• Мое избранное
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11687 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 21.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 160 Бұйрығына сәйкес (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
"КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә.Исекешов 
30 наурыз 2015 ж.
"КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
_____________Е.Досаев 
8 маусым 2015 ж.
. 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 4-4/61 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Пестицидтердi тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
Осы Қағидалары өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.07.2016 жылғы № 326 Бұйрығына сәйкес (30.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалары жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтерді тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және пестицидтердi тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.12.2021 жылғы № 378 Бұйрығына сәйкес (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әсер етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге, аса қауіпті зиянды организмге, карантиндік объектіге, бөтентекті түрге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әсер етуге әкелетін пестицидтiң биологиялық белсенді бөлiгi;
2) вегетациялық кезең (өсiп-өну маусымы) – нақты ауыл шаруашылығы дақылының егілгеннен бастап пiсіп-жетілгенгенге дейiнгi кезең;
3) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң әсер етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әсер етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
4) қайта тiркеу – пестицидке берілетін тіркеу куәлiгінiң қолданылу мерзiмi өткен соң қосымша сынақтардан өткізбестен пестицидті қайтадан мемлекеттік тiркеу;
5) құрамдастырылған пестицид – құрамында екi және одан да көп әсер етушi заты бар препарат;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.06.2023 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (14.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) орындаушы ұйым – пестицидтердің биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiн бағалауды жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтылымы, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына сәйкес аккредитациясы бар ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдар, сондай-ақ, пестицидтерді талдау әдістерін әзірлеуді, токсикологиялық бағалауды, бейімдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерін зерделеуді жүзеге асыратын «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.12.2021 жылғы № 378 Бұйрығына сәйкес (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) пестицидтің айрықша (саудалық) атауы – аталған пестицид тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынағынан өтетін, тіркелетін, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
9) пестицидке арналған қысқаша дерекнама – пестицидтің биологиялық, физикалық-химиялық және токсикологиялық қасиеттері туралы мәліметтер;
10) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтің шығыс нормасы, дақыл, өңделетін объекті, зиянды организм, аса қауіпті зиянды организм, карантиндік объект, өңдеу тәсiлi, уақыты, шектеу, жұмыс сұйығының шығысы, соңғы өңдеу мерзімі, пестицидтермен өңдеудің ең көп өңдеу еселiгi туралы ақпараттарды қамтитын пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
11) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, осы Қағидаларға сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
12) пестицидтерді токсикологиялық бағалау – сыналып жатқан пестицидтерді қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімдегі, қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшері және олардың бекітілген нормативтерге сәйкестігі) бойынша бағалау;
13) пестицидтердiң қалдық мөлшері – оның көмегiмен адам мен жануарлар үшін пестицидтiң қауiпсіздігі бағаланатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі олардың құрамының сандық көрсеткіші;
14) пестицидтер тiзiмiне толықтырулар – жыл сайын қосымша тіркелетін және Қазақстан Республикасы аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тізіміне енгізілетін пестицидтер тiзбесі;
15) пестицидтердің шығыс нормасы – өңделетiн алаң бірлігіне пестицид массасы немесе көлемі (гектарға/тоннаға/шаршы метрге килограмм немесе литр);
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 160 Бұйрығына сәйкес (17.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) пестицид қауiптiлiгi – адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әсер ету ықтималдығы;
17) пестицидті қолданудың биологиялық тиiмдiлiгі – зиянды организмдердің, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің, бөтентекті түрлердің қырылу немесе санының азаю көрсеткіштерімен немесе қорғалатын өсімдіктердің зақымдану дәрежесімен көрсетілетін пестицидті қолдану нәтижесі;
18) пестицидтің препараттық нысаны – пестицидтің физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына, мақсатына және қолдану тәсiлiне қарай (эмульсия концентраты, суспензиялы концентрат, түйiршiктер, паста, микрокапсулаланған суспензия, дымқылданатын ұнтақ және (немесе) басқа да нысандар) оны қолдану нысаны;
19) пестицидтің тәжiрибелік үлгiсі – ұсақмөлдекті және өндiрiстiк сынақтарды, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді жүргiзуге жеткiлiктi мөлшердегі, оларға арналған тіркелмеген пестицидтің үлгісі;
20) пестицидке берілетін тіркеу куәлігі – пестицидтi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге (формуляциялауға), сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат беретін құжат;
21) пестицидтердің тізімі – Қазақстан Республикасы аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтердің тізбесі;
22) пестицидтің тiркеу дерекнамасы – пестицидті тіркеуге ұсынылатын және оның тиiмдiлігiн, қауіпсіздігін және сапасын растайтын құпия деректері бар құжаттар жиынтығы;
23) пестицидті қолданудың шаруашылық тиімділігі – сақталған ауыл шаруашылығы өнімінің сан және сапа көрсеткіштерімен көрсетілген пестицидтi танаптық жағдайда қолдану нәтижесі;
24) талдамалық стандарт – пестицидтің әсер етуші затының химиялық таза үлгісі;
25) тәуекел – пестицидті нақты қолдану жағдайындағы оның ықтимал қауiптiлiк дәрежесi;
26) тәуекелі төмен биологиялық препат – биологиялық қауіптіліктің III-IV сыныбына жататын, жылықандылар мен аралар үшін уыттылығы аз препарат, онда әсер етуді бастаушылар микроорганизм немесе оның оның тіршілік ету өнімі (микроорганизмдер, бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар және тағы басқалары) болып табылады;
27) тіркелуші (өтініш беруші) – пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
28) тiркеу процесi – пестицидтердi тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі;
29) эталондық пестицид – фитосанитариялық қолдану және химиялық тобы бойынша сыналып жатқан пестицидке ұқсайтын, тiркелген пестицид.
3. Тiркеу процесі мыналарды қамтиды:
1) пестицидтердi тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге және мемлекеттік тіркеуге өтінімдер қабылдау;