• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығына 10 қосымша

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде/тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сай жүзеге асырылады.
Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Төлемақы:
1) жануарларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда қолдан өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алу, кейіннен табиғи ортаға жіберу кезінде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме әзірлеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;
4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан алдын ала сақтау, қоршаған ортаға зиян келуін болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметінің елеулі залал келтіруі қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алу кезінде алынбайды.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мынадай жағдайларда:
жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттемелік аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық нысандағы өтінім;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдар тізімінің электрондық көшірмесі.
Пайдалану түріне байланысты қосымша:
1) аң аулауға (алғашқы жүгінген кезде):
жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алу жоспарланып отырған көлемді негіздейтін есептемелердің электрондық көшірмелері;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды (рұқсаттар берілген жағдайда) пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайтуға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға:
эпизоотиялық мониторингтен басқа, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан алынған үзіндінің электрондық көшірмелері;
эпизоотияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасындағы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) электрондық көшірмелері;
5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) электрондық көшірмелері.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.