Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы № 171
бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары
1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі – ҚПО) қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудың тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. ҚПО тәртіптік жазалар тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылады.
3. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза салу үшін негіз болып табылады.
4. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерге тәртіптік жазалардың келесі түрлері қолданалады:
4) қызметке толық сәйкес еместігi туралы
5) атқаратын лауазымынан босату;
6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бiр саты төмендету;
7) құқық қорғау органдарынан шығару;
8) құқық қорғау органының басшылары немесе уәкiлеттi басшылар берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төсбелгілерінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару;
9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару.
Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 13 ) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептермен жұмыстан шығарылған кезінде қолданылады.
5. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін анықтау кезінде қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдарлардың болуы және ҚПО беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі.
6. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда басшы қызметтік тергеу жүргізбей, жазаны қолданады.
7. Қызметкердің тәртіптік теріс қылықты жасауының мән-жайын анықтауды талап етпейтін айқын фактілер (қызметтік және орындау тәртібін бұзу) бар болған жағдайда, оның тікілей басшыларының ұсыныстары бойынша қызметтік тергеулер жүргізбестен, тәртіптік жазалар қолданылады.
Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс тәртіптік қылық жасағаны жөніндегі фактімен келіспеген жағдайда, қызметтік тергеу жүргізіледі.
8. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы атқаратын лауазымынан босату және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12 ), 14 ), 16) тармақшалары бойынша ҚПО-дан шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері және Тәртіптік комиссияның тиісті ұсыныстары бойынша қолданылады.
9. Егер жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайын, қызметкердің жеке басын, оның қызметке қатынасын, туындаған салдарлардың болуын, ҚПО беделіне нұқсан келтіруін ескерген жағдайда, қызметке толық сәйкес еместігі туралы атқаратын лауазымынан босату немесе жұмыстан шығару ретіндегі тәртіптік жазалардың түрлері қолданылуы қажет болса, онда қызметтік тергеу қорытындысы міндетті түрде тек Тәртіптік комиссияның қарауына енгізіледі.
Аппарат, жедел немесе басқа да мәжілістерде қызметтік тергеу қорытындыларын қарауға жол берілмейді.
10. Бірнеше қызметкер бірлесіп тәртіптік теріс қылық жасаған кезде жаза әр кінәліге жеке-жеке қолданылады.
11. Қызметтік тәртiптiң бұзылуының әрбiр жағдайы үшiн бір тәртіптік жаза ғана қолданылады.
12. Жаза қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді міндеттерін атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жауапкершілік түрлерінен босатпайды.
13. Қабылданған шешім туралы жазалауға тартылған қызметкерге бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Қызметкер танысудан бас тартқан немесе танысқанын өз қолымен растаудан жалтарған жағдайда бұл туралы акт толтырылады және жазалау туралы шығарылған бұйрыққа тиісті жазба жазылады.
Қызметкерді тәртіптік жаза салу туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жазалау туралы бұйрықтың көшірмесі хабарламамен бірге хат арқылы қызметкерге жолданады.
Жазалауға тартылған қызметкер басқа өңірде қызмет өткерген кезде жұмыс орны бойынша жазалау туралы бұйрықтың көшірмесі жолданады, онымен ол осы органға бұйрық келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таныстырылады.
14. Жаза тәртіптік теріс қылық мәлім болған күннен бастап бір айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қолданылады.
Қызмет бабында қызметкер бағынатын адамға тәртіптік жаза қолдану құқығы берілгеніне не берілмегеніне қарамастан, тәртіптік теріс қылық жасалғаны туралы белгілі болған, бір айлық мерзім басталатын күн тәртіптік теріс қылық байқалған күн болып есептеледі.
15. Қызметтік тергеу жүргізген, сотпен қаралған қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайда, тәртіптік жаза кінәлінің науқастануына немесе демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тергеу аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы процессуалдық шешім қабылданған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей салынады.
16. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс қысқартылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық бар болған кезде жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
17. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған жағдайда, тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық жасалғаны мәлім болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.
18. Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз, демалыста немесе iссапарда болған кезеңде, сондай-ақ егер тәртіптік терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан астам уақыт өткен жағдайда, оған тәртiптiк жаза қолданылмайды.
19. Қызметкерге, оның сұрау салу бойынша өзін тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдар танысу үшін беріледі.
20. Қызметкерге қолданылған тәртiптiк жазаның мерзiмi оның қолданылған күнiнен бастап алты айдан аспайды. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
Тәртіптік жазаның мерзімі өткенге дейін қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыруға жол берілмейді.
21. Егер қызметкерге тікелей басшының құқықтары шегiнен шығатын жазалау шараларын қолдану қажет болса, онда ол бұл туралы жазалау шараларын қолдануға уәкілетті жоғары тұрған лауазымды адамға өтiнiш білдіреді.
22. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызмет барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, атқарып отырған лауазымынан босатуды және арнаулы (әскери) атақтарын бір сатыға төмендетуді қоспағанда, жаза алты ай өткенге дейін алынады. Тәртіптік жазаны алу құқығы тәртіптік жазаны салған бастыққа беріледі.
23. Атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартқан жағдайда оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін одан әрі ауысу және (немесе) қызмет бойынша жылжу «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген тәртіпте жүргізіледі.
24. Арнаулы атақтары төмендетілген қызметкерлерге атқарып отырған штаттық лауазымына қарамастан, қаржы полициясы органы басшысының бұйрықтарымен бұрынғы арнаулы немесе әскери атақтары қайта беріледі, бірақ арнаулы атақтары төмендетілген күннен бастап алты айдан ерте берілмейді.
25. Салынған тәртіптік жазалар туралы жазаланған қызметкерлердің жеке істеріне мәліметтерді міндетті түрде енгізе отырып, жеке құрамның назарына жеткізіледі.
26. Жауапкершілікке тартылған қызметкер бөлімше басшысының әрекетімен немесе шешімдерімен келіспеген жағдайда, ол осы әрекетке және шешімге жоғары тұрған ҚПО немесе сотқа жазбаша түрде шағымданады.
Жаза салу туралы шешімге шағымдану оны орындауға келтіруді тоқтатылмайды.
27. Бұйрықпен жарияланған барлық тәртіптік жазалар қызметкердің жеке ісіне жазылады.
28. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау туралы бұйрықтардың түпнұсқалық (бірінші) көшірмелері осы бұйрықтарды шығарған қаржы полициясы органдарында сақталады.
Бұйрықтардың көшірмелері немесе олардың үзінділері бұйрықта атап көрсетілген қызметкерлердің дербес және штаттық-лауазымдық есебін жүргізетін кадр бөлімшелеріне және қызмет орны бойынша қаржы полициясы органдарына жіберіледі.