Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) Төрағасының
2014 жылғы 12 мамырдағы № 171
бұйрығына 7-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында тәртіптік комиссияны құру және жұмыс жасау қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында тәртіптік комиссияны құру және жұмыс жасау туралы осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) Тәртіптік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Комиссия тұрақты алқалық орган болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2002 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы», 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерін) (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі), осы Қағидаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Toggle Dropdown
3. Комиссияның міндеті қызметтік тергеу материалдарын қарау және ҚПО қызметкерлерінің және (немесе) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің теріс қылықты жасау мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеу, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) орталық аппаратында Агенттік Төрағасына, аумақтық ҚПО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Департамент) және Қаржы полициясы академиясы (бұдан әрі - Академия) бастықтарына (бұдан әрі – уәкілетті басшы) оларға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған және (немесе) Ар-намыс кодексінің бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты тәртіптік жазалау шаралары туралы ұсынымдар енгізу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Комиссия өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) ҚПО қызметкерлерінің және (немесе) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің теріс қылық жасау туралы қызметтік тергеу материалдарын қарайды;
Toggle Dropdown
2) ҚПО қызметкерлерінің және (немесе) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің теріс қылық жасауының анықталған мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті тексереді;
Toggle Dropdown
3) жаза салудың орындылығы және оның түрі, дұрыстығы немесе материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік өндіріс қозғау туралы мәселені шешу үшін ҚПО тиісті бөлімшелеріне жолдау туралы ұсынымды Агенттік Төрағасына, уәкілетті басшыға енгізу туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
4) ҚПО қызметкерлерін және (немесе) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Toggle Dropdown
5. Комиссия өз өкілеттіктері шегінде:
Toggle Dropdown
1) тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адамдарды, куәларды, көзбен көрген адамдарды, қызметтік тергеуді жүргізілген қызметтің немесе кадр қызметтің өкілдерді өз отырыстарында тыңдайды, теріс қылыққа қатысты әр түрлі фактілерді зерттейді;
Toggle Dropdown
2) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық ҚПО, Академияның, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларынан өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратады;
Toggle Dropdown
3) қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан тұлғаның лауазымдық міндеттерді орындаудан бір айдан аспайтын мерзімге және (немесе) мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оның жауапкершілігі туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ он төрт күннен аспайтын мерзімге уақытша шеттету туралы ұсынымды Агенттік Төрағасына, уәкілетті басшыға енгізеді.
Toggle Dropdown
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
6. Комиссия Комиссияның төрағасынан, мүшелері мен хатшысынан тұрады.
Toggle Dropdown
Комиссияның дербес құрамын ҚПО орталық аппаратында Агенттік Төрағасы, аумақтық бөлімшелерінде уәкілетті басшы бекітеді. Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.
Toggle Dropdown
Комиссияның қызметіне қандай да бір түрде араласуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Toggle Dropdown
8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мүшелерінің үштен екі бөлігі бар болған жағдайларда өткізіледі.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда, егер мәселелерді қарастыру мемлекеттік құпияны қозғайтын болса, онда Комиссия төрағасының шешімімен жабық отырыстар өткізіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысы қызметтік тергеу жүргізілген тұлғаның қатысуымен өткізіледі.
Toggle Dropdown
9. Егер тәртіптік жауапкершілікке тартылатын тұлға отырыстың өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етіліп, оған дәлелсіз себептермен келмеген немесе Комиссия отырысына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметтік тергеу материалдары Комиссия отырысында тұлғаның қатысуынсыз қарастырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Отырыстың өткізілуіне дейін үш күнтізбелік күн қалғанда тұлға жазбаша түрде хабарландырылады, хабарламаны алудан бас тарту қызметтік тергеу материалын қарастыру үшін кедергі бола алмайды.
Toggle Dropdown
10. Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің қарапайым көп дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Комиссияның шешімі Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Toggle Dropdown
11. Қаралған материал қорытындысы бойынша Комиссия Агенттіктің орталық аппаратында Агенттік Төрағасына, аумақтық ҚПО және Академияда уәкілетті басшыға төмендегілердің:
Toggle Dropdown
1) тәртіптік жаза қолданудың орындылығы мен оның нақты түрі туралы;
Toggle Dropdown
2) негізсіздігіне, заңсыздығына немесе жазаны қолдану мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тәртіптік жазаны қолданудың орынсыздығы туралы;
Toggle Dropdown
3) қарастырылған тұлғаның іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар болған жағдайда қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға, соның ішінде ҚПО тиісті бөлімшелеріне материалдар жолдау туралы ұсыныстардың біреуін енгізеді.
Toggle Dropdown
12. Агенттік төрағасы, уәкілетті басшы Комиссияның ұсынысымен келіспеу жағадайында ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне қосымша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырады.
Toggle Dropdown
Қосымша қызметтік тергеудің материалдарын Комиссияның басқа құраммен қарастыралады.
Toggle Dropdown
13. Комиссия Төрағасы:
Toggle Dropdown
1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді;
Toggle Dropdown
2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін, өткізу уақыты мен орнын, шақырылған тұлғалар тізімінің шеңберін анықтайды.
Toggle Dropdown
3) Комиссия отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
Toggle Dropdown
4) Комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттерін анықтайды;
Toggle Dropdown
5) қажеттілігіне қарай Агенттік Төрағасына, уәкілетті басшыға Комиссия қызметі туралы баяндайды.
Toggle Dropdown
14. Комиссия мүшелері:
Toggle Dropdown
1) тәртіптік жауапкершілікке тартылатын тұлғаларына қатысты келіп түскен материалдарды зерделейді;
Toggle Dropdown
2) Комиссия төрағасына тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе жауапкершіліктен босату мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға, соның ішінде ҚПО тиісті бөлімшелеріне жолдау туралы ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
15. Комиссия мүшелері ағымдағы жұмысқа қатысады және дауыс беру кезінде қалыс қалмайды.
Toggle Dropdown
16. Өзiнiң жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын тұлғаға қатысты немесе Комиссия мүшесiнiң осы тексеруге жеке басының, тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болса, Комиссия мүшесi терiс қылыққа қатысты қызметтiк тексеру материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатыспайды.
Toggle Dropdown
17. Комиссия хатшысы:
Toggle Dropdown
1) Комиссия мүшелерін отырыс уақыты мен орны жөнінде ақпараттандырады;
Toggle Dropdown
2) Комиссия отырыстарына материалдар мен қажетті құжаттарды дайындады;
Toggle Dropdown
3) қабылданатын шешімдердің жобаларын әзірлейді және Комиссия мүшелерімен келіседі;
Toggle Dropdown
4) Комиссия отырысының хаттамаларын жүргізеді.
Toggle Dropdown
Комиссия хатшысы кадр қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссияның барлық материалдары кадр қызметінің номенклатуралық ісінде сақталады.
Toggle Dropdown
4. Комиссия шешімдеріне шағымдану
Toggle Dropdown
18. Ұсыну берілген қатысты тұлғасы Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, Агенттік Төрағасына, уәкілетті басшыға немесе сотқа шағымданады.