• Мое избранное
Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 1-қосымша

Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жерге егiп бағалау – тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;
2) зертханалық сорттық сынақтар – тұқымдардың белгiлi бiр сұрыпқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сұрыптық тазалығын анықтау.
3) сорттық бақылау – ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
4) тұқымдар – өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;
5) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылығы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі – мемлекеттік тұқым инспекторлары) жүзеге асырады.
4. Жерге егіп бағалауды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) жүргiзедi.
2. Сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
5. Сорттық және тұқымдық бақылау тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
тұқым себу;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;
жинау;
тұқым құю;
тұқым сақтау;
өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.
6. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сорттық бақылау байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Аттестатталған тұқым өндірушілер егу басталғанға дейін тиісті жергілікті атқарушы органдарға танаптардың тұқым өсіру егісіне дайындығы туралы хабарлайды, бұдан кейін мемлекеттік тұқым инспекторлары танаптарды кеңістіктік оқшаулаудың сақталуы, ауыспалы егістің сақталуы, қажетті агротехникалық іс-шаралардың жүргізілуі, танап шекараларының тазалығы мәніне тексереді. Танапты тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық егiске арналған танаптарды тексеру туралы есеп жасалады.
Егісті тексеру кезiнде себуге әзiрленген тұқымның сорттық және егу сапасын растайтын құжаттардың бар-жоғы, егiс техникасының жай-күйі, егiс технологиясы қағидаларының сақталуы тексерiледi. Егісті тексеру нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егiстi тексеру туралы есеп жасалады.
Танаптың дайындығын тексерудi егiстi тексерумен бірге жүргізуге жол берiледi.
10. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы кезеңiнде түрлiк, сұрыптық фитопатологиялық тазалаудың (отаудың) жүргiзілуі тексерiледi.
11. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу тұқым өндiрушiнiң облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына берген өтiнiмi бойынша жүргiзіледi.
12. Танапты байқаудан өткізуді:
1) бірегей тұқымдардың егістерін – құрамында мемлекеттік тұқым инспекторы, тиісті дақыл бойынша селекционер, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия жүргізеді;
2) элиталық тұқымдардың егістерін – құрамында мемлекеттік тұқым инспекторы, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор және тұқым өндірушінің өкілі бар облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия жүргізеді;
3) бірінші және кейінгі репродукциялы тұқым шаруашылығы егістерін – тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен байқаудан өткізуші жүргізеді.
13. Тұқымдарды жинауды (жинап алуды) бақылау сорттық егістіктерді жинап алу кезеңінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының араласуына жол бермейтін агротехникалық іс-шараларды өткізу қағидаларының сақталуын тексеру арқылы жүзеге асырылады.
14. Тұқымдарды тасымалдауды бақылау пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс автокөліктің және ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
15. Тұқымдарды өңдеуді (тазалауды) бақылау тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін тұқым өңдеудің технологиялық процесін тексеру арқылы жүргізіледі. Біртекті технологиялық жабдықтың әрбір тобына пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуға тиіс.
Бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының тұқымдық астықтың ең жоғары қызуы +40 градус Цельсиядан, ал кептіру агентінің температурасы +70 градус Цельсиядан аспауы тиіс.
Бұршақты дақылдар мен күрішті кептірген кезде тұқымдық астықтың қызуы +35 градус Цельсиядан, ал кептіру агентінің температурасы +60 градус Цельсиядан аспауға тиіс.
Ылғалдылығы 19 пайыздан жоғары тұқымдық дәнді кептірген кезде тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады, бұл ретте бірінші аймақта тұқымдарды қыздырудың шекті температурасын Цельсия бойынша +5 градусқа, ал кептіру агентінің температурасын +10 градус Цельсияға төмендету жүргізіледі.
16. Тұқымдардың сақталуын бақылау тұқымдарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Орама тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі және таңбасы немесе заттаңбасы болуы тиіс, онда:
тұқымды өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым партиясының нөмірі;
сорттық тазалығы;
тұқымдарды дәрілеу жағдайында - химиялық немесе биологиялық препараттың атауы;
сорттық құжаттың және тұқымдардың егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымдардың егіс сапасын куәландыратын құжаттан басқа, сол деректері бар заттаңба салынады. Дәріленген тұқымдар салынған орамға «Дәріленген» деген жазу жазылады.
17. Тұқым қоймаларының дайындығын бақылау тұқым қоймаларының тұқымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт қауіпсіздігі, санитариялық, фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
18. Сатуға жататын бiрегей және элиталық тұқымдарды, бiрiншi және кейінгі репродукциялы тұқымдарды сақтауға арналған тұқым қоймаларының дайындығы мемлекеттік тұқым инспекторының тексеру қорытындылары бойынша белгіленеді, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасалады.
19. Сатуға жататын бiрегей және элиталық тұқымдардың, сондай-ақ бiрiншi және кейінгі репродукциялы тұқымдардың партиялары тұқымдық бақылауға жатады.
20. Тұқымдық бақылау тұқымдардың бақылау сынамаларын іріктеу және кейіннен оларды аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда зерттеу арқылы жүргiзiледi.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
21. Бақылау сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесiн бередi.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
22. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
