Toggle Dropdown
40
Қоғамдық кеңестер туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңы
Toggle Dropdown
1
Редакция 11.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру тәртібін және халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі
Toggle Dropdown
4
1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
Toggle Dropdown
3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады
Toggle Dropdown
4. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады.
Toggle Dropdown
6. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
Toggle Dropdown
7. Қоғамдық кеңес құрамындағы азаматтық қоғам өкілдерінің саны:
Toggle Dropdown
1) республикалық деңгейде – оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін;
Toggle Dropdown
2) жергілікті деңгейде оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс, олардың кемінде төрттен бірін этномәдени бірлестіктердің өкілдері құрауға тиіс.
Toggle Dropdown
8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде болады.
Toggle Dropdown
10. Осы Заңда көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы өкілдері не Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестердің отырыстарына қатыса алады.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Toggle Dropdown
2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
Toggle Dropdown
1. Қоғамдық кеңестердің қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Toggle Dropdown
2) республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдап отыруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
5) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы үш жылда кемiнде бiр рет дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
1
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1
3-бап. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері
Toggle Dropdown
1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
Toggle Dropdown
2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
Toggle Dropdown
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
Toggle Dropdown
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) тәуелсіздік;
Toggle Dropdown
2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
Toggle Dropdown
3) автономдық;
Toggle Dropdown
4) дербестік;
Toggle Dropdown
5) жариялылық.
Toggle Dropdown
4
5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
Toggle Dropdown
2
1. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Toggle Dropdown
3
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын, агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын талқылау;
Toggle Dropdown
3
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талқылау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы мониторингінің нәтижелерін қарау;