• Мое избранное
Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 1183 Бұйрығымен (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.05.2020 жылғы № 214/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.10.2020 жылғы № 383/НҚ Бұйрығымен (26.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.10.2020 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.12.2023 жылғы № 595/НҚ Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін құруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;
2) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, қайтарылған күні (жою) мен себебі туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
3) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің жарамдылығын растайтын заңды тұлға;
4) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі – НКО) – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
5) өтініш беруші – НКО-ны қоспағанда, куәландырушы орталық;
6) пайдаланушы – НКО-ны қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің иесі;
7) тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін электрондық құжат;
8) тіркеу куәлігін кері қайтарып алу – НКО тіркеу куәлігін жарамсыз деп тану рәсімі;
9) тіркеу куәлігінің иесі – оның атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілімі;
11) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) – қатысушылар арасындағы қатынастар заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі.
2-тарау. Куәландырушы орталыққа тіркеу куәлігін беру тәртібі
3. Куәландырушы орталыққа бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін беру үшін өтініш беруші НКО-ға пошта немесе арнайы пошта байланысы арқылы, қолма-қол немесе ЭҚЖ арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырушы орталыққа қайта тіркелген тіркеу куәлігін беруге өтініш;
2) куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) электрондық құжат нысанындағы куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігі.
4. Құжаттарды қарағаннан кейін НКО бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін куәландырушы орталыққа береді және оны тіркеу куәліктерінің тіркелімінде тіркейді.
НКО жаңа тіркеу куәлігін беру арқылы куәландырушы орталықтың негізгі тіркеу куәлігінің бағыныстылығын қайта жасайды, мұнда тіркеу куәлігінің құрылымында Баспагер жолына НКО деректері беріледі.
5. Куәландырушы орталыққа бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін беру осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде почта немесе арнайы почта байланысы арқылы, қолма-қол не ЭҚЖ арқылы жүзеге асырылады.
6. НКО куәландырушы орталыққа мынадай жағдайларда бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін беруден бас тартады:
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
3) заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес;
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда куәландырушы орталыққа тіркеу куәлігін беруден бас тартады.
Куәландырушы орталыққа бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап өтініш берушіге ресми хатпен өтініш беруші НКО-ға жүгінген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
7. Бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі НКО тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінен аспайды.
3-тарау. НКО берген тіркеу куәліктерін сақтау тәртібі
8. ЭЦҚ құру және оның күшін жою туралы құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. ЭЦҚ-ны құру және жою туралы құжаттар он бес жыл өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтік сақтауға түседі.
4-тарау. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу тәртібі
10. Куәландырушы орталықтың бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін кері қайтарып алу мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға берілген өтініштің негізінде тіркеу куәлігі иесінің немесе оның өкiлiнiң талабы бойынша;
2) тіркеу куәлігін алған кезде дұрыс емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын беру фактісі анықталған кезде;
3) тіркеу куәлігінің иесі – заңды тұлғаның атауы ауысса, қайта ұйымдастырылса, таратылса, заңды тұлғаның басшысы ауысса;
4) куәландырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасындағы келісімде көзделген жағдайларда;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
11. Куәландырушы орталықтың бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайлардың бірінің басталғанын растайтын құжаты бар ресми хатты пошта немесе арнайы пошта байланысы арқылы, қолма-қол не ЭҚЖ арқылы НКО-ға ұсынады.
12. Куәландырушы орталықтың бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін кері қайтарып алу бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға ресми хатты тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13. Құжаттарды қарағаннан кейін НКО тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде куәландырушы орталықтың бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін кері қайтарып алу күнін, себебі мен уақытын көрсете отырып, бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы жазбаны тіркеу куәліктерінің тіркеліміне енгізеді.
14. НКО кері қайтарып алынған қайта бағынысты тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірлерін және кері қайтарып алу себебін НКО ҚТКТ-да www.root.gov.kz . мекенжайы бойынша интернет-ресурста жариялайды.
ҚТКТ жаңарту кемінде бір айда бір рет кезеңділігімен жүргізіледі.
5-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібі
15. НКО пайдаланушысы бағыныстылығы қайта жасалған тіркеу куәлігін алған кезде куәландырушы орталықтың АКҚК пайдалана отырып, ЭЦҚ ашық кілтінің тиесілігін және жарамдылығын растау үшін оны тексеруді мынадай тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады:
1) куәландырушы орталығының тіркеу куәлігі НКО ЭЦҚ қайта бағыныстылығын;
2) куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін;
3) куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің кері қайтарылып алынуын орындау жолымен оны тексеруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
негізгі куәландырушы орталығының
тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері
қайтарып алу және электрондық
цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің
тиесілілігі мен жарамдылығын
растау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Куәландырушы орталыққа тіркеу куәлігін беруге өтініш
 Осы өтініш арқылы мен _____________________________________________ (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні) Өкілдің жеке сәйкестендіру нөмірі:_______________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны) сұрау салуды (PKCS#10) немесе Base64 форматында куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін (P7B) _____________________________________________________________________ (сұрау салудың немесе тіркеу куәлігінің сұлбасы) және өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес өңдеуді сұраймын. Идентификациялық мәліметтер: елдің атауы: __________________________________________________________ облыстың атауы: ________________________, қала ______________________ ұйымның атауы: _____________________________________________________ Куәландырушы орталықтың атауы: _______________________________________ электрондық пошта мекенжайы: _________________________________________ Тіркеу куәліктердің пайдалану аймағы: ___________________________________ 20___ жылғы «___»____________. Басшы ______________ _____________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөрге арналған орын (бар болған жағдайда) 20___ жылғы «___»____________.
Қазақстан Республикасының
негізгі куәландырушы орталығының
тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері
қайтарып алу және электрондық
цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің
тиесілілігі мен жарамдылығын
растау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға өтініш
 Осы өтініш арқылы мен, ____________________________________________________________________ (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты ( бар болған жағдайда), туған күні) Өкілдің жеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________________ Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны) өтініште көрсетілген деректерге сәйкес бұрын берілген куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды сұраймын:_____________________________________________________ тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі: ______________________________________ елдің атауы: _________________________________________________________ облыстың атауы: _______________________,қала__________________________ ұйымның атауы: ______________________________________________________ Куәландырушы орталықтың атауы: ______________________________________ электрондық пошта мекенжайы: ________________________________________ Тіркеу куәлігінің пайдалану мерзімі: _________ Басшы ______________ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөрге арналған орын (бар болған жағдайда) 20___ жылғы «___»____________.