1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 7-қосымша
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 22.01.2019 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.11.2019 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (22.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет), (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес ;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша уәжді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді, ол:
1) лицензия беру үшін 6 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған электрондық сұраным берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Мыналардың:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мерекелер туралы» Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Мерекелер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші;
заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін қызметті алушы қызметінің басталғаны туралы хабарлама;
ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін немесе жалдау шарты құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжат нысанындағы ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес құжат нысанындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |