Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) барынша жол берілген қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалары.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы түрде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Ішкі нарыққа арналған таңбалардың құны және төлемақысының мөлшері жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып анықталады және Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» кіші бөлімінде орнастырылады.
Toggle Dropdown
Төлемақы жасау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетеді, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
Toggle Dropdown
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл үшін – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
3) егер өтініш жасалған уылдырық:
Toggle Dropdown
табиғи болса – сатып алу-сату шартының көшірмесі;
Toggle Dropdown
тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмелері;
Toggle Dropdown
жасанды болса – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
4) таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі;
Toggle Dropdown
порталға:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
2) егер өтініш жасалған уылдырық:
Toggle Dropdown
табиғи болса – сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің электрондық көшірмелері;
Toggle Dropdown
жасанды болса – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын алу туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы және (немесе) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны жөніндегі хабарлама туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат растайды;
Toggle Dropdown
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгілеген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат көрсетілген жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, хабарлама негізінде жүзеге асырылады.»;