22-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (18.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Даулы жағдайларда тұқымдардың сапасына бақылау зерттеулерін жүргізуге арналған өтінішті (еркін нысандағы) тиісті жергілікті атқарушы органға:
тұқымды жеткiзушi сапасы жеткізушінің құжаттарында көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес келмейтін тұқымдарды алғандығы туралы тұтынушыдан хабарлама алғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей;
тұқымды тұтынушы жеткізушінің iлеспе құжаттарында көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес келмейтін тұқым партиясын жеткізушіден алғаннан кейiн жиырма күннен кешiктiрмей беруге тиiс.
Өтiнiшке:
тұқымды жеткiзушi – тұтынушы наразылық бiлдiрген тұқымның сапасын растайтын құжаттар (немесе олардың көшірмелері) және оны іріктеу актісімен бiрге сынаманың телнұсқасы;
тұқымды тұтынушы – сынақ нәтижелері бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың қорытындысы және оны іріктеу актісiмен бiрге сынаманың телнұсқасы қоса беріледі.
Егер сынаманың телнұсқасы бақылау талдауына түскен уақытқа қарай тұтынушы наразылық бiлдiрген тұқымның сапасын растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі өтсе өтiнiш қабылданбайды.
24. Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда тұқым сапасына сараптама қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргiзiледi.
25. Аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргiзуiн және олардың нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауын бақылауды мемлекеттік тұқым инспекторлары жүзеге асырады.
25-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бақылау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізілуін тексеру актісі жасалады.
26. Мемлекеттік тұқым инспекторлары тұқым өндiрушiлер аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертханалар берген тұқымның сұрыптық және егістік сапасын зерттеу нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олардың наразылықтарын қарайды.
26-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бақылау сынамасын зерттеу кезiнде алынған көрсеткіштердің тұқым сапасын растайтын бұдан бұрын берiлген құжаттарда көрсетiлген көрсеткіштерден алшақтығы расталған жағдайда, осы тұқым сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхана жаңа құжаттар береді.
27. Тұқым шаруашылығы субъектiлерi тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.
28. Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
3. Жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібі
29. Тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сұрыпқа жататындығы мен олардың сорттық тазалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егіп бағалауға жатады.
29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
30. Жерге егіп бағалау тұқымдарды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларды кейiннен тексеру арқылы жүргізіледі.
31. Сортты Мемкомиссия бекітетін кезекті ауыл шаруашылығы жылының жерге егіп бағалаудың алдын ала жоспарларына енгізу үшін Мемкомиссияға жабық топырақ дақылдары бойынша – 15 тамыздан; күздік егіс дақылдары бойынша – 10 қазаннан; жаздық дәнді масақты, дәнді бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар (күнбағыстан басқа), картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмай жүгеріден басқа), жемдік тамыртүйнек және күнбағыс бойынша – 1 желтоқсаннан; жүгері, күріш, құмай жүгері бойынша – 15 желтоқсаннан; тоқымалық, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт ағашы, тұт ағашының будандары, гүлді–сәнді өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша – 
25 желтоқсаннан кешіктірмей өтініш беріледі.
32. Сорт бірдейлендіру бойынша мәлімделген сипаттамаға сәйкес келмеген кезде Мемкомиссия сұрыпқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты жерге егіп бағалауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
33. Жерге егіп бағалауды жүргізу үшін Мемкомиссияға ұсынылатын тұқымдық материалдың үлгісінде ішкі және сыртқы заттаңба болуға тиіс, олар мыналарды қамтиды:
1) сорттың атауы (егер аты әлі айқындалмаса – селекциялық нөмірі). Шетелдік сорттың атауын өтінім берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда жазады;
2) тегінің, түрінің атауы (латынша және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде).
34. Жерге егіп бағалау вегетациялық кезең ішінде ауылшаруашылығы өсімдіктерінің қалыпты дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.
35. Жерге егіп бағалау нәтижелері бойынша тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа және олардың сорттық тазалыққа сәйкестігі және (немесе) сәйкессіздігі туралы жазбаша қорытынды беріледі.
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 1-қосымша
Нысан
Тұқымдық егiске арналған танаптарды тексеру туралы есеп
___________________________________________________________ негiзiнде
                   (өтініштің негізінде)
 _____________________________________________________________________
                     (тұқым өндiрушiнiң атауы)
 тұқымын _____________________________________________________________
                               (дақылы, сорты)
 ____________________________________ өндiру мақсатында егуге арналған
            (репродукция)
танаптартарға тексеру жүргiзiлдi.
 Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «__» _____ бастап «__» ____ дейін
Тексеру нәтижелерi
Алаңы, гектар _______________________________________________________
 Жай-күйі, дайындығы, % ______________________________________________
 Агротехника _________________________________________________________
 Бұрынғы егілген егіс (дақыл, репродукция, сорт) _____________________
 Тұқымның шығу тегi __________________________________________________
                    (құжаттың №, күнi, репродукциясы, сорты, партиясы)
 Егiстiк техникасының жай-күйі _______________________________________
Қорытынды:
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
Тұқым өндiрушiнiң өкiлi:
 __________ _______ __________________________________________________
 (лауазымы)  (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор
 ______ ______________________________________________________________
 (қолы)            (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 2-қосымша
Нысан
