«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 12115 болып тіркелді
Редакция 20.05.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев ________________ 2015 жылғы 24 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова _____________ 2015 жылғы 14 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов ______________ 2015 жылғы 10 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ. Қасымов _______________ 2015 жылғы 27 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздіқ комитетті төрағасы Н. Әбіқаев _______________ 2015 жылғы 23 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі бұдан әрі Заң 76-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген, әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Халықаралық тасымалдарды орындау кезiнде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын елдiң заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) авиакомпания шарттары – жолаушыларды, багажды және почтаны әуеде тасымалдау кезінде қолданылатын авиакомпания белгілеген шарттар, нұсқаулықтар және технологиялар, сондай-ақ тарифтерді қолдану шарттары, стандарттар, жолаушылар мен багажға қызмет көрсету нұсқаулары, жолаушылардың өтініштерін, шағымдары мен талаптарын қарау тәртібі;
3) алушы – жүкқұжатта жүктi алушы ретiнде көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға;
4) алым – авиакомпания алатын және енгiзетiн және жолаушыларды, багажды, жүк пен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау құнына кiретiн әуежай және отын алымдары;
5) ақылы багаж түбiртегi – тегiн алып жүрудің белгіленген нормасынан артық багажды немесе тасымалдауы міндетті төлеуге жататын заттарды тасымалдау төлемiн растайтын, сондай-ақ багаждың жарияланған құндылығы үшiн алынатын алымдарды растайтын құжат;
6) арнайы тариф – бұл авиакомпания белгілейтін арнайы шарттар мен шектеулері бар экономикалық класс тарифтері;
7) әуе желiсi – араларында тұрақты әуе тасымалдары жүзеге асырылатын пункттердi анықтайтын белгiленген желi;
8) әуе кемесінің бортындағы жайлылық – жолаушыларға белгілі бір физикалық-гигиеналық жағдай және бортсеріктердің оларға қызмет көрсету қолайлылығын жасауға арналған, жолаушылар кабинасының жайғастырылуына, интерьеріне және қажетті жабдықтармен және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен (электр, оттегі, авариялық-құтқару жүйесі, сумен жабдықтау, кәріз, қысымды, газ құрамын және ауаны баптауды реттеу) жарақтандырылуына байланысты тұрмыстық жағдайлар, қолайлылықтар және климат жиынтығы;
9) әуе тасымалдары – жеке және заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн әуе кемесiмен тасымалдау жөніндегі қызметi;
10) әуежай – әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшiн әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажеттi ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
11) багаж – әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары;
12) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүктi (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акт – бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрілген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада жолаушының (алушының) қатысуымен ресiмдейтiн, авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат;
13) багаждың, жүктiң зақымдануы (бұзылуы) – тасымалдау кезiнде багаждың, жүктiң немесе багаждың, жүктiң бiр бөлiгiнiң өзiнiң бастапқы мақсатында толық немесе ішінара пайдаланыла алмайтындай жарамсыз жағдайға келуi (өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтады);
14) белгiлi бiр қызмет көрсету класының тарифi – бірінші, бизнес, экономикалық сияқты қызмет көрсетудің тиісті класының тарифі, оларды қолдану шартын авиакомпания бекітеді;
15) брондаұ – бiрегей цифрлық-әрiптiк код беріле отырып, ұшу ақпаратынан және жолаушы, багаж немесе жүк туралы өзге де ақпараттан тұратын авиакомпанияның жаһандық дистрибутивтік жүйесінде электрондық жазбамен расталатын әуе кемесiнде жолаушыларды тасымалдау үшін, сондай-ақ багаж бен жүктерді тасымалдауға арналған жүк көлемi үшiн орындарды алдын ала бөлу. Брондаұға екі мәртебе беріледі – «Сатылмады» және «Сатылды»;
16) жеке қызмет көрсету – жолаушыларға ұшаққа отырған сәтінен бастап және олардың межелі пунктке келген сәтіне дейін тілектестік жағдай, психологиялық жайлылық жасау;
17) жолаушы билеті (бұдан әрі – билет) – авиакомпания не оның уәкілетті агенттерi беретiн, жолаушының әуеде тасымалдау шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен авиакомпания арасында әуеде тасымалдау шартының жасалғанын растайтын жолаушыны тасымалдауға арналған құжат;
18) жолаушы – экипаж құрамына кiрмейтiн және әуе тасымалы шартына сәйкес немесе өзге де заңды негiздерде әуе кемесiнде тасымалданатын жеке тұлға;
19) жолаушы купоны (Passenger Coupon) – жолаушыны және оның жүгiн әуеде тасымалдау шартының жасалғанын куәландыратын, электрондық-цифрлық жазба түрінде немесе қағаз тасығышта (қатаң есептілік бланкі) ұсынылған билет бөлiгi;
20) жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушылардың әуе тасымалын ресімдеуге және жүзеге асыруға және оларға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтердің міндетті ассортиментін ұсынуға байланысты рәсімдерді орындау жөніндегі пайдаланушының қызметі;
21) жолаушылар кабинасы – әуе кемесі фюзеляжының тиісті жабдықтармен жарақталған, жолаушылар мен бортсеріктерді орналастыруға арналған жолаушылар салондарынан, тұрмыстық және қосымша үй-жайлар жиынтығынан тұратын бөлігі;
22) жолаушылар салоны – әуе кемесі жолаушылар кабинасының жолаушылар креслоларымен жабдықталған және жолаушыларды орналастыруға арналған бөлігі;
23) жөнелту әуежайы (пунктi) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушыларды, багажды немесе жүктi тасымалдау басталатын әуежай (пункт);
24) жөнелтуші – жүктi жөнелтетін заңды немесе жеке тұлға;
25) жүкқұжат (Air Waybill) – әуе тасымалы, оның шарттары мен жүктi әуе желiлерi арқылы тасымалдауға қабылдау шартының жасалғанын куәландыратын әуе тасымалы құжаты;
26) жүк – почтаны, борттық қорларды және багажды қоспағанда, әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын кез келген мүлiк;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |