• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2016 г

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 948 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қазанда № 12220 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11543 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жауапты хатшысы, ал Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде – тиісінше Комитеттің төрағасы және аумақтық бөлімшенің басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді».
24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды;
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты персоналды басқару қызметі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.».
әдістемеге 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму Министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 948
 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрлігінің «Б» корпусы
 мемлекеттік әкімшілік
 қызметшілерінің қызметін жыл
 сайынғы бағалаудың
 әдістемесіне 3-қосымша
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________________________
                    (мемлекеттік органның атауы)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тікелей басшының бағасы Айналмалы баға Қорытынды баға
1        
       
Комиссия қорытындысы:
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: _____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)