• Мое избранное
Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығына 2-қосымша

Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының кейіннен сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi репродукциялы тұқымдары зертханалық сорттық сынақтарға жатады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (09.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Зертханалық сорттық сынақтарды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi – Мемкомиссия) жүргiзедi.
2. Зертханалық сұрыптық сынақтарды жүргiзу тәртібі
4. Ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң әрбір түрi мен сорты бойынша сатуға арналған тұқымдарды зертханалық сорттық сынау:
үш жылда бiр рет – элиталық тұқымдар үшiн;
бес жылда бiр рет – бiрiншi көбейтiлген тұқымдар үшiн жүргiзiледi.
5. Тұқымдарға зертханалық сорттық сынақтарды жүргiзу үшiн аттестатталған элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар және (немесе) бiрiншi репродукциялы тұқым өндiрушiлер Мемкомиссияға мынадай құжаттар мен материалдарды (тұқым партиясынан алынған сынамалар):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің* немесе анықтаманың көшiрмесiн немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) сорттық егiстiктердi байқаудан өткізу актiсiнiң және тұқымның сапасы туралы куәлiктiң көшiрмелерiн;
4) ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктелген тұқым сынамаларын жолдайды.
6. Мемкомиссия элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтан және (немесе) бiрiншi репродукциялы тұқым өндiрушiден өтiнiш келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған құжаттар мен материалдарды зерделейдi және зертханалық сорттық сынақтың нәтижесін береді.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар толық ұсынылмаған жағдайда Мемкомиссия екі жұмыс күн ішінде дәлелді жазбаша бас тартуды жолдайды.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар мен материалдар бар болған кезде зертханалық сорттық сынақ жүргізеді.
7. Зертханалық сортық сынақ барысында:
1) деректер банкін пайдалану арқылы басқа сорттардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;
2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;
3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
8. Зертханалық сорттық сынақтардың деректерi негiзiнде Мемкомиссия элиталық тұқым өндiрушi шаруашылыққа және (немесе) бiрiншi репродукциялы тұқым өндiрушiге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зертханалық сорттық талдау нәтижесiн бередi.
Зертханалық сұрыптық
 сынақтардан өткізуді жүзеге
 асыру Қағидаларына
 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына
 _____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
                           (бар болса)
Өтiнiш
Зертханалық талдау жүргiзудi және ___________________________________
 _____________________________________________________________________
       (ауыл шаруашылығының өсiмдiгi, сорты, әр түрі, репродукциясы)
тұқымының көрсетiлген сортқа тиесілігін анықтап, оның сорттық
тазалығын айқындауды сұраймын.
Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
 куәлiк* немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке куәлiгi ___________
 _____________________________________________________________________
                 (тiркеу нөмiрi, кiм және қашан бердi)
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.
2. Заңды мекен-жайы: __________________________________________
                   (индексi, облысы, ауданы, елдi мекен, көшесi, үйдiң
                                   нөмiрi, телефоны, факсы)
3. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________
 _____________________________________________________________________
                (осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес)
 тұқым сынамалары _________ дана, салмағы _________________ килограмм.
Өтініш беруші _______________________________________________________
                      (қолы, мөрi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
20__ жылғы _____________
             (күнi, айы)
Өтiнiш 20__ жылғы ________________________________ қарауға қабылданды
                             (күнi, айы)
 _____________________________________________________________________
   (өтiнiшті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар
                             болса), қолы) 
Зертханалық сұрыптық
 сынақтардан өткізуді жүзеге
 асыру Қағидаларына
 2-қосымша
Нысан
 Зертханалық сорттық сынақтың нәтижесi №____
20__ жылғы_________
         (күнi, айы)
20__ жылғы ______________________ өтiнiш бойынша зертханалық талдауға
                 (күнi, айы)
 тапсырылған, _______________________________________________ алынған,
 ________________________ репродукциялы, _______________ жылғы егiннiң
 _____________________________________________________________________
           (ауыл шаруашылығының өсiмдiгi, сорты, әр түрi)
 тұқымының № ____ партиясына__________________________________________
 _____________________________________________________________берiлдi.
    (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты,
                 әкесiнiң аты (бар болса)
Талдау нәтижелерi
Тұқымның түпнұсқалығы _______________________________________________
 _____________________________________________________________________
 Қорытынды ___________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
сортын сынау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясы
 зертханасының директоры _____________________________________________
                     (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрi)