар 0,12 (0,02) 0,2 (0,04) 0,4 (0,08) 0,56 (0,11)
б) блоктардан салынған тұрғындық кірпіш ғимараттар 0,16 (0,03) 0,28 (0,06) 0,48 (0,1) 0,68 (0,14)
в) ағаштан салынған тұрғындық ғимараттар 0,33 (0,03) 0,67 (0,06) 1 (0,09) 1,58 (0,14)
г) қоғамдық мақсаттағы ғимараттар (мектептер, оқу орындары, клубтар, бала бақшалар және ясли, ауруханалар, санаторийлер, демалыс үйлері және т.б.) және коммуналдық шаруашылық объектілері 0,18 (0,03) 0,3 (0,05) 0,6 (0,1) 0,9 (0,12)
2 Метрополитендер салу:  
а) ауаны жылытып, жабық тәсілмен 0,09 (0,01) 0,14 (0,01) 0,18 (0,02) 0,41 (0,03)
б) сондай, ауаны жылытусыз 0,2 (0,01) 0,29 (0,01) 0,54 (0,03) 0,82 (0,04)
в) ашық тәсілмен 0,53 (0,05) 1 (0,1) 1,82 (0,26) 2,2 (0,4)
3 Полиграфия өнеркәсібі кәсіпорндары 0,2 (0,03) 0,5 (0,07) 0,9 (0,13) 1,45 (0,19)
4 Сыртқы құбырларды салу:  
а) сумен жабдықтау және жұмсақ топырақтағы газ құбырлары (жер қазу жұмыстарымен) 0,21 (0,1) 0,48 (0,34) 0,71 (0,45) 1,09 (0,76)
б) жұмсақ топырақтағы кәріз (жер қазу жұмыстарымен) 0,29 (0,19) 0,49 (0,36) 0,73 (0,51) 1,05 (0,71)
в) сумен жабдықтау, шатқалды топырақтағы газ құбырлары немесе кәріз 0,09 (0,06) 0,2 (0,13) 0,33 (0,23) 0,55 (0,32)
г) су құбыры сорғы станциялары 0,65 (0,14) 1,23 (0,23) 1,48 (0,3) 2,2 (0,47)
д) сондай, кәріздік 0,68 (0,11) 1,02 (0,25) 1,51 (0,37) 2,02 (0,53)
е) су құбырлық тазарту құрылыстары 0,32 (0,06) 0,56 (0,11) 1,04 (0,21) 1,4 (0,28)
ж) сондай, кәріздік 0,4 (0,08) 0,64 (0,13) 1,04 (0,21) 1,36 (0,27)
IX. Кешендерге кірмейтін салалар  
1 Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 0,2 (0,02) 0,47 (0,05) 0,97 (0,1) 1,4 (0,15)
2 Мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысы:  
а) суландыру 0,42 (0,21) 0,83 (0,46) 1,59 (0,85) 2,01 (1,1)
б) құрғату 0,78 (0,67) 1,2 (1) 1,82 (1,5) 2 (1,8)
3 Авиация және қорғаныс өнеркәсібінің, жалпы машина жасау кәсіпорындары 0,26 (0,07) 0,56 (0,16) 1,05 (0,31) 1,54 (0,45)
4 Кеме жасау өнеркәсібі кәсіпорындары 0,19 (0,03) 0,4 (0,05) 0,72 (0,08) 1,06 (0,11)
5 Байланыс құралдары, радио және электроника өнеркәсібі кәсіпорындары 0,31 (0,06) 0,5 (0,13) 0,96 (0,22) 1,31 (0,29)
6 Өзге де құрылыс түрлері:  
а) жер асты құрылыстарына арналған коллекторлар 0,34 (0,07) 0,67 (0,14) 1,29 (0,2) 1,89 (0,37)
б) жаяу жүргіншілердің жер асты өтпелері 0,38 (0,11) 0,73 (0,22) 1,26 (0,35) 1,81 (0,46)
в) жағалауды бекіту және жағалау құрылыстары 0,09 (0,02) 0,25 (0,14) 0,49 (0,25) 0,63 (0,34)
г) отырғызу орындарын дайындаумен ағаштар мен бұталар отырғызу және ауыстырып отырғызу (ағаштар мен бұталардың құнын қоса алғанда) 0,3 (0,15) 0,78 (0,36) 1,47 (0,63) 2,21 (0,86)