Егiстi тексеру туралы есеп
___________________________________________________________ негiзiнде
                   (өтініштің негізінде)
 _____________________________________________________________________
                     (тұқым өндiрушiнiң атауы)
 _____________________________________________________________________
                   (дақылы, сорты, репродукциясы)
 _______________________________________ тұқымын өндiрудің белгiленген
технологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мақсатында егісіне
тексеру жүргiзiлдi.
Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «__» ____ бастап «__» _____ дейін
Тексеру нәтижелерi
Егіс алаңы, гектар __________________________________________________
 Тұқымның шығу тегi __________________________________________________
                    (құжаттың №, күнi, сорты, репродукциясы, партиясы)
 Агротехника _________________________________________________________
 Себiлген күн ________________________________________________________
Қорытынды: __________________________________________________________
Тұқым өндiрушiнiң өкiлi:
 ____________ ______ _________________________________________________
 (лауазымы)   (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Тұқым шаруашылығы жөнiндегi
 мемлекеттiк инспектор _______ _______________________________________
                        (қолы)  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 3-қосымша
Нысан
Қорытынды
_____________________________________________________________________
                      негiзiнде (өтініштің негізінде)
 _____________________________________________________________________
                         (тұқым өндiрушiнiң атауы)
 _____________________________________________________________________
                       (дақылы, сорты, репродукциясы)
 ___ ________________________ сатуға жататын тұқымын сақтауға арналған
 №____________________________________________________________________
тұқым қоймасына тексеру жүргiзiлдi.
Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «___» ____ бастап «___» ___ дейін
Тексеру нәтижелерi
Тұқым қоймасының жай-күйі ___________________________________________
 Дайындығы ___________________________________________________________
 Қорытынды ___________________________________________________________
Тұқым өндiрушiнiң өкiлi:
 __________ ______ ___________________________________________________
 (лауазымы) (қолы)         (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Тұқым шаруашылығы жөнiндегi
 мемлекеттiк инспектор ______ ________________________________________
                       (қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
___ тұқымды талдау нәтижесi
 ____________________________________________________________________ (облыс, аудан, заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))____________________________________________ ____________________________________________________________ сақтаулы (№ ___ бөлiмше (бригада) 20_ жылғы _________________ № _________ акт кезінде талдауға ұсынылған (күнi, айы) ____________________________________________________________ алынған, _________________________ жылғы егiннiң________________ репродукциялы ___________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы өсiмдiгi, сұрыбы) салмағы ____центнер, № ___ фракция тұқымының № ____партиясына берiлдi. Орын (қап) саны, № _____________ қойма, № _____________ қамба, үйiндiмен Тұқымның мақсаты ___________________________________________________
Талдау нәтижелерi
  _________________________________________________________________ 1. Тазалығы ________________ %, оның iшiнде _________________________ % 2. Қалдық, барлығы _____ %, оның iшiнде басым топтар __________________% 3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға (бұдан әрі – кг) дана немесе %)__________________________________________________________ 4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары_______________________% 5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %) _______________________________________________ 6. Арамшөп өсiмдiктерінің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы ________________________________________ оның iшiнде: қарасұлы (1 кг-ға дана) ____________________________________________% неғұрлым зиянды арамшөп тұқымдары (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға дана) ___ жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) ____________________________ карантиндiк арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) ______________________ улы арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана) _____________________________ 7. Қаракүйелiк құрылымдар _________________________________________ % 8. Қарамықтар _____________________________________________________% 9. Бидай нематодасының берiштерi (1 кг-ға дана) _________________________ 10. Өсу энергиясы___________________________________________________% 11. Өнгiштiгi _______________________________________________________% оның iшiнде қаттылары ______________________________________________% өсiру жағдайлары_____________________________________________________ 12. Тіршілікке бейiмдiлiгi ____________________________________________ % анықтау әдiсi________________________________________________________ 13. Ылғалдылығы ___________________________________________________% 14. 1000 дәннiң салмағы__________________________________________ грамм 15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады: центрифугалау әдiсiмен _____ дана немесе биологиялық әдiспен ___________% 16. Зиянкестердің жайлануы___________________________________________ 17. Тұқым сынамаларын сырттай қарап-тексеру деректерi: түсi қалыпты иiсi қалыпты қарайған шіріген 18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы: басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары ______________________________ (атауы) сұрыптық өсiмдiктердiң тұқымдары__________________________________ (атауы) 19. Басқа айқындамалар:_______________________________________________
  Қорытынды мен ұсыныстар: ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде:

