Toggle Dropdown
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12107 болып тіркелді
Редакция 24.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) өткізілген шикізат көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) өндірілген биоотынның көлемі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;
3) басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 1-2-қосымшаға сәйкес;
4) Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 21 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 26 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ОРС-1 нысаны
Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін
|
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
|

|
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде
|
№ р/с
|
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодына сәйкес шикізат түрі
|
Шикiзаттың келiп түскенi, тонна
|
Биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты
|
Тамақ шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан)
|
Тамақ шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi
|
Қолданылған қалдықта, тонна
|
Қайта өңделген шикiзат, тонна
|
Шикiзаттың бүлiнгенi, жоғалғаны, тонна
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер_________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізінде жинауға арналған
нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
«Өткізілген шикізат көлемі
туралы есеп»
нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп»
(нысанның индексі: ОРС-1 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астаналардың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодына сәйкес шикізат түрі көрсетіледі. Бидай үшін бидайдың осы партиясына техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.
8. 3-бағанда шикізаттың түсімі тоннамен көрсетіледі.
9. 4-бағанда, егер оны өсіру көзделген жағдайда, биоотын өндірісінде пайдаланылған, өздерінде өсірілген тамақ шикізатының мөлшері көрсетіледі.
10. 5-бағанда тамақ шикізатын жеткізушінің атауы, шыққан жері (облысы, ауданы) көрсетіледі.
11. 6-бағанда тамақ шикізатын жеткізу шартының күні, нөмірі көрсетіледі.
12. 7-бағанда қолданылған қалдықтар тоннамен көрсетіледі.
13. 8-бағанда өңделген шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.
14. 9-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ОПБ-2 нысаны
Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін
|
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
|

|
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде
|
№ р/с
|
Дербес сәйкестендіру нөмірі - биоотын коды
|
Өндiрушiнiң өткізгені, тонна
|
Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр
|
Өнiмдi қайтару, литр
|
|
Барлығы
|
биоотын өндiретін тұлғаларға
|
мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге
|
химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруге
|
өзінің өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланылғаны
|
экспортқа
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер_________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________________
__________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізінде жинауға арналған
нысанын толтыру жөніндегі
түсіндірме «Өндірілген биоотын
көлемі туралы есеп»
нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп»
(нысанның индексі: ОПБ-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі-биоотын коды көрсетіледі.
8. 3-бағанда өткізілген биоотынның жалпы саны (3-баған = 4-баған + 5-баған + 6-баған + 7-баған+ 8-баған) литрмен көрсетіледі.
9. 4-бағанда, биоотын өндіретін тұлғаларға өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
10. 5-бағанда мұнай өнімдерін компаундирлеуге өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
11. 6-бағанда химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдерін өндіруге өткізілген биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.
12. 7-бағанда меншікті өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.
13. 8-бағанда экспортқа өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
14. 9-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
15. 10-бағанда өндірушіге қайтарылған биоотынның мөлшері, литрмен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
9 шілдедегі № 4-4/631
бұйрығына
1-2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ПБП-2 нысаны
Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін
|
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
|

|
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде
|
№ р/с
|
Жеткiзу түрi
|
Жеткiзу мақсаты
|
Жеткiзушi туралы мәлiмет
|
Жеткiзілген өнiм көлемi, литр
|
Бюджеттік сыныптама коды
|
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды
|
Тауарларға арналған декларация нөмірі №
|
Тауарларға арналған декларация күнi
|
|
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі
|
Атауы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бас бухгалтер_________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізінде жинауға арналған
нысанын толтыру жөніндегі
түсіндірме «Басқа жеткізушілерден
биоотынның келуі
туралы есеп» нысанға
қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп»
(нысанның индексі: ПБП-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1. Осы түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда биоотынды жеткізу түрі (импорт, ішкі нарықты жеткізу) көрсетіледі.
8. 3-бағанда биоотынды жеткізу мақсаты (биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін, техникалық қажеттіліктер үшін, бұрын жеткізілген өнімді қайтару) көрсетіледі.
9. 4-бағанда, биоотын жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
10. 5-бағанда биоотын берушінің атауы көрсетіледі.
11. 6-бағанда импорттық және ішкі өндірістің есепті кезеңі ішінде жеткізуші жеткізген биоотынның көлемі литрмен көрсетіледі.
12. 7-бағанда бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.
13. 8-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде тауарға берілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.
14. 9-бағанда әкелінетін биоотынға тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі – ТД) нөмірі көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.
15. 10-бағанда әкелінетін биоотынға ТД ресімделген күні көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 шілдедегі
№ 4-4/631 бұйрығына
2-қосымша
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары
1 Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қажетті есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Биоотын өндірушілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына осы бұйрыққа 1, 1-1 және 1-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі – биоотын өндірісі бойынша есептер) ұсынады.
3. Ұсынылған есептерді мониторингтеу нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат ұсынады.
2-тарау. Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді ұсыну тәртібі
4. Биоотын өндірісі туралы есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Биоотын өндіру жөніндегі есептерді биоотын өндірушілер ақпараттық жүйе, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жібереді не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне қолма-қол енгізеді.
6. Биоотын өндірісі бойынша есептер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на дейін ұсынылады.