Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
9 қосымша
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысының көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі мен мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл үшін – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы беру көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты көрсетілген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгілеген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидалармен және «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік не Мемлекеттік корпорация басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша түрде почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар.
12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері олардың тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар дүниесін
пайдаланушыларға аңшылық алқаптар
мен балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе)
учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық
және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттар
белгілеу жөнінде шешімдер
қабылдауы» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық
атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
______________________
(елді мекен)
20 __ жылғы «__»_______________
Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
2. Меншік нысаны: _____________________________________________
3. Құрылған жылы: _____________________________________________
4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:
_____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)
5. Заңды мекенжайы: ___________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы,
6. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________
7. ___________________облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық
бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген
аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:
_____________________________________________________________________
8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны
және (немесе) учаскесі: _____________________________________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
Жеке/заңды тұлға ___________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
«Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар
дүниесін пайдаланушыларға
аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық
және балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін сервитуттарды
белгілеу жөнінде шешімдер
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
1) _________________________________________________;
2) _________________________________________________;
3) _________________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты, «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
____________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, қолы)
Орындаушы: ____________________________________________________ (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, қолы)
Телефоны: ______________________________________________________
Алдым: ________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi,қолы)
20___жылғы «_» _____________