Тұқымдар мынадай көрсеткiштер бойынша

кондицияланбаған

Талдау кезiнде анықталғаны

Стандартпен белгiленгенi

1

2

3


 


 


 


 


 


 

 Тұқымдар ____________________________ және қайтадан толық талдануы тиіс (өңдеу түрi) Толық емес талдау жүргiзген кезде: Тұқымдар ___________________________________________________________ (талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы) бойынша ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. ________________________________ _________ ______________________ (уәкілетті тұлғаның лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
 Мөр орны 20__ жылғы ________________ (күнi, айы)
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 5-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдық сараптамадан өткен тұқымдарын инспекциялық бақылау актісі
      20__ жылғы __________________ ____________________ кезеңінде
 құрамында төрағасы___________________________________________________
           (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), жұмыс орны, лауазымы)
 мүшелерi ____________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
 бар комиссия 20__ жылғы «___» ________ №_________ кондициялығы туралы
 куәлiк алған ________________________________________________________
                             (тұқым өндiрушiнiң атауы)
өндiрген ____________________________________________________________
      (дақылы, сорты, репродукциясы, партиясының №, себу стандартының
                                   сыныбы)
тұқымына бақылау жүргiздi.
Тексеру кезiнде мыналар анықталды:
1. Тексеру объектiлерi ______________________________________________
                     (тұқымның сапасы, сақтау шарттары және басқалары)
 _____________________________________________________________________
 2. Тұқымды бiрдейлендiру және сынау нәтижелерi ______________________
 _____________________________________________________________________
 3. Өндiрiстi тексеру нәтижелерi _____________________________________
 _____________________________________________________________________
 4. Қорытынды:________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
   (тұқымдардың және оны өндiрудiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн
                                 бағалау)
 _____________________________________________________________________
 Комиссия төрағасы __________ ________________________________________
                     (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
 Комиссия мүшелерi: ________ _________________________________________
                     (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Сұрыптық және тұқымдық
 бақылауды, жерге егіп бағалауды
 жүзеге асыру Қағидаларына
 6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2018 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
Тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жүргізілуін тексеру актісi
 ___________________________________________________________ негiзiнде (өтініш) ________________________________________________________________ (аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың атауы) ____________________________________________________________________ тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөнiндегi орындалатын жұмыстар бойынша және оның тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауына тексеру жүргізілді. Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «__» ________ бастап «__» _______ дейін Тексеру нәтижелерi: Орташа сынамаларды тiркеу журналын жүргізуі______________________ Тұқымның сапасы журналын жүргізуі_______________________________ Тұқымның сапасы туралы құжаттарды тиісінше ресімдеуі______________ Тұқымның орташа сынамаларын сақтауы____________________________ Тұқымдарды егу сапасын анықтау әдістемесін сақтауы________________ __________________________________________________________________ Анықталған бұзушылықтар:_______________________________________ _______________________________________________________________
 Қорытынды: _________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
 Аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың өкiлi _____________ _________ _______________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
 Tұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор________ _______________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))