Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы № 171
бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кадр резервін қалыптастыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кадр резервін қалыптастыру туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған лауазымға кадр резервін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Кадр резерві қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) кадр құрамын қалыптастыру және ҚПО-дағы қызметтердің лауазымдарын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Toggle Dropdown
3. Қызметкерлердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауы тиіс. Кадр резервіне есепке алынған, бірақ кадр резервінде тұру кезеңінде олар үшін жоспарланған лауазымдарға тағайындалмаған тұлғалар кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан есепке алынуы мүмкін.
Toggle Dropdown
4. Бос басшы лауазымы ҚПО кадр резервінде тұрған тұлғамен алмастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкер ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда, бос лауазымға аттестаттау нәтижелері немесе кадрларды іріктеу бойынша басқа қызметкер орналастырылады.
Toggle Dropdown
2. Кадр резервін қалыптастыру
Toggle Dropdown
5. Кадр резерві ҚПО және жоғары тұрған органдардың номенклатурасы лауазымдарына орналастыру қажеттілігін ескере отырып, орналастыруға жататын әрбір лауазымға кемінде екі үміткердің есебінен әрбір ҚПО құрылады.
Toggle Dropdown
6. Кадр резервін қалыптастыру көздері:
Toggle Dropdown
1) Агенттіктің департаменттері мен дербес басқармалары, аумақтық органдары және олардың құрылымдық бөлімшелері бастықтарының ұсыныстары бойынша қызметтік міндеттерін орындауында немесе арнайы тапсырмаларды орындауында ұйымдастырушылық қабілеттілікті білдірген кадр резервіне есепке алуға ұсынылған қызметкерлер;
Toggle Dropdown
2) басшы құрамдағы тұлғаларды аттестаттау нәтижелері бойынша кадр резервіне есепке алуға ұсынылған қызметкерлер.
Toggle Dropdown
7. Кадр резервіне есепке алу үшін үміткерлерді іріктеу қызметкерлердің жеке және іскерлік қасиеттерін, қызметін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Кадр резервіне есепке алу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
Toggle Dropdown
1) ұсынылып отырған лауазымға орналастыруға көзделген мамандықтар мен біліктілік талаптары бойынша қызметкер білімінің сәйкестігі;
Toggle Dropdown
2) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
Toggle Dropdown
3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
Toggle Dropdown
4) денсаулық жағдайы;
Toggle Dropdown
5) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері.
Toggle Dropdown
8. Кадр резервіне үміткерлерді сапалы іріктеу және есепке алу мүмкіндігі туралы ұсынымдық қорытынды дайындау мақсатында кадр резервіне есепке қою жөніндегі комиссия құрылады.
Toggle Dropdown
9. Кадр резервіне есепке алу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамы Агенттік Төрағасының, аумақтық қаржы полициясы органдары бастықтарының бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдары кадр резервіне енгізілетін қызметкерлердің лауазымдарымен тең немесе олардан жоғары болуы керек.
Toggle Dropdown
10. Комиссия отырысы әр жыл сайын қаңтар айында өткізіледі, сонымен қатар отырыс резервте тұрғандардың материалдарының келіп түсуіне қарай басқа мерзімдерде де өткізіледі.
Toggle Dropdown
11. Кадр бөлімшесі кадр резервіне есепке алу үшін үміткерлердің келіп түскен материалдарын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, оларды қаржы полициясы органның қызметтерімен және басшыларымен келісіп, жиналған материалдарды отырыстың өткізілуіне дейін кемінде үш күн бұрын мерзімде оны комиссияға қарау үшін жібереді.
Toggle Dropdown
12. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия қаржы полициясы органдарының кадр резервіне қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстары оған берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының берген дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссияның кадр резервіне қабылдау туралы шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Toggle Dropdown
13. Тұлғаларды кадр резервіне қабылдау осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысандағы тізімге қосу арқылы жүргізіледі. Резервке есепке алынған қызметкерлердің тізімдерін құру және жүйелендіру кадр бөлімшелеріне жүктеледі. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кадр резервіне есепке алынатын үміткерлердің тізімдері ҚПО-ның бірінші басшыларымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
14. Егер лауазымын жоғарылату тұрғылықты орнын ауыстыруды болжайтын болса, онда үміткердің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы есепке алына отырып, тиісті өңірде тұру мүмкіндігі ескеріледі.
Toggle Dropdown
15. ҚПО бастықтары кадр бөлімшелерімен бірлесе отырып, резервте тұрған тұлғалардың іскерлік және моральдық қасиеттерін терең зерделеу, кәсіби шеберлігін арттыру және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асырады.
Toggle Dropdown
Осы мақсатта кадр резервінде тұрған тұлғалар:
Toggle Dropdown
1) жоғары оқу орындарынан кейінгі бағдарламалар бойынша оқуға жіберіледі;
Toggle Dropdown
2) ҚПО жоғары тұрған құрамдағы лауазымдарда тағылымдамадан өтеді;
Toggle Dropdown
3) жедел жаттығуларға, оқу-әдістемелік жиындарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады;
Toggle Dropdown
4) қаржы полициясы органдарының қызметін тексеру және оларға жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсету үшін бригада басшылығында немесе бригадалар құрамында қызметтік іссапарларға жіберіледі;
Toggle Dropdown
5) қаржы полициясы органдарының қызметіне кешенді инспекторлық тексерістерді жүргізу үшін бригадалар құрамына енгізіледі;
Toggle Dropdown
6) қылмыстарды ашуды және тергеуді ұйымдастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізуге тартылады;
Toggle Dropdown
7) орындалуы қызметкерді жоғарылату болжанып отырған лауазыммен байланысты тапсырмаларды алады, сондай-ақ бастықтардың еңбек демалысы, іссапарлары, науқастануы кезінде олардың міндетін атқарады (штаттық орынбасарлары болмаған жағдайда);
Toggle Dropdown
8) нормативтік актілердің жобаларын, басқарушылық шешімдерді әзірлеуге, алқа мәжілісінде, жедел кеңестерде қаралатын мәселелерді дайындауға, хаттарды, арыздар мен шағымдарды шешуге тартылады;
Toggle Dropdown
9) біржолғы тапсырмаларды (қылмысқа қарсы күрестің жай-күйін талдау және қоғамдық тәртіпті сақтау, бұйрықтардың, алқа мәжілістері, жедел кеңестер шешімдерінің орындалуын тексеру, жоспарлардың жобаларын, жоғары тұрған сатыларға ақпарат дайындайды) орындайды;
Toggle Dropdown
10) бекітілген бағдармаға сәйкес арнайы психологиялық даярлықты өтеді.
Toggle Dropdown
3. Кадр резервінен шығару тәртібі
Toggle Dropdown
16. Қызметкерлерді кадр резервінен шығару:
Toggle Dropdown
1) кадр резервінде тұрған тұлғалардың қызметтік жұмыс деңгейі мен нәтижелері төмендеген;
Toggle Dropdown
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
Toggle Dropdown
3) кадр резервінде тұрған тұлғаны қызметіне толық сәйкес еместігі туралы атқарып отырған лауазымынан босату, арнаулы атағын бір сатыға төмендету немесе кеуде белгісінен айыру түріндегі тәртіптік жаза берілген;
Toggle Dropdown
4) құқық қорғау органдарында қызмет ету туралы заңнамаға сәйкес азаматтардың қызметте болуын шектейтін кадр резервіне есепке алу туралы шешім қабылдау кезінде болмаған немесе белгісіз негіздер туындаған;
Toggle Dropdown
5) олардың қасиеттерінің жоғары лауазымдардағы жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес еместігі (соның ішінде денсаулығына байланысты) анықталған;
Toggle Dropdown
6) резервтегі тұлға жоғары тұрған санаттағы бос лауазымды атқарған;
Toggle Dropdown
7) кадр резервінде тұрудың үш жылдық мерзімі өткен;
Toggle Dropdown
8) қызметтен босату жағдайларында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
17. Кадр резервінің тізімдерінен шығару комиссия шешімімен жүзеге асырылады, бұл туралы болжанып отырған лауазымға тағайындау құқығы берiлген басшысына хабарланады. Кадр резервінің бекітілген тізімдеріне уақтылы өзгерістер енгізу және құжаттамалық ресімдеу кадр бөлімшелеріне жүктеледі.
Toggle Dropdown
18. Кадр бөлімшелері үміткерлердің тізімдерін, сондай-ақ қызметтік сипаттамаларын, қызметтік тізімдері мен өлшемі 9х12 және 3,5х4,5 санитметр екі фотосуретті Агенттіктің кадр бөлімшелеріне жыл сайын 5 қаңтарға дейін ұсынады (қосымша электрондық тасымалдағышта).
Toggle Dropdown
19. Кадр резервімен жұмыс жасау қорытындылары жыл сайын алқа мәжілістерінде немесе жедел кеңестерде талқыланады, олардың барысында аталған бағыттағы жұмыстың жолдары және жаңа тізімдер бекітіледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
қаржы полициясы органдарында
кадр резервін қалыптастыру
қағидаларына қосымша
Toggle Dropdown
"БЕКІТЕМІН"
_________________________________________
_________________________________________
лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты-жөні,
тізімді бекітетін тұлғаның қолы)
Toggle Dropdown
Кадр резервіне қабылданған басшы құрам тұлғаларының
тізімі
Toggle Dropdown
| № р/с |
Арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты; атқарып отырған лауазымы; лауазымда қай уақыттан бері |
Туған күні, білімі (қандай оқу орнын және қашан бітірді), берілген арнаулы атағында қай уақыттан бері |
Қандай санаттағы лауазымға жоғарлату ұсынылады (санаты және лауазымның атауы) |
Резервке енгізудің негізі, резервке енгізу туралы комиссия шешімінің күні |
Лауазымға тағайындалғ аны немесе резервтен шығарылғаны туралы белгі және негізі |
| |
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Қолы_________________________________________
Toggle Dropdown
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні және
Toggle Dropdown
тізімді құрастырған тұлғаның қолы)